Келер жылы Қазақстанда зейнетақы жинағындағы ақшаның «жеткілікті шегі» өседі деген болжам болған. Бүгін БЖЗҚ жеткілікті шек мөлшерін жариялады, бірақ ол былтырғы деңгейде қалды. Негізі, оған төменгі жалақы мөлшерінің артуы (70 мың орнына 85 мың болады) мен тағы бірнеше фактор әсер етуі керек еді.Олар:— ең төменгі зейнетақы мөлшері (2024 жылы 57 853 теңге болады); — мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең аз мөлшері (1 қаңтардан бастап 28 215 теңге); — күнкөріс минимумы (2024 жылы — 43 407 теңге).Зейнетақы жинағының жеткілікті шегі — шотта қалуға тиіс сома.