Arna Press,
сегодня
в 19:18
Қазақстанда жүргізуші куәлігін алуға үміткерлер үшін жаңа мүмкіндік іске қосылды, деп хабарлайды Arnapress.kz Ұлттық ақпараттық технологиялар баспасөзіне сілтеме жасапЕнді жол жүрісі қағидалары (ЖЖҚ) бойынша теориялық емтиханды қашықтан тапсыруға болады. Әзірге бұл қызмет Астана қаласында пилоттық режимде қолжетімді.
Arna Press,
20 ноября 2026
в 15:48
Қазақстанда 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарындағы бірқатар медицина қызметкерлерінің, психологтер мен әлеуметтік қызметкерлердің жалақысын көтеру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Arnapress.kz «Ашық НҚА» порталына сілтеме жасап.«Ашық НҚА» порталында жарияланған құжатқа сәйкес, учаскелік қызмет мамандарына еңбек өтіліне байланысты қосымша ақы төлеу қарастырылған.Атап айтқанда, алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында үздіксіз жұмыс істегені үшін:екі жылдан астам еңбек өтілі бар қызметкерлерге лауазымдық жалақысының 20 пайызы; үш жылдан астам еңбек өтілі бар мамандарға 30 пайызы; бес жылдан астам еңбек өтілі бар қызметкерлерге 50 пайызы мөлшерінде қосымша ақы төлеу ұсынылған.Бұл норма учаскелік терапевтерге, педиатрларға, жалпы практика дәрігерлеріне, учаскелік және жалпы практика мейіргерлеріне, фельдшерлерге, акушерлерге, патронаждық және мектеп мейіргерлеріне қатысты.Сонымен қатар халықты медициналық және әлеуметтік тұрғыдан сүйемелдеуге тікелей қатысатын мамандарға да қосымша ақы белгілеу көзделген.
Arna Press,
20 ноября 2026
в 14:58
Абай облысының Березовский кентінде Семей қаласы полиция басқармасының қызметкерлері «Бірыңғай профилактика күні» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап. Атап айтқанда, аумақты тексеру кезінде ұшқышсыз ұшу аппараты пайдаланылып, көшелер мен жолдар бақыланды.
Arna Press,
18 ноября 2026
в 18:38
Құрылтай «2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңды екінші оқылымда мақұлдап, үшінші оқылымда қабылдады. Құжаттың бірінші оқылымы биыл 14 қазанда өткен болатын, деп хабарлайды Arnapress.kz Құрылтайға сілтеме жасап.Жаңа бюджетте әлеуметтік бағыттылықты сақтау басты назарға алынған.
Arna Press,
16 ноября 2026
в 18:48
Семей қаласындағы Мұхамедханов көшесі, №77 үй маңында көлік қозғалысының жылдамдығы 40 км/сағ-қа дейін шектеледі, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап. Бұған 9 қарашада аталған учаскеде кәмелетке толмаған баланы көлік қағып кеткен жол-көлік оқиғасы себеп болды.Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері бағдаршам орнату туралы ұсыныс жолдады.
Arna Press,
11 ноября 2026
в 19:08
Семей қаласында 11 қараша күні сағат 15:40-та жүргізілген іздестіру жұмыстары барысында полиция қызметкерлері бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен 1982 жылы туған Ринат Ахметовтің мәйітін тапты, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаменті баспасөзіне сілтеме жасап. Бұған дейін, іздестіру шаралары барысында 9 қарашада Бородулиха ауданына қарасты Алексеевка ауылынан шамамен 15 шақырым жердегі жырадан Ринат Ахметов мінген Lexus LX 570 автокөлігі табылған.«Марқұмның денесі Бородулиха ауданына қарасты Нововасильевка ауылынан шамамен 35 шақырым қашықтықтағы ашық далада табылған.
Arna Press,
11 ноября 2026
в 16:48
«Семей медицина университеті» КеАҚ Университеттік госпиталінде төменгі аяқ-қолдардың варикозды ауруының асқынуына байланысты пациентке хирургиялық ем жүргізілді, деп хабарлайды Arnapress.kz ӘМСҚ Абай облыстық филиалына сілтеме жасап.«Пациент қабылдау бөліміне сол жақ балтырдағы кеңейген теріасты веналарының бойында ауырсынатын тығыздалу мен қызаруға шағымданып жүгінген.
Arna Press,
09 ноября 2026
в 16:48
Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымын бақылауды күшейтуді ұсынып отыр, деп хабарлайды Arnapress.kz минстрлікке сілтеме жасап. Жаңа шаралар халықты сапасыз, жалған және тіркелмеген препараттардан қорғауға бағытталған.Осы мақсатта Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктері бірлескен бұйрық жобасын әзірледі. Құжатта дәрілік заттарды сату кезіндегі заңбұзушылықтарды анықтау және бақылау тәртібін жетілдіру қарастырылған.«Тиісті лицензиясыз дәрі сатуға, тіркелмеген және жалған препараттарды өткізуге, сондай-ақ рецептімен босатылатын дәрілерді заңсыз сатуға ерекше назар аударылады.
Arna Press,
06 ноября 2026
в 17:28
Қазақстанда перзентханалар, балалар стационарлары мен жедел медициналық жәрдем станцияларының басшылары және олардың орынбасарларын аттестаттау жалғасып жатыр. 2026 жылғы 2 қарашадағы мәлімет бойынша тестілеуге қатысқандардың 20 пайызы қажетті өту балын жинай алмаған, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Arna Press,
07 сентября 2026
в 14:28
Павлодар облысында жүктілік туралы жалған медициналық анықтаманы пайдалану фактісі анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Бас прокуратураға сілтеме жасап. Аталған құжат мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасаған әйелге әкімшілік қамақтан жалтаруға мүмкіндік берген.Прокуратура жүргізген тексеру барысында анықтаманың жалған екені анықталып, нәтижесінде сот әйелді 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алды.Жалған медициналық құжатты рәсімдеуге байланысты пара алу және дәлелдемелерді бұрмалау фактілері бойынша кінәлі тұлға сотталды.
Arna Press,
31 августа 2026
в 13:08
Жаңа оқу жылы қарсаңында Абай облысында оқушыларды тасымалдау қауіпсіздігіне ерекше назар аударылуда, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап. Полиция қызметкерлері мектеп автобустарының техникалық жағдайын, жүргізушілердің құжаттарын, медициналық тексеруден өтуін және балаларды тасымалдауға қойылатын талаптардың сақталуын тексеруде.Сонымен қатар жүргізушілердің белгіленген жылдамдық режимін сақтауына, оқушыларды автобусқа отырғызу және түсіру тәртібіне ерекше мән берілуде.
Arna Press,
26 августа 2026
в 13:28
Рейдтік іс-шара барысында түнгі сағат 00:00 шамасында полиция қызметкерлері «Газель» автокөлігін тоқтатып, 25 жастағы жүргізушіні тексерді, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.Медициналық куәландыру нәтижесінде оның орта дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.Мас күйінде рөлге отыру — тек жүргізушінің емес, жолдағы барлық азаматтардың өміріне қауіп төндіреді.Бір отбасы баласының амандығын күтіп отыруы мүмкін.
Arna Press,
25 августа 2026
в 10:58
Семей қаласында полиция қызметкерлері рейдтік іс-шара барысында алкогольдік масаң күйде көлік басқарған жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.Оқиға 23 тамыз, сағат 12:40 шамасында болған. Полиция қызметкерлері Chevrolet Cobalt автокөлігін тоқтатып, 53 жастағы жүргізушіні тексерді.
Arna Press,
21 августа 2026
в 14:28
Қазақстан азаматтарына Корея Республикасында заңды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін Employment Permit System (EPS) жүйесі бойынша іріктеу тәртібі түсіндірілді, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.Практикалық іріктеу Алматы қаласында EPS орталығы ашылғаннан кейін басталады.
Arna Press,
12 августа 2026
в 13:38
Павлодарда жаңа туған нәрестені заңсыз сату фактісі бойынша қылмыстық іс қаралып, сот үкімі шықты, деп хабарлайды Arnapress.kz Баспрокуратураға сілтеме жасап.Сотта анықталғандай, 2002 жылы туған Түркістан қаласының тұрғыны материалдық қиындықтарға байланысты әлі дүниеге келмеген баласын ақшаға сатуды жоспарлаған.
Arna Press,
07 августа 2026
в 13:58
Қазақстанда есту қабілеті бұзылған азаматтарға медициналық көмектің қолжетімділігі кеңейтілді, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.Енді медициналық көрсетілімдер болған жағдайда пациенттер мүгедектік мәртебесіне қарамастан есту аппараттарымен қамтамасыз етіледі.
Arna Press,
06 августа 2026
в 12:28
Абай облысында профилактикалық рейд барысында полицейлер күмән тудырған Mazda 626 автокөлігін тоқтатты, деп хабарлайд Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.Құжаттарын тексеру кезінде 49 жастағы жүргізушінің қимыл-қозғалысы мен сөйлеу мәнерінен күдік туындағанымен, алкогольдің иісі анықталмаған.Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша жүргізушінің есірткілік масаң күйде болғаны белгілі болды.
Arna Press,
04 августа 2026
в 12:38
«СҚ-Фармация» бірыңғай дистрибьюторы азаматтарға тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету туралы ақпаратты жедел алуға мүмкіндік беретін жаңа чат-ботты іске қосты, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. Жаңа сервис арқылы пайдаланушылар дәрілік препаратты алу мәртебесін тексеріп, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тәртібі туралы мәлімет алып, сондай-ақ жиі қойылатын сұрақтарға жауап таба алады.
Arna Press,
03 августа 2026
в 13:38
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде заңсыз қаржы алу схемаларын анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚМА баспасөзіне сілтеме жасап.Тергеу барысында шамамен 140 мың азаматтың медициналық ұйымдарға жалған тіркелгені және көрсетілмеген медициналық қызметтер туралы жалған мәліметтердің енгізілгені белгілі болды.Қазіргі таңда аталған фактілер бойынша 36 қылмыстық іс тергелуде.
Arna Press,
30 июля 2026
в 11:48
Абай облысында TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир барысында қоғамдық тәртіпті бұзған бойжеткен әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Arnapress.kz Polisia.kz сілтеме жасап. Полицияның мәліметінше, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында құқыққа қайшы контент анықталған.
Arna Press,
27 июля 2026
в 14:18
Қазақстанда босандыру қызметін көрсететін барлық 69 медициналық ұйымда 15 тамызға дейін ауқымды тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. Тиісті тапсырманы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова берді.Тексеру барысында инфекциялық бақылау талаптарының сақталуы бағаланып, аналар мен жаңа туған нәрестелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ауруханаішілік инфекциялардың алдын алуға ерекше назар аударылады.Министрліктің мәліметінше, тексерудің негізгі мақсаты — айыппұл салу емес, тәуекелдердің алдын алу, медициналық көмектің сапасын арттыру және инфекциялық бақылау жүйесін жетілдіру.Сонымен қатар өңірлік денсаулық сақтау басқармаларына медициналық ұйымдарды заманауи жабдықтармен, дезинфекция құралдарымен, жеке қорғаныш құралдарымен және бір реттік медициналық материалдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ медицина қызметкерлерін тұрақты оқыту тапсырылды.Бұдан бөлек, антибиотиктерге төзімділіктің алдын алу мақсатында бактерияға қарсы препараттарды тек дәрігер рецептісімен босатуға бақылау күшейтіледі.Тексеру нәтижелері бойынша әр өңірде инфекциялық бақылау жүйесін жетілдіруге арналған жол карталары әзірленіп, іске асырылады.Фото: ЖИ
Arna Press,
24 июля 2026
в 17:58
Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында прокурорлар 611 педагогтың жеке деректерінің заңсыз таралуына жол бермеді, деп хабарлайды Arnapress.kz ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Прокуратура жүргізген талдау барысында ауданның мектептері мен балабақшалары мемлекеттік сатып алу порталында міндетті медициналық тексеру қызметтерін сатып алу туралы хабарландыру жариялаған кезде құжаттарға қызметкерлердің толық тізімін тіркегені анықталған.Нәтижесінде ашық қолжетімділікке педагогтардың аты-жөні, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), атқаратын лауазымы, тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары жарияланған.
Arna Press,
22 июля 2026
в 20:08
2026 жылғы 25 тамыздан бастап Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» заңына енгізілген өзгерістерге түсініктеме берді, деп хабарлайды Arnapress.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.Ең алдымен, 65 жастан асқан жүргізушілер мен мүгедектігі бар жүргізушілер екі жылда бір рет міндетті медициналық тексеруден өту қажеттігін екенін еске саламыз.
Arna Press,
20 июля 2026
в 14:28
Абай облысында мас күйінде көлік жүргізушілерге қатысты бақылау күшейтілген. Полицияның мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері өңірде алкогольдік масаң күйде көлік басқарудың 428 дерегі анықталған, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап. Соңғы бір аптаның өзінде 35 құқық бұзушылық тіркелді.
Arna Press,
20 июля 2026
в 13:09
Енді Қазақстанда медицина мамандарын даярлау өңірлердің нақты сұранысына қарай жоспарланады, деп хабарлайды Arnapress.kz Ашық НҚА порталына сілтеме жасап. Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген жаңа қағидалар жобасына сәйкес, медициналық жоғары оқу орындарына бөлінетін гранттар мен студенттер саны әр аймақтағы дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне деген қажеттілік негізінде айқындалады.Жоспарлау барысында халық саны, сырқаттану деңгейі, медицина мамандарымен қамтамасыз етілуі және өңірдегі ауруханалар мен емханалардың даму көрсеткіштері ескеріледі.Министрлік бұл өзгеріс кадр тапшылығын азайтып, денсаулық сақтау жүйесін қажетті мамандармен тиімді қамтамасыз етуге және медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Arna Press,
16 июля 2026
в 13:28
Астанада базар аумағындағы екі қабатты әкімшілік ғимаратта газ-ауа қоспасының жарылысы болды, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Алдын ала мәлімет бойынша, көлемі 50 литрлік композиттік газ баллонының герметикалығы бұзылып, соның салдарынан жарылыс орын алған.
Arna Press,
15 июля 2026
в 17:18
Қазақстанда суррогат ана қызметіне қатысты заңнамаға маңызды өзгерістер енгізілді. 2026 жылғы 14 шілдеде Мемлекет басшысы мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Arnapress.kz prg.zanger сілтеме жасап.Құжат аясында «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекске де түзетулер енгізілді.Жаңа талаптарға сәйкес, суррогат ана қызметіне тек заңды некеде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары ғана жүгіне алады.
Arna Press,
13 июля 2026
в 11:18
Қазақстанда алғаш рет қан донорларына арналған «Құрметті донор» ведомстволық төсбелгісі тағайындалды, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. Тиісті қаулыға Қазақстан Республикасы Үкіметі қол қойды. Алғашқы кезеңде марапат талаптарға толық сәйкес келетін 481 тұрақты донорға табысталады.
Arna Press,
29 мая 2026
в 13:28
Абай облысында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін 65 нысанның құрылысы толық аяқталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов Аягөз ауданы тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.Жалпы еліміз бойынша 813 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілсе, оның 655-і ұлттық жоба аясында жүзеге асырылған.
Arna Press,
28 мая 2026
в 13:48
Абай облысының тұрғыны жүргізуші куәлігін ауыстыру кезінде күтпеген жағдайға тап болған. Ол мемлекеттік қызметтер порталы арқылы құжат рәсімдеуге өтініш берген сәтте психиатриялық есепте тұрғаны туралы мәлімет шыққан, деп хабарлайды Arnapress.kz Жоғарғы сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осыдан кейін азамат аурухана мен облыстық денсаулық сақтау басқармасын сотқа беріп, өзін психиатриялық есепке қоюды заңсыз деп тануды және психикалық науқастардың ұлттық тізілімінен мәліметтерін алып тастауды талап еткен.Іс барысында медициналық мекеме комиссиясы талап қоюшыны есепке қою туралы ақпараттың қате енгізілгенін анықтаған. Қорытындыға сәйкес, азамат тиісті медициналық куәландырусыз және диспансерлік бақылау тәртібін бұза отырып есепке алынған.Алайда уәкілетті орган аурухананың бұл мәліметтерді ақпараттық жүйеден жою туралы өтінішін қараусыз қалдырған.Медициналық мекеме өкілдері талап қоюшының амбулаториялық картасы сақтау мерзімінің аяқталуына байланысты жойылғанын айтқанымен, оны растайтын құжат ұсынылмаған.Ал денсаулық сақтау басқармасының өкілі мәліметтерді тізілімнен алып тастау үшін азамат дәрігерлік-консультациялық комиссияның тексеруінен өтуі қажет екенін мәлімдеген.Абай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты іс материалдарын қарап, талап қоюшыны психиатриялық есепке қою заңсыз болған деген қорытындыға келген.Сот барысында жауапкерлер азаматтың психиатриялық көмекке жүгінгенін, медициналық куәландырудан өткенін, клиникалық бақылауда болғанын немесе медициналық көмек көрсетуге келісім бергенін дәлелдей алмаған.Нәтижесінде сот талап қоюды қанағаттандырып, аурухана мен денсаулық сақтау басқармасына азамат туралы мәліметтерді психикалық науқастардың ұлттық тізілімінен алып тастауды міндеттеді.Фото: ЖИ