Популярные темы

өңірлік: новости

Жеке сот орындаушылары құмар ойындарға 180 миллион теңге жұмсаған

Arna Press, 20 августа 2026 в 15:08

Жеке сот орындаушылары құмар ойындарға 180 миллион теңге жұмсаған
Алматы облысында 20 жеке сот орындаушысының букмекерлік кеңседе тұрақты түрде ойын шоттарын толықтырып, құмар ойындарға жүйелі түрде қатысқаны анықталды. Олардың ойын шоттарына аударған қаражатының жалпы көлемі 180 млн теңгеге жуықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Абай облысында 12 жаңа жанармай құю станциясы ашылады

Arna Press, 20 августа 2026 в 10:08

Абай облысында 12 жаңа жанармай құю станциясы ашылады
Абай облысында автожанармай құю станцияларының желісі кеңейіп, 2026–2027 жылдары Семей қаласында жаңа форматтағы 12 станция ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап.2020 жылы құрылған «GAS&МҰНАЙ» кәсіпорны жанар-жағармай материалдарын көтерме және бөлшек саудада өткізеді.

«Қаладан — ауылға»: Абай облысында қоныс аударушылар көбейді

Arna Press, 19 августа 2026 в 02:38

“Қаладан - ауылға”: Абай облысында қоныс аударушылар көбейді
Абай облысына 1241 адамнан тұратын 395 отбасы қоныс аударды. Оның 508-і Семей қаласынан, ал 733 адам еліміздің өзге өңірлерінен көшіп келген, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Жобаның ауқымы соңғы аптадағы көрсеткіштен де байқалады. Бір аптаның ішінде облыс ауылдарына 42 отбасы қоныстанды.

Семей мен Өскеменге халықаралық рейстер ашылуы мүмкін

Arna Press, 03 августа 2026 в 15:18

Семей мен Өскеменге халықаралық рейстер ашылуы мүмкін
Қазақстан мен Қытай арасында жаңа өңірлік әуе бағыттарын ашу жоспарлануда, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысының әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев пен Қытайдың Urumqi Airlines әуе компаниясы басшылығының кездесуінде талқыланды.Қытай тарапы Үрімші – Қарағанды, Құлжа (Инин) – Астана және Құлжа (Инин) – Алматы бағыттары бойынша тұрақты рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр.

Қазақстандағы барлық перинаталдық орталықтарда ауқымды тексеру басталады

Arna Press, 27 июля 2026 в 14:18

Қазақстандағы барлық перинаталдық орталықтарда ауқымды тексеру басталады
Қазақстанда босандыру қызметін көрсететін барлық 69 медициналық ұйымда 15 тамызға дейін ауқымды тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. Тиісті тапсырманы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова берді.Тексеру барысында инфекциялық бақылау талаптарының сақталуы бағаланып, аналар мен жаңа туған нәрестелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ауруханаішілік инфекциялардың алдын алуға ерекше назар аударылады.Министрліктің мәліметінше, тексерудің негізгі мақсаты — айыппұл салу емес, тәуекелдердің алдын алу, медициналық көмектің сапасын арттыру және инфекциялық бақылау жүйесін жетілдіру.Сонымен қатар өңірлік денсаулық сақтау басқармаларына медициналық ұйымдарды заманауи жабдықтармен, дезинфекция құралдарымен, жеке қорғаныш құралдарымен және бір реттік медициналық материалдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ медицина қызметкерлерін тұрақты оқыту тапсырылды.Бұдан бөлек, антибиотиктерге төзімділіктің алдын алу мақсатында бактерияға қарсы препараттарды тек дәрігер рецептісімен босатуға бақылау күшейтіледі.Тексеру нәтижелері бойынша әр өңірде инфекциялық бақылау жүйесін жетілдіруге арналған жол карталары әзірленіп, іске асырылады.Фото: ЖИ

Көкпекті ауданына жаңа қоқыс тасымалдау көлігі мен еуроконтейнер табысталды

Arna Press, 10 июля 2026 в 13:58

Көкпекті ауданына жаңа қоқыс тасымалдау көлігі мен еуроконтейнер табысталды
Көкпекті ауданында коммуналдық қызметтің материалдық-техникалық базасы жаңа техникамен толықты, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысының әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ауданға Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) аясында бір арнайы қоқыс тасымалдау көлігі мен 50 заманауи еуроконтейнер берілді.Бұл қолдау Абай және Ұлытау облыстарын дамытуға бағытталған «Тұрақты даму: жаңадан құрылған облыстардағы өңірлік теңсіздіктерді еңсеру» жобасы шеңберінде жүзеге асырылды.Жоба барысында БҰҰДБ сарапшылары облыс әкімдіктерімен бірлесіп қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесіне талдау жүргізіп, өңірлердің қажеттіліктерін зерттеген.

Абай облысында жарты жылда 468 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді

Arna Press, 08 июля 2026 в 13:58

Абай облысында жарты жылда 468 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді
Абай облысында интернет-алаяқтықтың алдын алу және киберқылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сөз болды, деп хабарлайды Arnapress.kzАбай облысы полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Мират Қабытаевның айтуынша, 2026 жылдың алғашқы алты айында өңірде интернет-алаяқтықтың 468 дерегі тіркелген.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Қазақстан Республикасында Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Akorda.kz (KZ), 17 июня 2026 в 19:46

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Қазақстан Республикасында Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму саласындағы мақсаттар жөніндегі өңірлік орталығына қатысты өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Akorda.kz (KZ), 17 июня 2026 в 19:46

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму саласындағы мақсаттар жөніндегі өңірлік орталығына қатысты өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің

Ақтөбеде 21 елден келген 210 ойыншының қатысуымен халықаралық шахмат фестивалі басталды

SportInfo, 04 июня 2026 в 11:06

Ақтөбеде 21 елден келген 210 ойыншының қатысуымен халықаралық шахмат фестивалі басталды
2026 жылдың 3-11 маусым аралығында Ақтөбеде «Владимир Дворковичті еске алу – Aktobe Open 2026» халықаралық шахмат турнирі өтуде. Жарысқа әлемнің 21 елінен – Армения, Әзербайжан, Болгария, Қытай, Хорватия, Англия, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Норвегия, Румыния, Ресей, Словения, Сербия, Швеция, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Украина және АҚШ-тан 210 қатысушы жиналды.

Астанада «Былғары доп» ұлттық мектеп лигасының республикалық кезеңі аяқталды

SportInfo, 22 мая 2026 в 10:56

Астанада «Былғары доп» ұлттық мектеп лигасының республикалық кезеңі аяқталды
Астанада 7-8 сынып оқушылары арасында «Былғары доп» ұлттық мектеп лигасы республикалық кезеңінің матчтары мәресіне жетті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Жарыс 16-21 мамыр аралығында Футбол үйінде өтті. Турнирге еліміздің барлық облыстары мен мегаполистеріндегі өңірлік іріктеу кезеңдерінде жеңіске жеткен 17 үздік мектеп командасы қатысты.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Валюта Қоры арасындағы Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия үшін өңірлік әлеуетті дамыту орталығына қатысты өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Akorda.kz (KZ), 19 мая 2026 в 18:06

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Валюта Қоры арасындағы Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия үшін өңірлік әлеуетті дамыту орталығына қатысты өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің

Семейлік суретші Үсен Шаяхметов: «Әр туындының өз жаны болуы керек»

Arna Press, 13 мая 2026 в 16:58

Семейлік суретші Үсен Шаяхметов: “Әр туындының өз жаны болуы керек”
Семей қаласында Абай өңірлік дизайнерлер одағының мүшесі, суретші әрі дизайнер Үсен Сәкенұлы Шаяхметов Arnapress.kz тілшісіне сұхбат беріп, өнерге келу жолы, шығармашылық ізденісі мен жастарға берер кеңесі туралы айтты.Үсен Сәкенұлы 1995 жылы 23 сәуірде Аягөз қаласында дүниеге келген. Балалық шағы Абай облысының Үш-Биік ауылында өткен.

Абай облысында жалақы өсімі жоғары: орташа табыс 405 мың теңгеден асты

Arna Press, 13 мая 2026 в 15:08

Абай облысында жалақы өсімі жоғары: орташа табыс 405 мың теңгеден асты
Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы медианалық және орташа айлық жалақы көлеміне қатысты жаңа мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Arnapress.kz бюроға сілтеме жасап. Ел бойынша орташа айлық атаулы жалақы 461 486 теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,1 пайызға жоғары.

Бағаға бақылау күшейді: делдалдар тізбегі қысқартылып жатыр

Arna Press, 30 апреля 2026 в 17:28

Бағаға бақылау күшейді: делдалдар тізбегі қысқартылып жатыр
Бағаны тұрақтандыру мақсатында мемлекеттік бақылауды қоса алғанда, кешенді шаралар жүзеге асырылуда. 2026 жылдың басынан бастап ӘМАТ тізімі 19-дан 31 атауға дейін кеңейтілді, деп хабарлайды Arnapress.kz Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап. Ағымдағы жылдың сәуір айының ортасындағы дерек бойынша, ӘМАТ бойынша шекті сауда үстемесін асырғаны үшін 1 406 әкімшілік айыппұл салынды.

«Бақты — Аягөз» жобасы: 1200 жаңа жұмыс орны ашылады

Arna Press, 28 апреля 2026 в 11:38

Абай облысында «Бақты – Аягөз» теміржол желісінің құрылысы қарқынды талқыланып, жобаны іске асыру барысы бақылауда, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап. Облыс әкімі Берік Уәли «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновпен кездесу өткізіп, маңызды инфрақұрылымдық бастамаларды пысықтады.Жиынға өңірлік басқарма басшылары, Аягөз, Үржар, Мақаншы аудандарының әкімдері және мердігер компания өкілдері қатысып, теміржол құрылысы мен вокзалдарды жаңғырту мәселелері жан-жақты қаралды.«Бақты — Аягөз» теміржол желісі Абай облысының экономикалық дамуына тың серпін береді.

Абай облысында көктемгі егіс науқаны қарқын алды

Arna Press, 23 апреля 2026 в 13:08

Абай облысында көктемгі егіс науқаны қарқын алды
Абай облысында 2026 жылғы көктемгі егіс науқаны басталып, ауыл шаруашылығы саласындағы жоспарлы жұмыстар қарқын алуда, деп хабарлады Arnapress.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Дала жұмыстарының сапалы өтуі үшін қажетті тұқым қоры әзірленіп, техника мен жанар-жағармай ресурстары толық қамтамасыз етілген.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ертай Қуанбаев мәлімдеді.«Биыл облыстағы жалпы егіс көлемі 789,3 мың гектарды құрайды.

Абай облысындағы әлеуметтік даму: Қазақмыстың үлесі

Arna Press, 22 апреля 2026 в 11:28

Абай облысындағы әлеуметтік даму: Қазақмыстың үлесі
«Қазақмыс» компаниясы өндірістік көрсеткіштермен қатар, әлеуметтік және өңірлік бағыттағы жұмысты да жүйелі түрде дамытып келеді, деп хабарлайды Arnapress.kz Қазақстандағы ірі мыс өндірушіге сілтеме жасап. 2026 жылдың бірінші тоқсанында компания Ұлытау, Абай, Қарағанды облыстары және Жамбыл облысының Шу ауданы әкімдіктерімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.

Құжатсыз, заңсыз салынған нысан: Курчатовтағы қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталуда

Arna Press, 20 марта 2026 в 18:48

Құжатсыз, заңсыз салынған нысан: Курчатовтағы қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталуда
Абай облысының Курчатов қаласында салынып жатқан ғимараттың қабырғасы құлап, қайғылы жағдай орын алды. Алдын ала мәлімет бойынша, нысан заңсыз тұрғызылған әрі тиісті құжаттары болмаған, деп хабарлайды Arnapress.kz.Оқиға салдарынан екі адамның қаза табуына байланысты құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Семейдегі көпір құрылысы тексерілді: тіреуіштерде кемшіліктер анықталған

Arna Press, 20 марта 2026 в 15:28

Семейдегі көпір құрылысы тексерілді: тіреуіштерде кемшіліктер анықталған
Семей қаласында салынып жатқан жаңа көпір құрылысы барысында анықталған жарықшақтар мен бірқатар құқық бұзушылықтар бойынша ресми түсініктеме берілді, деп хабарлайды Arnapress.kzБұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Абай облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ басшысы Сайлауғалы Байназаров тілшілердің сұрақтарына жауап беру барысында айтты.«Қараша айында біз мониторгинг жүргізген болатынбыз.

Алматыда 11,5 мың оқушы бір мезетте күй орындап, рекорд орнатты

Arna Press, 17 марта 2026 в 18:38

Алматыда 11,5 мың оқушы бір мезетте күй орындап, рекорд орнатты
Алматы қаласындағы Almaty Arena мұз сарайында 11,5 мыңнан астам жас домбырашының қатысуымен ауқымды флешмоб өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz Алматы өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.Қаланың түкпір-түкпірінен жиналған мектеп оқушылары бір мезетте күй мен заманауи шығармаларды орындап, кеңістікті ұлттық аспаптың қуатты үнімен тербетті.Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, алғашқы әуеннен-ақ зал ерекше атмосфераға бөленген.

Семейде ЖЭО-3 салу орны әлі анықталмады: екі нұсқа қарастырылуда

Arna Press, 25 февраля 2026 в 14:38

Семейде ЖЭО-3 салу орны әлі анықталмады: екі нұсқа қарастырылуда
Абай облысындағы ЖЭО-3 жылу орталығының орналасуы мен құрылыс мерзімі жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Раджан Сейтқанов мәлімдеді деп хабарлайды Arnapress.kz.Бұған дейін жазғанымыздай жылу беру қазандықтары өңірде ыс пен күйе мәселесіне қатысты шағымдарға жауап алсақ, енді жаңадан салынатын жылу орталығының іске қосылуы осы проблемаларды шешіп, облыс орталығының тұрғындарына тұрақты және сапалы жылу қамтамасыз етіледі.«Ең бастысы, облыс орталығында халықтың барлығы күтіп отырған жылу электр орталығының құрылысы көптеген мәселелерді шешетіні барлығымызға аян.

«Семейде ЖЭО-3 іске қосылса, ұсақ қазандықтар резервке көшеді» – Абай облысының әкімдігі

Arna Press, 25 февраля 2026 в 13:08

Семей қаласы тұрғындарынан, әсіресе жылыту маусымында, аулада және көшеде ыс пен күйенің көбейіп, кейде таза ауада тыныстаудың қиындайтыны туралы шағымдар жиі түседі. Осы мәселеге қатысты Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Раджан Сейтқанов жауап берді деп хабарлайды Arnapress.kz«Өздеріңізге белгілі, қаламыздағы қазандықтарды аралап шықтық.

Алматы мен Астанада жүргізушісіз такси жобасы іске қосылады

Arna Press, 16 февраля 2026 в 17:38

Алматы мен Астанада жүргізушісіз такси жобасы іске қосылады
Елімізде жүргізушісіз көліктерді сынақтан өткізу басталады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz.Ведомствоның хабарлауынша, қалалық мобильдік пен логистика саласында бірқатар инновациялық жобалар жүзеге асырылмақ.

Биылғы Рамазан айы 19 ақпанда басталады — Абай облысының бас имамы мәлімдеді

Arna Press, 16 февраля 2026 в 14:58

Биылғы Рамазан айы 19 ақпанда басталады - Абай облысының бас имамы мәлімдеді
Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында биылғы Рамазан айына қатысты мәлімдеді деп хабарлайды Arnapress.kzИмамның айтуынша, биылғы қасиетті Рамазан айы 19 ақпан күні басталады. Ораза 29 күнге созылады. Қадір түні 16 наурыздан 17 наурызға қараған түнге сәйкес келеді.

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілердің қазасына қатысты ресми мәлімдеме жасады

Arna Press, 28 января 2026 в 15:48

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілердің қазасына қатысты ресми мәлімдеме жасады
Қорғаныс министрлігі жыл басынан бері Қарулы Күштер қатарында орын алған әскери қызметшілердің қазасына байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Arnapress.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Министрлік басшылығы қаза болған әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, бұл жағдайлардың аса ауыр екенін атап өтті.

«Абай Жастары» бағдарламасы бойынша 30 үміткер өтті

Arna Press, 23 января 2026 в 16:00

«Абай Жастары» бағдарламасы арқылы 30 үміткер пәтер алуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Arnapress.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Семей қаласында 2022 жылдан бері 35 жасқа дейінгі жастарға арналған «Абай Жастары» өңірлік тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Аталған бастама өңір жастарын әлеуметтік қолдауға және тұрғын үйге қолжетімділікті арттыруға бағытталған.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Семей қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Маржан Мақсутхан мәлімдеді.Оның айтуынша, бағдарламаның басты артықшылықтарының бірі — жастарға арналған жеңілдетілген қаржылық шарттардың ұсынылуы.

Абай облысында зымыран ұшқан күн болды

Arna Press, 07 октября 2025 в 20:58

Абай облысында зымыран ұшқан күн болды
Абай гарнизонында орналасқан 36803 әскери бөлімінің жеке құрамы «Шығыс» түраралық оқу-жаттығу полигонында жауынгерлік шеберліктерін шыңдайтын далалық оқу-жаттығуларын өткізді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Гарнизонның баспасөз қызметінің хабарлауынша оқу-жаттығу барысында әскерилер жауынгерлік машинадан атуда және атысты басқаруды ұйымдастыруда өздерінің тәжірибелік дағдыларын жетілдірді.Тактикалық оқу-жаттығуына дайындалу алдын ала жүзеге асырылды.

Абай облысында екі айда 10 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Arna Press, 04 октября 2025 в 17:48

Абай облысында екі айда 10 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды
Абай облысында қыркүйек-қараша айлары аралығында өтіп жатқан «Учаске» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 9 820 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Әсет Өтепов мәлімдеді.
Показано 30 новостей из 104