Популярные темы

мемлекеттік: новости — страница 23

Абай облысындағы орман өртінде қаза болған қызметкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Arna Press, 11 июня 2023 в 12:38

Абай облысындағы орман өртінде қаза болған қызметкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
ҚР Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Абай облысындағы өрт кезінде қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің суреттерін жариялады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«8 маусымда сағат 22:00-де «Семей Орманы» МОТР Жаңашүлбі филиалының 14 қызметкерімен байланыс үзілді.

Қазақстанда ХҚКО-лар бірқатар қызмет түрін уақытша тоқтатады

Arna Press, 09 июня 2023 в 11:58

Қазақстанда ХҚКО-лар бірқатар қызмет түрін уақытша тоқтатады
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қазақстандағы халыққа қызмет көрсету орталықтары 9 маусымнан бастап кейбір қызметтерді көрсетуді тоқтататынын хабарлады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Ішкі істер министрлігі жағындағы техникалық жұмыстарға байланысты 9 және 10 маусымда еліміздің барлық халыққа қызмет көрсету орталығында мынадай қызметтерге өтініштерді қабылдауды уақытша тоқтатады:Сурет: Tengrinews.kz

Бородулиха ауданындағы өрттің аумағы 2000 га жетті

Arna Press, 09 июня 2023 в 10:58

Бородулиха ауданындағы өрттің аумағы 2000 га жетті
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдары орман шаруашылығына өртті жоюға жәрдемдесуде, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ТЖМ, Орман шаруашылығы комитеті, ЖАО және Қорғаныс министрлігінің 300 астам адамы, 70 техникасы жұмылдырылды. 4 тікұшақ тартылды, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына су ағызу жүзеге асырылуда.

ШҚО-да қос азаматтық үшін 20 адам жауапқа тартылды

Arna Press, 08 июня 2023 в 21:08

ШҚО-да қос азаматтық үшін 20 адам жауапқа тартылды
Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында қос азаматтықты ресімдеу кезінде анықталған бұзушылықтар үшін 20 азамат жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оның ішінде шетел азаматтығын алғаннан кейін құжаттарды уақтылы тапсырмағаны үшін 13 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың үшеуі сот шешімімен Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығарылды.«Ағымдағы жылдың мамыр айында Көші-қон қызметінің қызметкерлері өткен жылдың шілде айында басқа елдің азаматтығын алған Риддер қаласының тұрғынын анықтады, алайда ол туралы ҚР заңнамасында белгіленген мерзімде хабарламаған және Қазақстан Республикасы азаматының құжаттарын мемлекеттік органдарға тапсырмаған», деді Полиция Департаментінде.

Алматы полициясы Оңтүстік Кореядан келген көліктерді заңсыз тіркеудің жолын кесті

Arna Press, 08 июня 2023 в 21:08

Алматы полициясы Оңтүстік Кореядан келген көліктерді заңсыз тіркеудің жолын кесті
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының мәліметінше, бұл тізбекте «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ-ға қарасты мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері, сондай-ақ Оңтүстік Кореядан көлік алып келуді жолға қойған К. есімді азамат күдікті деп танылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.«К. есімді азамат мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен қылмыстық келісімге келіп, Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралдарын тіркеуге негіз болатын құжаттарға жалған мәліметтер енгізгені белгілі болды.

Меморгандардағы тексеріс: жүздеген миллиард теңге болатын заңбұзушылықтар анықталды

Arna Press, 07 июня 2023 в 15:48

Меморгандардағы тексеріс: жүздеген миллиард теңге болатын заңбұзушылықтар анықталды
Жоғары аудиторлық палатасы мен мемлекеттік аудит органдары тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік бюджет қаражатын пайдаланудағы заңбұзушылықтарды анықтады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Аудиторлар дерегіне сәйкес, былтыр қаржылық заңбұзушылықтардың ең көп көлемі әкімдіктердің республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерде, сондай-ақ республикалық бағыныстағы квазимемлекеттік сектор субъектілерінде пайдалану кезіндегі заңбұзушылықтар болған.

Енді Kaspi.kz-те тұрғылықты жері бойынша тіркелуге болады

Arna Press, 06 июня 2023 в 14:48

Енді Kaspi.kz-те тұрғылықты жері бойынша тіркелуге болады
Енді мобильді қосымшада тұрғылықты жері бойынша уақытша немесе тұрақты тіркеуді рәсімдеуге болады, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл қызмет арқылы үй иесі өзін және отбасы мүшелерін (14 жастан асқан балалар), сондай-ақ бірге тұратын басқа да адамдарды өз пәтерінде тіркей алады.

Қазақстандағы арнайы ХҚКО-лар ақауға байланысты жұмысын тоқтатты

Arna Press, 06 июня 2023 в 13:38

Қазақстандағы арнайы ХҚКО-лар ақауға байланысты жұмысын тоқтатты
Қазақстандық арнайы ХҚКО-лар жұмысында техникалық ақау байқалды, қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді ала алмай отырғандарына шағымданды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі мәліметінше, Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті (ӘПК) жағында техникалық ақау пайда болған.«Сіздің назарыңызға ІІМ ӘПК тарапындағы техникалық ақауларға байланысты еліміздің барлық арнайы ХҚКО-сында мемлекеттік қызметтер көрсету тоқтатылғанын жеткіземіз.

Қазақстанда тұңғыш рет жас жазушылар мен ақындар Президенттің әдеби сыйлығын алады

Arna Press, 02 июня 2023 в 14:18

Қазақстанда тұңғыш рет жас жазушылар мен ақындар Президенттің әдеби сыйлығын алады
Қазақстанда 2023 жылы жас таланттарды мемлекеттік қолдау және авторлардың жаңа буынын қалыптастыру үшін тұңғыш рет Президенттің арнайы әдеби сыйлығы беріледі, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап. Президенттік әдеби сыйлықтың иегерлері төрт номинация бойынша анықталады: «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балалар әдебиеті». Әр номинация бойынша жеңімпаздарға 4 миллион теңге, «Президенттік арнаулы әдеби сыйлықтың лауреаты» атағы, диплом мен төсбелгі беріледі.«Байқауға 18 бен 35 жас аралығындағы жазушылар қатыса алады. Өтінімдер 1 маусым мен 30 маусым аралығында қағаз және электронды түрде қабылданады.

Бүгін 27 семейлік тұрғын мемлекет тарапынан үй алды

Arna Press, 01 июня 2023 в 17:58

Бүгін 27 семейлік тұрғын мемлекет тарапынан үй алды
Бүгін әлеуметтік осал топқа жататын 27 қала тұрғыны баспаналы болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Жақында қоныс тойын тойлайтындар арасында көпбалалы отбасылар, ата ана қамқорлығынан айырылғандар мен жалғызбасты аналар бар.Қарағайлы ықшам ауданында салынған жаңа көпқабатты үйлердің жартысы мемлекеттік баспана.

Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарына 1,3 миллиард теңгеден аса жәрдемақы төленеді

Arna Press, 31 мая 2023 в 12:48

Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарына 1,3 миллиард теңгеден аса жәрдемақы төленеді
31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. 2003 жылдан бастап Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақы және арнайы мемлекеттік жәрдемақы ретінде 18,4 миллиард теңге төленді. Биыл бұл мақсатқа 1,3 миллиард теңгеден аса қаражат қарастырылған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.Еңбек министрлігі мәліметінше, қолданыстағы заңнамаға сәйкес саяси қуғын-сүргін құрбандарына және саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен деп танылған азаматтарға 2003 жылдан бастап біржолғы ақшалай өтемақы төленеді.«2003-2022 жылдар аралығында республикалық бюджеттен 2,9 миллиард теңге сомасында біржолғы ақшалай өтемақы төленді. Өтемақы мөлшері 2 588 теңге мен (3/4 АЕК) 345 000 теңге (100 АЕК) аралығында.

Семейде антитеррорлық оқу-жаттығу өтуде

Arna Press, 31 мая 2023 в 11:58

Семейде антитеррорлық оқу-жаттығу өтуде
2023 жылғы 31 мамырда Семей қаласының аумағында антитеррорлық оқу-жаттығуы өткізілуде, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Іс-шараның мақсаты — террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы әрекет ету үшін құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының дайындығын тексеру.«Осыған байланысты, қала тұрғындары жүргізіліп жатқан оқу — жаттығу шараларына байланысты көлік пен халық қозғалысына қойылатын уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырады. Қала тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздік шараларын сақтау және тиісті мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын орындау сұралады», — делінген ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.Сурет: ПД баспасөз қызметі

«Семей орманы» табиғи резерватының басшылары жемқорлық үшін сотталды

Arna Press, 30 мая 2023 в 20:18

29 мамырда Абай облысы бойынша Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ басшылығына және басқа да тұлғаларға қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Мемлекеттік мекеменің үш басшысы ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысуға және кәсіпкерлерден жүйелі негізде 700 мыңнан 13 миллион теңгеге дейін пара алуға кінәлі деп танылды.

Жеке сот орындаушылары аттестаттауды автоматтандырылған режимде тапсырады

Arna Press, 29 мая 2023 в 17:08

Жеке сот орындаушылары аттестаттауды автоматтандырылған режимде тапсырады
Ағымдағы жылғы 29 мамырда Астанада жеке сот орындаушылары, нотариустар, адвокаттар, сот сарапшылары мен патенттік сенім білдірілген өкілдерді автоматтандырылған режимде аттестаттаудан өткізу бойынша пилоттық жобаның тұсаукесері өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Мемлекет басшысының реинжиниринг және Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін оңтайландыру жөніндегі тапсырмасы шеңберінде Әділет министрлігі МҚІА, ЦДИАӨМ және «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару жөніндегі ұлттық орталық» АҚ — мен бірлесіп аттестаттау үдерістерін реинжиниринг және автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізді.

Смайылов екі облыстың әкімін сынға алды

Arna Press, 29 мая 2023 в 13:38

Смайылов екі облыстың әкімін сынға алды
Сенбі, 27 мамырда, ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Инвестициялық штаб отырысын өткізді, онда негізгі капиталға инвестициялар (НКИ) және тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) тарту барысы қаралды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, биылғы қаңтар-сәуір айларында НКИ-дың жалпы көлемі 3,8 трлн теңге болды, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18%-ға артық, деп жазды ҚР премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы.
Показано 16 новостей из 676