Популярные темы

жылой: новости — страница 2

«Қасіретті оқиға бүкіл елдің жүрегіне ауыр тиді»: «38. Соңғы нүкте» фильмі қалай дүниеге келді?

Arna Press, 17 августа 2026 в 11:38

2023 жылы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында болған алапат өрт ел жадында ауыр із қалдырғаны белгілі. Қызметтік міндетін атқару барысында 15 орман қызметкері қаза тапқан қайғылы оқиға табиғи апаттың ауқымын ғана емес, адам өмірінің қаншалықты қымбат екенін де көрсетті. Осы қасіретті оқиға «38.

Малдың қараусыз жайылуы: 8 жол апаты, 1 адам қаза тапты

Arna Press, 14 августа 2026 в 16:18

Малдың қараусыз жайылуы: 8 жол апаты, 1 адам қаза тапты
Абай облысында жол апаттары салдарынан 1 адам қаза тауып, 13 адам түрлі дене жарақатын алды6, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап. Оқиғалардың төртеуі Аягөз ауданында болып, 8 адам зардап шеккен. Сонымен қатар Бесқарағай, Жаңасемей, Жарма және Үржар аудандарында бір-бірден жол-көлік оқиғасы тіркелді. Үржар ауданындағы апатта бір адам көз жұмды.Мұндай қайғылы жағдайлардың басты себептерінің бірі — малдың қараусыз жайылуы.

Абай облысында қоғамдық орындарда мас күйде жүргендер ұсталды

Arna Press, 14 августа 2026 в 11:08

Абай облысында қоғамдық орындарда мас күйде жүргендер ұсталды
Жыл басынан бері өңір аумағында алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келуге байланысты 5 557 фактінің жолы кесілді, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.Полиция өкілдерінің айтуынша, мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды бағыттарының бірі.«Қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе масаң күйде жүру азаматтардың өзіне ғана емес, айналасындағы адамдарға да қолайсыздық тудыруы мүмкін.

Жаңбыр жауса, жол азабына айналады: Семейде саяжай тұрғындары көмек сұрайды

Arna Press, 13 августа 2026 в 14:28

Жаңбыр жауса, жол азабына айналады: Семейде саяжай тұрғындары көмек сұрайды
Семей қаласының оң жағалауындағы Восточный кентінде тұратын тұрғындар жол мәселесін көтеріп, редакцияға шағымдарын жолдады, деп хабарлайды Arnapress.kz.Саяжай тұрғындарының айтуынша, мұнда жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан мәселе аз емес. Соның ішінде ең өзектісі – жолдың жағдайы. Әсіресе жаңбыр жауған кезде үй аралық көшелермен жүру тұрғындар үшін үлкен қиындыққа айналады.

Жалған қажылық ұйымдастырғандар сотталды

Arna Press, 13 августа 2026 в 13:18

Жалған қажылық ұйымдастырғандар сотталды
Астана қаласында азаматтарды қажылыққа апарамыз деп алдап, 60 млн теңге қаражатын иемденген екі адам сотталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.Олар Instagram әлеуметтік желісінде Сауд Арабиясының Мекке және Мәдина қалаларына қажылық сапарын ұйымдастыру туралы жарнама жариялаған.

Вейп сатқандар миллиондаған табыс тапқан: қылмыстық істер тергелуде

Arna Press, 13 августа 2026 в 11:08

Вейп сатқандар миллиондаған табыс тапқан: қылмыстық істер тергелуде
Қазақстанда электронды тұтыну жүйелерінің айналымына тыйым салынғанына қарамастан, оларды заңсыз әкелу, сақтау және сату фактілері әлі де анықталуда, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚМА сілтеме жасап. Әсіресе бұл өнімдердің жастар мен кәмелетке толмағандар арасында таралуы алаңдатады.Жыл басынан бері Қаржылық мониторинг агенттігі вейптердің заңсыз айналымына қатысты 25 деректі тоқтатты. Қазіргі таңда 37 қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Павлодарда жаңа туған қыз баланы сатуға әрекеттенген әйел сотталды

Arna Press, 12 августа 2026 в 13:38

Павлодарда жаңа туған қыз баланы сатуға әрекеттенген әйел сотталды
Павлодарда жаңа туған нәрестені заңсыз сату фактісі бойынша қылмыстық іс қаралып, сот үкімі шықты, деп хабарлайды Arnapress.kz Баспрокуратураға сілтеме жасап.Сотта анықталғандай, 2002 жылы туған Түркістан қаласының тұрғыны материалдық қиындықтарға байланысты әлі дүниеге келмеген баласын ақшаға сатуды жоспарлаған.

Мектеп сөмкесінің салмағы бала салмағының 10%-ынан аспауы тиіс

Arna Press, 12 августа 2026 в 13:38

Мектеп сөмкесінің салмағы бала салмағының 10%-ынан аспауы тиіс
Жаңа оқу жылы қарсаңында ата-аналарға мектеп рюкзагын таңдауда оның сыртқы көрінісіне ғана емес, салмағы мен балаға сәйкестігіне де мән беру ұсынылады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.Негізгі қағида: оқулықтар мен оқу құралдары салынған рюкзактың жалпы салмағы баланың дене салмағының 10%-ынан аспауы тиіс.Мысалы, бала 30 кг болса, толық жиналған рюкзак 3 кг-нан ауыр болмағаны дұрыс.Оқу құралдарының ұсынылатын салмағы:1–3 сынып — 2 кг-ға дейін.

Яндекс Таксиге 10 жыл: ең адал серіктес жүргізушілерден әр сапар үшін небәрі 1 теңге ұсталады

EKaraganda.kz, 11 августа 2026 в 13:15

Яндекс Таксиге 10 жыл: ең адал серіктес жүргізушілерден әр сапар үшін небәрі 1 теңге ұсталады
Мұндай сыйлыққа Яндекс Такси арқылы тапсырыс орындап келе жатқан және он жыл бойы жыл сайын кемінде 100 күн желіге шыққан жүргізушілер ие болды. Осы уақыт ішінде олар шамамен 2,7 миллион сапар орындап, жолда жалпы алғанда 1 миллион сағатқа жуық уақыт өткізген. Осы орайда Яндекс Таксидің 10 жылдыққа орай басқа да жүргізушілерге сыйлық әзірлегенін айта кету керек.

Абай күні: 50 мыңнан астам адамды қамтыған 350 іс-шара

Arna Press, 11 августа 2026 в 09:58

Абай күні: 50 мыңнан астам адамды қамтыған 350 іс-шара
Қазақстанда Абай күніне орай еліміздің барлық өңірінде мәдени, білім беру, ғылыми-ағартушылық және спорттық бағыттағы 350 іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Мәдениет ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.Оларға 50 мыңнан астам адам қатысты.Семейдегі «Жидебай-Бөрілі» музей-қорығында Абай дәуіріне қатысты қолжазбалар, архив құжаттары мен естеліктер ұсынылып, әдеби квест, Абай әндерінің фестивалі және көрме өтті.Алматыда өткен «Абай әлемі» музыкалық-поэзиялық кешіне 20 мыңнан астам адам жиналды.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры жаңа оқу жылына 350 білім беру грантын бөлді

Arna Press, 10 августа 2026 в 11:28

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 2026–2027 оқу жылына талапкерлердің жоғары оқу орындарында білім алуына арналған 350 білім беру грантын бөлді, деп хабаралайды Arnapress.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.Грантқа ауылдық елді мекендердегі, сондай-ақ шағын және моноқалалардағы мектептердің 25 жасқа дейінгі түлектері үміткер бола алады.Басты шарт -талапкер төмендегі санаттардың біріне жатуы керек:жетім балалар және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұлғалар; мүгедектігі бар тұлғалар; мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың балалары; ата-анасының мүгедектігі бар талапкерлер.Грант иегерлеріне қандай қолдау көрсетіледі? — оқу ақысы жылына 1 миллион теңгеге дейін төленеді; — оқу кезеңінде ай сайын 60 мың теңге шәкіртақы беріледі;.

Семейдегі Восточный тұрғындарының жанайқайы: «Жөнделген жолымызды қайтадан қазбақшы»

Arna Press, 07 августа 2026 в 13:58

Семейдегі Восточный тұрғындарының жанайқайы: “Жөнделген жолымызды қайтадан қазбақшы”
Семей қаласындағы Восточный кентінің 2-саяжай тұрғындары жаңадан жөнделген жолдың қайта қазылуына қарсы екеніндерін айтуда, деп хабарлайды Arnapress.kzӨткен жылы Семей қаласындағы Восточный кентінің 2-саяжай аумағындағы бірқатар көшеге инертті материал төселіп, грейдерлеу жұмыстары жүргізілген болатын.

Семейде заңсыз қоқыс тастаған азаматтар анықталды

Arna Press, 07 августа 2026 в 11:48

Семейде заңсыз қоқыс тастаған азаматтар анықталды
Семейде абаттандыру қағидаларын бұзған азаматтар жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында Семей қаласында экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар өткізілуде.Кезекті рейд барысында Қ.

Алименттен жалтарғандарға жаза: Қызылордада 32 қылмыстық іс қозғалды

Arna Press, 06 августа 2026 в 14:28

Алименттен жалтарғандарға жаза: Қызылордада 32 қылмыстық іс қозғалды
Қызылорда облысының прокуратурасы 2026 жылдың басынан бері алимент төлеу жөніндегі міндеттемелерін қасақана орындамаған борышкерлерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша 32 қылмыстық іс тіркелді, деп Arnapress.kz хабарлайды ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, алимент төлеуден жалтарған тұлғаларға 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, екі жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.Қазіргі таңда тіркелген істердің нәтижесінде:.

Семейдегі Северный–Қарағайлы жолы: уақытша жөндеу тұрғындар арасында түрлі пікір тудырды

Arna Press, 05 августа 2026 в 15:58

Семейдегі Северный–Қарағайлы жолы: уақытша жөндеу тұрғындар арасында түрлі пікір тудырды
Семей қаласындағы Северный базары арқылы Энергетик шағын ауданы мен Қарағайлы тұрғын ауданын жалғайтын уақытша жол салынуда, деп хабарлайды Arnapress.kzҚарағайлы тұрғынжарына көктемгі қар суынан кейін жолдың сапасы одан әрі нашарлап, көлік қозғалысына айтарлықтай қолайсыздық туғызған еді. Қазіргі таңда жолдың Северный базарынан Реабилитациялық орталыққа дейінгі бөлігіне уақытша шешім ретінде ұзындығы 600 метр болатын ескі асфальт (фрезерленген материал) төселіп, тегістеу жұмыстары жүргізілуде.

Оқу-ағарту министрлігі 2026-2027 оқу жылының күнтізбесін бекітті

Arna Press, 31 июля 2026 в 20:18

Оқу-ағарту министрлігі 2026-2027 оқу жылының күнтізбесін бекітті
Алдағы 2026-2027 оқу жылының басталу, аяқталу мерзімдері мен оқушылардың демалыс кезеңдері ресми түрде бекітілді, деп хабарлайды Arnapress.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. Жаңа оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.Бірінші тоқсан 8 оқу аптасына созылады.

Қазақстанда осал санаттағы оқушыларға мектепке дайындыққа қаржылай көмек көрсетіледі

Arna Press, 31 июля 2026 в 20:18

Қазақстанда осал санаттағы оқушыларға мектепке дайындыққа қаржылай көмек көрсетіледі
2026 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында Жалпыға міндетті білім беру қоры аясында әлеуметтік осал санаттағы балаларға мектеп формасын, аяқ киім мен оқу құралдарын сатып алуға қаржылай көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасаОқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, жаңа 2026–2027 оқу жылы қарсаңында 450 мыңға жуық балаға қолдау көрсету жоспарланып отыр.

Архивные фото и редкие экспонаты: в Караганде открылась выставка к 90-летию области

EKaraganda.kz, 29 июля 2026 в 19:05

Архивные фото и редкие экспонаты: в Караганде открылась выставка к 90-летию области
Карагандинский областной историко-краеведческий музей регулярно посвящает выставки памятным датам, связанным с историей города и региона. И экспозиция «Қарағанды облысы: уақыт көшіндегі 90 жыл» – не исключение.Здесь собраны в основном архивные фотографии, а рядом с ними размещены предметы быта и производства региона, среди которых есть уникальные экспонаты из фондов музея.

Камышенка орманшылығындағы орман өрті толық сөндірілді

Arna Press, 29 июля 2026 в 12:48

Камышенка орманшылығындағы орман өрті толық сөндірілді
2026 жылғы 16 шілдеде «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының Бородулиха ауданындағы Камышенка орманшылығында тіркелген орман өрті 28 шілдеде толық сөндірілді, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап. Өртті сөндіруге Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі және Қорғаныс министрлігінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.

«Семейде алаяқтардың жаңа айласы: жылу қызметкері болып хабарласып, SMS-код сұрайды»

Arna Press, 28 июля 2026 в 14:48

“Семейде алаяқтардың жаңа айласы: жылу қызметкері болып хабарласып, SMS-код сұрайды”
Редакциямызға қала тұрғынынан алаяқтардың жаңа айласы туралы ескерту келіп түсті, деп хабарлайды Arnapress.kz Оқырманның айтуынша, соңғы уақытта өзін жылу коммуналдық қызметінің қызметкері ретінде таныстыратын белгісіз адамдар тұрғындарға телефон соғып, түрлі сылтаумен жеке мәліметтер мен SMS арқылы келген бір реттік растау кодын сұрайды.

Қой мен жылқы еті қымбаттады: Үкімет ет нарығын зерттемек

Arna Press, 24 июля 2026 в 15:08

Қой мен жылқы еті қымбаттады: Үкімет ет нарығын зерттемек
Қазақстанда қой, жылқы еті мен тартылған ет бағасының өсуіне байланысты ет нарығына талдау жүргізіледі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасаған Arnapress.kz хабарлайды.Мұндай тапсырманы бағаны тұрақтандыру мәселелері жөніндегі кеңесте Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин берген.Соңғы аптада қой етінің бағасы 2%-ға, жылқы еті 1,3%-ға, ал тартылған ет 0,6%-ға қымбаттаған.Осыған байланысты өндіріс көлемі, ішкі тұтыну және экспорттық жеткізілімдер ескеріліп, нарықтағы ахуал жан-жақты зерттелмек.

Семейдегі шағын ауданда бір күнде екі бала терезеден құлады

Arna Press, 24 июля 2026 в 12:48

Семейдегі шағын ауданда бір күнде екі бала терезеден құлады
Семейде Қарағайлы ықшам ауданында екі баланың терезеден құлау оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Arnapress.kzОсы оқиғаға байланысты мән-жайды білу үшін Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментіне хабарластық.Ведомство ұсынған мәліметке сәйкес, 23 шілде күні Семей қаласында балалардың терезеден құлауына қатысты екі қайғылы оқиға тіркелгенін растады.Бірінші жағдайда, Қарағайлы шағын ауданындағы 9 қабатты тұрғын үйдің 6-шы қабатындағы пәтер терезесінен 2024 жылы туған сәби ересектердің қарауынсыз қалып, құлап кеткен. Өкінішке қарай, алған ауыр жарақаттарынан сәби оқиға орнында көз жұмды.Оқиға орнына Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 1 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.Сол күні Қарағайлы шағын ауданында тағы бір осындай оқиға болды. Үш жасар бала ересектердің қарауынсыз қалып, 9 қабатты тұрғын үйдің 2-ші қабатындағы пәтердің терезесінен құлаған.Оқиға салдарынан түрлі дене жарақатын алған бала аурухананың травматология бөліміне жеткізілді.

Жол ережесін өрескел бұзғандар қайта емтихан тапсырады

Arna Press, 22 июля 2026 в 20:08

Жол ережесін өрескел бұзғандар қайта емтихан тапсырады
2026 жылғы 25 тамыздан бастап Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» заңына енгізілген өзгерістерге түсініктеме берді, деп хабарлайды Arnapress.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.Ең алдымен, 65 жастан асқан жүргізушілер мен мүгедектігі бар жүргізушілер екі жылда бір рет міндетті медициналық тексеруден өту қажеттігін екенін еске саламыз.

Қазақстандағы жолаушылар пойыздарында интернет қосылып жатыр

Arna Press, 22 июля 2026 в 17:18

Қазақстандағы жолаушылар пойыздарында интернет қосылып жатыр
Қазақстандағы жолаушылар пойыздарында интернет кезең-кезеңімен іске қосылып жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап. Көлік министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда Астана — Семей, Қызылорда — Павлодар, Жезқазған — Астана, Алматы — Достық және Қызылорда — Көкшетау бағыттарындағы пойыздар жолаушыларға Wi-Fi қызметін ұсынады.Пойыздағы Wi-Fi желісіне қосылғаннан кейін жолаушылар авторизациядан өтіп, WhatsApp пен Telegram арқылы мәтіндік хабарламаларды тегін жібере алады.

Цифровые технологии в библиотечное дело 5 лет внедряет «Фараб»

Vera.kz, 20 июля 2026 в 15:19

Цифровые технологии в библиотечное дело 5 лет внедряет «Фараб»
Пятилетие универсальной научной библиотеки «Фараб» отметили в Туркестане, сообщает vera.kz со ссылкой на пресс-службу акимата Туркестанской области.Юбилейное мероприятие «Бес жыл – бес белес» состоялось в научной библиотеке «Фараб».На мероприятии собрались представители акимата, интеллигенции, поэты, писатели, ученые, деятели культуры, искусства, а тже руководители республиканских и региональных библиотек.

Абай облысында жыл басынан бері 428 мас жүргізуші ұсталды

Arna Press, 20 июля 2026 в 14:28

Абай облысында жыл басынан бері 428 мас жүргізуші ұсталды
Абай облысында мас күйінде көлік жүргізушілерге қатысты бақылау күшейтілген. Полицияның мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері өңірде алкогольдік масаң күйде көлік басқарудың 428 дерегі анықталған, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап. Соңғы бір аптаның өзінде 35 құқық бұзушылық тіркелді.

Суға шомылу маусымы: елімізде 69 баланың өмірі қиылды

Arna Press, 16 июля 2026 в 12:08

Суға шомылу маусымы: елімізде 69 баланың өмірі қиылды
Ішкі істер министрлігі ата-аналарды балалардың судағы қауіпсіздігіне ерекше мән беруге шақырды, деп хабарлайды Arnapress.kz Polisia.kz сілтеме жасап.Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері елімізде өзен, көл және бассейндерде 69 бала суға батып қаза болған. Қайғылы оқиғалардың басым бөлігі шомылуға рұқсат етілмеген әрі арнайы жабдықталмаған су айдындарында тіркелген.Министрлік азаматтарға тек арнайы жабдықталған жағажайларда ғана шомылуға, балаларды су жағасында қараусыз қалдырмауға және оларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіруге кеңес береді.

Семейде мотокөліктің келісірен жол апаты болды

Arna Press, 14 июля 2026 в 16:38

Семейде мотокөліктің келісірен жол апаты болды
Семейде мопед пен басқа да мотокөліктердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны артып келеді. Жыл басынан бері осындай 5 жол апаты тіркелген. Соңғы оқиғалардың бірінде 17 жастағы жүргізуші ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Показано 30 новостей из 876