Arna Press,
07 августа 2026
в 11:48
Абай облысында ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының мұрасын ұлықтауға арналған ауқымды мәдени-рухани іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды Arnapress.kz Ішкі саясат бөліміне сілтеме жасап.7 тамыз күні сағат 10:00-де Абай ауданы, Қарауыл ауылындағы Облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалында «Ұлы даланың ұлы ақыны» атты әдеби кеш ұйымдастырылады.6–22 тамыз аралығында сағат 10:00-де Семей қаласындағы Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ақыл-ойдың алыбы» атты жылжымалы көрме көпшілік назарына ұсынылады.10 тамыз күні сағат 10:00-де Семей қаласындағы Абай алаңында ақын Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі мен тағзым ету шарасы өтеді.Сол күні сағат 12:00-де Семей қаласындағы Бейбітшілік аралында жаңадан бой көтерген «Рәміздер алаңының2 ашылу салтанаты ұйымдастырылады.10 тамыз күні сағат 15:00-де Абайдың «Жидебай–Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде «Абай бейнелеу өнерінде…» атты көрме және «Абайдың өмір деректері» атты қолжазбалар мен тарихи құжаттар көрмесі өтеді.10 тамыз күні сағат 10:00-де Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында «Адамзаттың Абайы» атты кең көлемді кітап көрмесі ашылады.Сол кітапханада сағат 11:00-де «Әлемге танылған тұлға» атты сирек кітаптар көрмесі ұйымдастырылса, сағат 15:00-де «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы…» атты облыстық «Абай оқулары» байқауы өтеді.17 тамыз күні сағат 11:00-де Ә. Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияда «Дана Абайдың сазды әлемі» атты концерт көрерменге жол тартады.Ал 22 тамыз күні сағат 17:00-де Абай атындағы театрда «Киелі Абай елі» атты қорытынды гала-концерт өтіп, Абай күніне арналған мерекелік іс-шаралар өз мәресіне жетеді.Аталған іс-шаралардың барлығы ұлы ақынның шығармашылық мұрасын насихаттауға, ұлттық руханиятты дәріптеуге және жастардың Абай мұрасына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.Фото: ЖИ
Arna Press,
05 августа 2026
в 18:18
Қазақстанда бейнебақылау жүйелеріне қойылатын талаптарды айқындайтын алғашқы ұлттық стандарт қабылданды, деп хабарлайды Arnapress.kz Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетіне сілтеме жасап. Комитет төрағасының 2026 жылғы 17 шілдедегі бұйрығымен бекітілген СТ РК 4031-2026 «Бейнебақылау жүйелері.
Arna Press,
05 августа 2026
в 17:08
Әлеуметтік желілерде «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында табиғатқа жіберілген жолбарыс түсірілді деген ақпаратпен фотосурет таралуда. Алайда бұл мәлімет шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап. Мамандардың мәліметінше, жарияланған суретте жасанды интеллект (AI) технологиялары арқылы жасалған болуы мүмкін белгілер бар.Белгілі болғандай, табиғатқа жіберілген жолбарыс аналығы спутниктік GPS-ошақпен жабдықталған. «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері жануардың орналасқан жері мен жағдайын тәулік бойы үздіксіз бақылауда ұстап отыр.
Arna Press,
29 июля 2026
в 12:48
2026 жылғы 16 шілдеде «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының Бородулиха ауданындағы Камышенка орманшылығында тіркелген орман өрті 28 шілдеде толық сөндірілді, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап. Өртті сөндіруге Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі және Қорғаныс министрлігінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Arna Press,
28 июля 2026
в 14:48
Редакциямызға қала тұрғынынан алаяқтардың жаңа айласы туралы ескерту келіп түсті, деп хабарлайды Arnapress.kz Оқырманның айтуынша, соңғы уақытта өзін жылу коммуналдық қызметінің қызметкері ретінде таныстыратын белгісіз адамдар тұрғындарға телефон соғып, түрлі сылтаумен жеке мәліметтер мен SMS арқылы келген бір реттік растау кодын сұрайды.
Arna Press,
27 июля 2026
в 11:58
Міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдік толық көлемде сақталады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. Бұл норма Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде бекітілген және оған ешқандай өзгеріс енгізілмейді.2027 жылдан бастап мемлекеттік кепілдіктің өзі емес, заңнамада көзделген өтемақы төлеу тетігі өзгереді. Өзгерістер жинақтаушы зейнетақы жүйесін жетілдіруге және азаматтардың зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.Қазіргі таңда азаматтар өздерінің зейнетақы жинақтарының 100 пайызына дейін инвестициялық портфельді басқарушы компаниялардың сенімгерлік басқаруына бере алады.
Arna Press,
24 июля 2026
в 17:58
Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында прокурорлар 611 педагогтың жеке деректерінің заңсыз таралуына жол бермеді, деп хабарлайды Arnapress.kz ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Прокуратура жүргізген талдау барысында ауданның мектептері мен балабақшалары мемлекеттік сатып алу порталында міндетті медициналық тексеру қызметтерін сатып алу туралы хабарландыру жариялаған кезде құжаттарға қызметкерлердің толық тізімін тіркегені анықталған.Нәтижесінде ашық қолжетімділікке педагогтардың аты-жөні, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), атқаратын лауазымы, тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары жарияланған.
Arna Press,
24 июля 2026
в 15:08
Қазақстанда қой, жылқы еті мен тартылған ет бағасының өсуіне байланысты ет нарығына талдау жүргізіледі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасаған Arnapress.kz хабарлайды.Мұндай тапсырманы бағаны тұрақтандыру мәселелері жөніндегі кеңесте Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин берген.Соңғы аптада қой етінің бағасы 2%-ға, жылқы еті 1,3%-ға, ал тартылған ет 0,6%-ға қымбаттаған.Осыған байланысты өндіріс көлемі, ішкі тұтыну және экспорттық жеткізілімдер ескеріліп, нарықтағы ахуал жан-жақты зерттелмек.
Arna Press,
22 июля 2026
в 20:08
2026 жылғы 25 тамыздан бастап Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» заңына енгізілген өзгерістерге түсініктеме берді, деп хабарлайды Arnapress.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.Ең алдымен, 65 жастан асқан жүргізушілер мен мүгедектігі бар жүргізушілер екі жылда бір рет міндетті медициналық тексеруден өту қажеттігін екенін еске саламыз.
Arna Press,
21 июля 2026
в 11:28
2026 жылғы 20 шілдеде Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында найзағайдың салдарынан 55 орман өрті тіркелді. Өрт ошақтары еліміздің бірнеше өңірінде бір мезгілде өткен найзағайлы фронттан кейін пайда болған, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР экология және табиғи ресурстар министріне сілтеме жасап. Өрттердің басым бөлігі Абай облысындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында тіркелді – 41 өрт.
Arna Press,
21 июля 2026
в 11:28
Абай облысында екі күнге созылатын республикалық «Абай оқулары» фестивалі болады, деп хабарлайды Arnapress.kz Ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап. Фестивальдің салтанатты ашылуы «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында өтті. Шараға еліміздің бірнеше өңірінен және Абай облысының қала-аудандарынан келген қатысушылар жиналды.Іс-шара барысында қатысушылар «Абай және ұлдары» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ақынның мемориалдық музей-үйін аралап, оның өмірі мен шығармашылығына қатысты тарихи жәдігерлермен танысты.Фестивальдің екінші күні қонақтар Абай ауданының тарихи-мәдени орындарына экскурсия жасап, Күшікбай батыр, Еңлік–Кебек ескерткіштерін, сондай-ақ Бөрілі, Сырт-Қасқабұлақ және Жидебай мекендерін аралайды.Фото: ЖИ
Arna Press,
16 июля 2026
в 14:38
«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының Бородулиха филиалы аумағында орман өрті тіркелді, деп хабарлайды Arnapress.kz Бородулиха ауданы әкімдігіне сілтеме жасап. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт 16 шілде күні таңғы сағат 09:45-те Қамышенка орманшылығының 57-орамында шыққан.Өртті сөндіруге мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері, Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, арнайы техника мен су төгетін құрылғымен жабдықталған әуе кемесі жұмылдырылды.
Arna Press,
16 июля 2026
в 13:28
Оқу-ағарту министрлігі 2026–2027 оқу жылына арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді бекіту және білім беру ұйымдарын қажетті әдебиеттермен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Arnapress.kz министрлікке сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес барлық оқулықтарға қосымша сараптама жүргізілді.
Arna Press,
15 июля 2026
в 17:18
Қазақстанда суррогат ана қызметіне қатысты заңнамаға маңызды өзгерістер енгізілді. 2026 жылғы 14 шілдеде Мемлекет басшысы мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Arnapress.kz prg.zanger сілтеме жасап.Құжат аясында «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекске де түзетулер енгізілді.Жаңа талаптарға сәйкес, суррогат ана қызметіне тек заңды некеде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары ғана жүгіне алады.
Arna Press,
15 июля 2026
в 17:18
Абай облысының әкімі Берік Уәли Бородулиха ауданының активіне ауданның жаңа әкімін таныстырды, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімінің баспасөзіне сілтеме жасап.ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен аудан әкімі лауазымына Талғат Батырұлы Мұратов тағайындалды.Бұл – жаңа Конституция қабылданып, аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін тағайындаудың жаңа тәртібі енгізілгеннен кейін Абай облысында жүзеге асқан алғашқы тағайындау.Аймақ басшысы жаңа әкімге өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жандандыру, аграрлық сектор мен өндіріс әлеуетін тиімді пайдалану, сондай-ақ халықтың тұрмыс сапасын арттыру бағытында нақты міндеттер жүктеді.Талғат Мұратов мемлекеттік қызметте мол тәжірибесі бар. Әр жылдары Бесқарағай және Жарма аудандарында, Семей қаласында жауапты қызметтер атқарып, 2026 жылдың ақпан айынан бері Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары болған.Фото: Абай облысының әкімдігінен
Arna Press,
14 июля 2026
в 16:38
Семейде мопед пен басқа да мотокөліктердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны артып келеді. Жыл басынан бері осындай 5 жол апаты тіркелген. Соңғы оқиғалардың бірінде 17 жастағы жүргізуші ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Arna Press,
14 июля 2026
в 14:28
Жобалық кеңсенің отырысында жаңа Салық кодексіне енгізілуі мүмкін түзетулердің кезекті блогы қаралды, деп хабарлайды үкімет сайтына сілтеме жасаған Arnapress.kz Қазақстанда Салық кодексіне енгізілетін 45 жаңа түзету ұсынылды. Өзгерістер Жобалық кеңсе мен салалық жұмыс топтарының ұсыныстары, Мемлекет басшысының тапсырмалары және Үкімет шешімдері негізінде әзірленген.Жаңа түзетулердің қатарында цифрлық активтердің заңды айналымын дамыту үшін салықтық жеңілдіктер қарастырылған.
Arna Press,
13 июля 2026
в 13:08
Абай облысында облыс әкімі Берік Уәлидің бастамасымен жүзеге асып жатқан «Қаладан — ауылға» пилоттық жобасы аясында Бесқарағай ауданына еліміздің түрлі өңірлерінен 41 отбасы (135 адам) көшіп келді, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қоныс аударғандардың қатарында 13 жас отбасы, 7 толық емес және 2 көпбалалы отбасы бар.
Arna Press,
10 июля 2026
в 18:08
Семейде 87 жастағы зейнеткер телефон алаяқтарының құрбаны болды, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.Белгісіз адам WhatsApp арқылы хабарласып, өзін eGov қызметкері ретінде таныстырған. Ол банк шотын «қорғау» және алаяқтардың әрекетін болдырмау керек деген сылтаумен зейнеткерді көрсетілген нөмірге 2,5 миллион теңге аударуға көндірген.Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.Полиция ескертеді:.
Arna Press,
09 июля 2026
в 13:38
migration.enbek.kz порталында ерікті қоныс аударуды жоспарлап жүрген азаматтарға арналған жаңа цифрлық сервис қолжетімді болды, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. Енді пайдаланушылар қоныстандыру өңірлеріндегі бос жұмыс орындарын, тұрғын үй жағдайларын, мемлекеттік қолдау шараларын және бағдарламаға қатысушыларға ұсынылатын мүмкіндіктерді бір жерден көре алады.Сервисте еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтардың өзекті тізімі де жарияланған.
Arna Press,
07 июля 2026
в 12:38
Қазақстанда Мемлекеттік Туды пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілді. Тиісті қаулы Қазақстанның нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінің сайтында жарияланды, деп хабарлайды Arnapress.kz Енді жеке және заңды тұлғалар Мемлекеттік Туды тұрғын және тұрғын емес ғимараттарға, оның ішінде балкондарға орналастыра алады.
Akorda.kz (KZ),
29 июня 2026
в 22:26
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Akorda.kz (KZ),
29 июня 2026
в 17:26
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
SportInfo,
25 июня 2026
в 14:56
Қазақстан құрамасы семсерлесуден Азия чемпионатын соңғы жылдардағы ең үздік нәтижелерінің бірімен аяқтап, бес сайыс түрінен екі алтын және үш қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Қазақстан семсерлесу федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Турнирдің басты қорытындысы тек бес жүлдемен шектелмейді. Қазақстан құрамасы тарихта алғаш рет ерлер және әйелдер арасындағы жалпыкомандалық есепте бірдей үшінші орынға ие болды.
Akorda.kz (KZ),
22 июня 2026
в 20:36
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Akorda.kz (KZ),
21 июня 2026
в 17:26
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Akorda.kz (KZ),
20 июня 2026
в 16:46
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
EKaraganda.kz,
18 июня 2026
в 16:25
На базе 9, 11 классов и по сокращенным программам на базе ТиПО, Вуза: — Правоведение — Менеджмент (по отраслям и областям применения) — Маркетинг (по отраслям) — Туризм — Учет и аудит — Банковское и страховое дело — Организация питания — Технология производства пищевых продуктов — Программное обеспечение (по видам) — Социальная работа — Стандартизация, метрология и сертификация (по отраслям)Для абитуриентов 2026 года имеются места на государственный образовательный заказ, для иногородних студентов предоставляется общежитие.Приемная комиссия работает по адресу:г.Караганда, ул.
Akorda.kz (KZ),
18 июня 2026
в 14:16
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Akorda.kz (KZ),
10 июня 2026
в 20:26
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің