Популярные темы

Меморгандардағы тексеріс: жүздеген миллиард теңге болатын заңбұзушылықтар анықталды

Дата: 07 июня 2023 в 15:48


Меморгандардағы тексеріс: жүздеген миллиард теңге болатын заңбұзушылықтар анықталды
Стоковые изображения от Depositphotos

Жоғары аудиторлық палатасы мен мемлекеттік аудит органдары тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік бюджет қаражатын пайдаланудағы заңбұзушылықтарды анықтады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Аудиторлар дерегіне сәйкес, былтыр қаржылық заңбұзушылықтардың ең көп көлемі әкімдіктердің республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерде, сондай-ақ республикалық бағыныстағы квазимемлекеттік сектор субъектілерінде пайдалану кезіндегі заңбұзушылықтар болған. Мұндай деректер Мәжілістің отырысында айтылды.

Министрліктер арасында заңбұзушылықтардың негізгі үлесі Қорғаныс (5,1 миллиард теңгеден аса), Индустрия және инфрақұрылымдық даму (2,9 миллиард теңгеден аса), Мәдениет және спорт (1,3 миллиард теңгеден аса), сондай-ақ Төтенше жағдайлар (1 миллиард теңгеден аса) министрлігіне тиесілі.

Жоғары аудиторлық палатасының төрайымы Наталья Годунованың айтуынша, тексеру шараларының нәтижесінде жиналған материалдардың бір бөлігі құқық қорғау органдарына берілген.

«Процессуалдық шешім қабылдау үшін барлығы 15 материал ұсынылды, 6 материал бойынша қылмыстық іс қозғалды, соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, нәтижелері аяқталғаннан кейін белгілі болады. Екі материал уәкілетті органдарға қосымша тексеруге жіберілді, жетеуі бойынша өндіріс тоқтатылды», — деді Годунова.

Сурет: Tengrinews.kz

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями