Популярные темы

Бүгін 27 семейлік тұрғын мемлекет тарапынан үй алды

Дата: 01 июня 2023 в 17:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Бүгін 27 семейлік тұрғын мемлекет тарапынан үй алды
Стоковые изображения от Depositphotos

Бүгін әлеуметтік осал топқа жататын 27 қала тұрғыны баспаналы болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

Жақында қоныс тойын тойлайтындар арасында көпбалалы отбасылар, ата ана қамқорлығынан айырылғандар мен жалғызбасты аналар бар.

Қарағайлы ықшам ауданында салынған жаңа көпқабатты үйлердің жартысы мемлекеттік баспана. Бүгін пайдалануға берілген үй жалдамалы. Дегенмен, ондаған жылдар бойы кезекте тұрған азаматтар үшін бұл үлкен жетістік.

«Жалдамалы пәтер болғанымен ай сайынғы төлем шамамен 10 мың теңге. Есесіне бұл өзіміздің баспанамыз. Мен 11 жыл кезекте тұрдым. Кеше кешке маған хабарласып, ертең Қарағайлы ауданына келіңіз, үй береді дегенде, басында сенбедім, кейін жылап өзімді тоқтата алмадым», дейді көпбалалы ана Айнур Семизбаева.

Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Диана Шаяхметованың айтуынша осы айдың соңына дейін тағы 45 пәтер кілтін тапсыру жоспарланған. Келесі кезекте әлеуметтік осал топтармен қоса, мемлекеттік қызметкерлер де баспаналы болады.

«Қазіргі уақытта Комсомол ауданында жеке сектордағы үйлердің құрылысы жүргізілуде. Ол ауданнан әлеуметтік осал топтағы азматтарға үйлер жыл соңына дейін беріледі», деді Диана Шаяхметова.

Сурет автордікі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша Семей
Поделитесь новостью с друзьями