Arna Press,
18 сентября 2025
в 19:48
Биыл құрылыс басқармасы 79 жобаны әзірлеуде. Оның 33-і меморандум аясында жүзеге асырылуда, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Өңірлік коммуникациялар қызметінеде әлеуметтік нысандарды жобалау бойынша Абай облысы құрлыс басқармасының басшысы Шыңғыс Риахановтың қатысуымен брифинг өтті.Бүгінде облыста денсаулық сақтау бағыты бойынша 21 жоба қолға алынған.
Arna Press,
27 августа 2025
в 11:48
Абай облысында мемлекеттік қолдау шаралары аясында берілетін жалдамалы тұрғын үйді бөлу ережелері түсіндірілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.Спикердің айтуынша, арендалық пәтерлерді тек Қазақстан азаматтары мен қандастар ала алады. Ол үшін бірыңғай электронды базаға «тұрғын үйге мұқтаж» ретінде тіркелу қажет.«Үйді бөлу процесі толық автоматтандырылған. Қолмен бөлу немесе кезектен тыс беру қарастырылмаған.
Arna Press,
21 августа 2025
в 18:08
Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Семей қаласында ағымдағы жылдың қаңтар–шілде айлары аралығында ішек инфекциясының 287 жағдайы анықталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Абай облысы СЭБД Семей қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Шыңғыс Чокушев хабарлады.Оның айтуынша, тіркелген жағдайлардың басым бөлігі жекелеген оқиғаларға жатады. — Қаладағы мектептері мен балабақшалар асханаларында топтық улану фактілері тіркелмеді.
Arna Press,
22 июля 2025
в 16:48
Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған мәдени және спорттық іс-шаралардың өтуі туралы баспасөз конференциясы өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Жиында облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысының орынбасары Олжас Соғымбай, облыстық олимпиадалық спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Мұхит Тұрсынов, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының м. а. Қуат Исанов баяндама жасады.Семей қаласында мерекелік іс-шаралардың он күндігі бекітіліп, аталған бағдарламаның аясында 12 спорт түрінен 14 спорттық іс-шара өтпек.Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Arna Press,
15 июля 2025
в 11:48
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің үздік сержанттары анықталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.9-11 шілде аралығында үздік сержанттарды іріктеу туры өтті. Үш күнге созылған сайысқа «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына тікелей бағынысты Семей, Өскемен, Павлодар, Аягөз, Үшарал қалалары мен Жаңғызтөбе кентіндегі әскери бөлімдерден 100-ге жуық сержант қатысты.«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының сержанты, 1 сыныпты сержант Азамат Ешенов бұл байқаудың әскери қызметкерлердің физикалық дайындығын арттыруда, спорттық шеберліктерін дамытып, әскери тәртіпті нығайтуда алатын орны зор екенін атап өтті.– Сайыс әскери бөлімдердегі сержанттардың дене дайындығын арттыруға бағытталған.
Arna Press,
02 июня 2025
в 11:58
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Семей қаласындағы Абай гарнизонында орналасқан әскери бөлімдерде кең ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Абай гарнизонының ұшу алаңында ашық есік күні өтіп, 54853 және 44736 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері балалар мен олардың ата-аналарына ерекше күн сыйлады. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында әскери-патриоттық рухты қалыптастыру және әскери қызметтің маңыздылығын көрсету.Балалар әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысып, әскери киім үлгілері мен авиациялық техника түрлерін тамашалады. Әсіресе, қару-жарақ пен тікұшақтардың көрмесі бүлдіршіндердің ерекше қызығушылығын тудырды.
Arna Press,
28 мая 2025
в 12:18
Абай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасына арналған брифинг өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ӨКҚ сілтеме жасап.Абай облысы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Әсет Өтеповтің мәліметінше, акция басталғалы бері жол қауіпсіздігі саласында 7608 құқықбұзушылық тіркелген.«Құқықбұзушылықтың 21 пайызы өрескел заңбұзушылықтар.
Arna Press,
21 мая 2025
в 12:18
Абай облысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында ұйымдастырылған WorldSkillsAbai – 2025 өңірлік чемпионатының салтанатты жабылу рәсімі өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Чемпионат мақсаты – жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру, жастар арасында кәсіби шеберлікті насихаттау және еңбек нарығына қажетті кадрларды даярлау.12 мамырда басталған чемпионатқа Абай облысының 215 студенті қатысты.
Arna Press,
12 мая 2025
в 21:38
Абай облысында қоғамдық және жол қауіпсіздігі мәселесі талқыланды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Абай облысының әкімдігінде аймақ басшысы Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиынға облыстық басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері, ал қала және аудан әкімдері бейнережимде қатысты.Кеңесте өңірдегі қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын іске асыру, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері қаралды.
Arna Press,
05 мая 2025
в 16:18
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 44736 әскери бөлім аумағында Семей қаласындағы №49 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына арналған «Ашық есік» күні өткізілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шараға 8-9 сынып оқушылары қатысты. Әскери бөлім аумағында ұйымдастырылған шара аясында оқушылар әскери өмірді көріп, әскери киім үлгілерімен және қару жарақ түрлерімен танысты.
Arna Press,
29 апреля 2025
в 13:38
Абай облысында өңір басшысы Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кеңесте балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, спорттық және шығармашылық үйірмелерге мемлекеттік тапсырыс орналастыру, мемлекеттік басқаруда жобалық тәсілді енгізу мәселелері талқыланды. Өңірдегі сауықтыру лагерьлерінің жағдайы туралы облыстық Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Төленов баяндады.«Биыл жазғы маусымда 94 мыңнан астам оқушы түрлі іс-шаралармен қамтылмақ.
Arna Press,
28 апреля 2025
в 15:28
Семей қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында әскери қызметшілер майдангерлер Әбдіғали Қаймолдин мен Иван Шевцовты құттықтап барды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Жеңіс Маралов пен Абай облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Руслан Омаров ардагерлерге Жеңіске қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.Олардың қатарында жауынгер – артиллерист Халық қаһарманы Әбдіғали Қаймолдин, Польша мен Чехословакияны азат ету ұрыстарына қатысқан Иван Шевцов бар.Әбдіғали Қаймолдин 1921 жылы Семей облысының Абралы ауылында дүниеге келген.
Arna Press,
24 апреля 2025
в 17:08
Биыл елімізде Ішкі істер министрлігі тарапынан «Профилактика жылы: Полиция заң мен тәртіпті күзетуде» деп жарияланды. Осыған орай Абай облысында «Жасөспірім» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.Рейдтің басты мақсаты — жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру.Іс-шараның алғашқы 13 күнінде облыс аумағында 425 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Әкімшілік кодекстің 127-бабы бойынша 35 ата-ана мен заңды өкілге әкімшілік іс қозғалған.Сонымен қатар, кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта ойын-сауық орындарына кіргізген 8 мекеме Кодекстің 132-бабы аясында жауапкершілікке тартылды, — деді полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ернар Базаров.Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бұдан бөлек, алкоголь өнімін кәмелетке толмағандарға сату бойынша 5 дерек, жасөспірімдердің спирттік ішімдік ішуінің 11 дерегі тіркелген. — Екі апта бұрын басталған рейдтік шараның аясында, қоғамдық орындарды ластауға қатысты да 11 құқық бұзушылық анықталған.
Arna Press,
18 апреля 2025
в 16:08
Семейдің әуежайында БҰҰ миссиясы аясында Голан жоталарында қызмет атқарып, бір жылдан кейін елге оралған тұңғыш бітімгерлік контингентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Әскери қызметкерлерді әуежайдан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Жеңіс Маралов бастаған қарулы күш құрамы мен бітімгерлердің отбасы мүшелері салтанатты түрде қарсы алды.
Arna Press,
17 марта 2025
в 17:48
Семейде Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық жиын өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қала және аудан әкімдері, басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері қатысқан отырыста Президенттің хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.Аймақ басшысы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, облыстың алдағы даму жоспарлары және өңірдегі қордаланған мәселелер туралы толық баяндағанын атап өтті.
Arna Press,
12 марта 2025
в 13:38
Абай облысында арнайы білім беру ұйымдарының қызметіне кешенді мониторинг басталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мониторингті облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев, білім басқармасының басшысы, сондай-ақ адам құқықтары мен бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдер жүргізуде.Мониторинг аясында оқу процесі, материалдық-техникалық база және жөндеу жұмыстарының жай-күйі қарастырылады. Әсіресе, шатырды жөндеу мен спорт залдарын салу қажеттілігіне баса мән берілді.Алдын ала мониторинг нәтижелері бойынша арнайы білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын жетілдіру жұмыстары қолға алынады.
Arna Press,
11 марта 2025
в 13:58
«Шығыс» әскери полигонында зымыран әскерінің оқу-жаттығулары өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Тактикалық оқу-жаттығуларына мерзімді әскери қызметін өтеп жатқан сарбаздар да қатысты.Осылайша, әскерилер жауынгерлік даярлықтарын штатты қарулардан атуда және атысты басқаруды ұйымдастыруда өздерінің тәжірибелік дағдыларын жетілдірді.Тактикалық оқу-жаттығуына дайындалу алдын ала жүзеге асырылды.
Arna Press,
06 марта 2025
в 12:38
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу алдында Абай гарнизонының әскери қызметшілері Семей қаласы бойынша Ұлттық әскери-патриоттық орталығының әскери оркестрімен бірігіп, қаланың ірі сауда ойын-сауық орталықтарына барды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Әскери оркестрдің әскери қызметшілері адамзаттың әдемі жартысына арналған заманауи туындыларын ойнап, музыкалық аспаптардан шыққан әуендер мерекелік атмосфера мен көңіл-күйді жаудрата түсті.
Arna Press,
05 марта 2025
в 20:38
Аймақта 6 мыңнан астам адам банкроттық рәсіміне өтініш бергенімен, олардың басым көпшілігі мақұлданбаған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Абай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ұлан Бакиров банкроттық рәсімдеріне енгізілген өзгерістер мен олардың аймақтағы жүзеге асырылу барысын түсіндірді.2024 жылдың 19 маусымында Мемлекет басшысы қаржы нарығын реттеу, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау және банкроттық рәсімдерін жетілдіру жөніндегі заңға қол қойды.
Arna Press,
26 февраля 2025
в 11:28
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының барлау-шабуылдаушылары Абай гарнизонының полигонында оқу-жаттығуын өткізді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.«Шығыс» түраралық полигонындағы жиында мерзімді әскери қызметін өтеп жатқан сарбаздарға қажетті атыс құралдары таныстырылды.
Arna Press,
20 февраля 2025
в 16:38
Семей қаласындағы М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні оқытушы-ұйымдастырушыларының кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Конференцияға ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаменті және оған қарасты «Семей» шекара басқармасының әскери қызметшілері қатысты.Жиынға ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары, полковник Анвар Рахматуллаев қатысып, патриоттық іс-шаралардың маңыздылығы туралы баяндама жасады.
Arna Press,
17 февраля 2025
в 12:38
Семейде Ауған соғысының жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл қою рәсімі өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жиынға Абай облысының Ішкі Саясат басқармасының басшысы Айдар Садырбаев, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы полковнигі Жеңіс Маралов, Қорғаныс істері департаментінің бастығы полковник Руслан Омаров, ардагерлер және қала тұрғындары қатысты.Жиналғандар майдан даласында ерлікпен қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.Соғысқа 10 жыл ішінде 22 мыңнан астам қазақстандық қатысты, оның ішінде 500-ге жуық адам Семей қаласынан болды.
Arna Press,
12 февраля 2025
в 13:08
Абай гарнизонында инженерлік-саперлік полкінің бөлімшелерін дайындау барысы пысықталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Іс-шаралар мамандық бойынша дайындауда алар орны зор. Жаттығулар жауынгерлік жағдайға барынша жақындатылды және сарбаздардың өзара іс-қимылын үйлестіруге бағытталды.«Қазіргі таңда ұрыс тәсілдері елдімекендерде өтіп жатқандықтан бөлімшелерді дайындау барысында жолдарды инженерлік барлау жаттығулары арқылы пысықтаудамыз.
Arna Press,
24 января 2025
в 16:38
Қала әкімдігі жаңа ғимаратқа көшті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Облыс орталығындағы бұрынғы «Ертіс» қонақ үйі күрделі жөндеуден өткізіліп, әкімдіктің салалық бөлімдері мен кейбір басқармаларға берілді.Көп қабатты ғимарат адам танымастай өзгерген. Әкімдік қызметкереріне қолайлы болу үшін қажетті жағдайлар жасалған.
Arna Press,
24 января 2025
в 11:48
2025 жылы Қазақстандағы қамқоршылық органдарының штаты 2,5 есеге артады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.2024 жылғы желтоқсанда қабылданған мемлекеттік наградалар, білім беру және бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі ҚР Заңы шеңберінде қорғаншылық және қамқоршылық органдардың штат санын 2,5 есеге ұлғайту жоспарлануда.
Akorda.kz (KZ),
29 ноября 2024
в 19:56
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
30 октября 2024
в 16:28
ҚР Президент істері басқармасы МО ауруханасының кардиохирург-дәрігерлері Абай облысында алғаш рет бірегей операция жасады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» аясында ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының білікті дәрігерлері, атап айтқанда, №5 Хирургиялық бөлім меңгерушісі Әлібек Тойбаевтың жетекшілігімен жүрекке бірегей операция жасады.
Arna Press,
23 октября 2024
в 17:08
Жарма ауданында Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауы, Абай атындағы әмбебап кітапхананың ұйымдастыруымен өңірлік кітапханашыларға арналған «Кітапханалық шаралар бренд ретінде» әдістемелік практикумы өткізілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасапПрактикумда әр ауданнан жиналған кітапханашылар сандық технология дамыған уақытта кітапхана жұмысын қалай ұйымдастыру керек, балаға кітап оқыту мақсатында интернетті қалай тиімді пайдалануға болады деген сауалдар мен баланы кітап оқуға қызықтырып, насихаттайтын жобалар туралы айтылды.
Arna Press,
10 октября 2024
в 11:58
Үкімет су тасқынынан зардап шеккен қазақстандық кәсіпкерлерге 10,1 млрд теңге төледі, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ. сайтына сілтеме жасап.Ведомствоның Telegram-дағы арнасында жарияланған ақпарат бойынша, кәсіпкерлердің мүлік шығындарын өтеу үшін үкімет резервінен 12,1 млрд теңге сомасында қаражат бөлінген.
Магнолия,
11 сентября 2024
в 01:08
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында біз азаматтарымыздың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге міндетті екенімізді айтты. Сыбайлас жемқорлық даму деңгейіне қарамастан барлық елдерге өз әсерін тигізеді.