Популярные темы

Қазақстанда тұңғыш рет жас жазушылар мен ақындар Президенттің әдеби сыйлығын алады

Дата: 02 июня 2023 в 14:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстанда тұңғыш рет жас жазушылар мен ақындар Президенттің әдеби сыйлығын алады
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазақстанда 2023 жылы жас таланттарды мемлекеттік қолдау және авторлардың жаңа буынын қалыптастыру үшін тұңғыш рет Президенттің арнайы әдеби сыйлығы беріледі, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Президенттік әдеби сыйлықтың иегерлері төрт номинация бойынша анықталады: «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балалар әдебиеті». Әр номинация бойынша жеңімпаздарға 4 миллион теңге, «Президенттік арнаулы әдеби сыйлықтың лауреаты» атағы, диплом мен төсбелгі беріледі.

«Байқауға 18 бен 35 жас аралығындағы жазушылар қатыса алады. Өтінімдер 1 маусым мен 30 маусым аралығында қағаз және электронды түрде қабылданады. Басты шарт — ұсынылатын жұмыстар жаңа, бұрын республикалық және халықаралық байқауларға қатыспаған болуы керек», делінген ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов атап өткендей, мұндай бастамалар отандық әдебиетті дамыту үшін ғана емес, қазақ тіліндегі мазмұн көлемін арттыру үшін де қажет.

«Әсіресе, балалар әдебиеті саласында. Театр өнеріне көңіл бөлінуде. Біздің мақсатымыз — отандық авторлардың қойылымдарын айтарлықтай көбейту. Бұл ретте жас драматургтердің үлесі зор болатынына сенімдімін», деді Асхат Оралов.

Сурет: unsplash

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями