Популярные темы

Абай гарнизонында ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады

Дата: 28 апреля 2025 в 15:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай гарнизонында ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады
Стоковые изображения от Depositphotos

Семей қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында әскери қызметшілер майдангерлер Әбдіғали Қаймолдин мен Иван Шевцовты құттықтап барды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Жеңіс Маралов пен Абай облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Руслан Омаров ардагерлерге Жеңіске қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Олардың қатарында жауынгер – артиллерист Халық қаһарманы Әбдіғали Қаймолдин, Польша мен Чехословакияны азат ету ұрыстарына қатысқан Иван Шевцов бар.

Әбдіғали Қаймолдин 1921 жылы Семей облысының Абралы ауылында дүниеге келген. Жиырма жасында өз еркімен майданға аттанған. Ол Сталинград, 1-ші Украин, 1-ші Беларусь және 3-ші Балтық майдандарындағы шайқастарға қатысты. «Қызыл Жұлдыз», I дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалі марапатталды.

Иван Шевцов 1926 жылы дүниеге келген. 18 жасында Қызыл Армия қатарына шақырылды. Еуропаның бірқатар елдерін азат етуге қатысты. Майдандағы ерлігі үшін ардагер II дәрежелі Отан соғысы және «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен марапатталды. Соғыстан кейін Иван Романович «Қазэлектромонтаж» кәсіпорнында учаске бастығы болып жұмыс істеп, сол жерден зейнетке шықты.

Сурет: Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями