EKaraganda.kz,
09 сентября 2026
в 17:55
Ожидается, что отопительный сезон в городах и районах области начнётся в период с 1 по 15 октября, в зависимости от погодных условий.На подготовку региона к предстоящему осенне-зимнему периоду в 2026 году предусмотрено 196,4 млрд теңге. Это на 43,8% больше, чем годом ранее.По состоянию на 9 сентября общий уровень выполнения мероприятий по области составляет 99,6%.К отопительному сезону подготовлены 602 локальных теплоисточника, более 1,3 тысячи километров инженерных сетей, 1 116 объектов социальной сферы и 6 068 многоквартирных жилых домов.
Arna Press,
08 сентября 2026
в 17:48
4-7 қыркүйек аралығында Ақтөбе қаласында таеквондодан 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен үздік спортшылар жиналып, WT (World Taekwondo) нұсқасында бақ сынады. Қазақстанда екінші рет ұйымдастырылған чемпионатта Абай облысының намысын қорғаған Ильяс Қайратов 68 келі салмақ дәрежесінде ІІ орын иеленді.
Arna Press,
08 сентября 2026
в 15:48
Астанада жүргізуші куәлігін таныстары арқылы жасап беруге уәде етіп, алты азаматты алдаған ер адам сотталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Баспрокуратураға сілтеме жасап. Ол азаматтардан жалпы сомасы 2,3 млн теңге алған. Алаяқ жүргізуші куәліктерін рәсімдеп беруге уәде еткенімен, өз міндеттемелерін орындамаған.
Arna Press,
07 сентября 2026
в 14:28
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына байқау жариялады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап. Сыйлық 15 номинация бойынша табысталады. Оның ішінде: Үздік волонтерлік ұйым. Корпоративтік волонтерлік көшбасшысы.
Arna Press,
04 сентября 2026
в 16:18
Семей қаласында жылу желілерін ауыстыру жұмыстарына байланысты Момышұлы көшесінің Ибраев көшесінен Чайжунов көшесіне дейінгі аралығында көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап4 қыркүйек сағат 11:00-ден 5 қыркүйек сағат 19:00-ге дейін аталған учаскеде автокөлік құралдарының қозғалысына шектеу қойылады.Жүргізушілерден маршруттарын алдын ала жоспарлап, айналма жолдарды таңдауды және уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды сұралады.Жолдағы қауіпсіздік талаптарын сақтап, мүмкіндігінше балама бағыттарды пайдаланған жөн.Фото: ПД
Arna Press,
04 сентября 2026
в 16:18
Облыс әкімі Берік Уәлидің аудан тұрғындарымен кездесуі Абай ауданынан басталды. Кездесуде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, жүзеге асып жатқан жобалар және алдағы жоспарлар талқыланды, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап.Ауданда ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, туризм және инфрақұрылым салаларына басымдық берілуде.
Arna Press,
04 сентября 2026
в 15:28
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ 2025 жылды 6,9 млрд теңге шығынмен аяқтады, деп хабарлайды Arnapress.kz халықаралық әуежайыға сілтеме жасап. Ал кәсіпорынның өткен жылдардан жинақталған жабылмаған шығыны 36 млрд теңгеге жетті.Осыған байланысты әуежайда қаржылық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған дағдарысқа қарсы бағдарлама жүзеге асырылуда.
Arna Press,
04 сентября 2026
в 11:18
Семейде «38. Соңғы нүкте» толықметражды отандық драма-катастрофасының премьерасы өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Туындыға 2023 жылы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында болған ауқымды өрт оқиғасы арқау болған.«38. Соңғы нүкте» – қазақстандық кинематографияда драма мен апат жанрын ұштастырған туынды.
Arna Press,
04 сентября 2026
в 11:18
Абай облысында құрылыс нысандарының сапасы мен қауіпсіздігіне бақылау күшейтіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Бұл туралы облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен жиында айтылды. Жиында өңірдегі құрылыс нысандарының қазіргі жай-күйі қаралып, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының атқарған жұмысы сараланды.мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Сайлауғалы Байназаровтың мәліметінше, 2025-2026 жылдары облыста 276 жобалық-сметалық құжаттама әзірленген.
Arna Press,
03 сентября 2026
в 17:28
Жыл басынан бері Абай облысының аумағында полиция қызметкерлері көлік құралын масаң күйде басқарған 370 жүргізушіні анықтап, олардың жолын кесті, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап. Олардың қатарында жеңіл және жүк көліктерінің, мотоциклдер мен электросамокаттардың жүргізушілері бар.Абай облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Омаровтың айтуынша, жүргізушінің бір сәттік жауапсыздығы орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін.«Масаң күйде көлік басқару – жауапкершілігі жоғары жүргізуші үшін жол беруге болмайтын әрекет.
Arna Press,
03 сентября 2026
в 14:18
Облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы қалалық маршруттарға қызмет көрсету үшін сатып алынған жаңа жолаушылар автобустарымен танысты, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап.«Таксомоторный парк» ЖШС әлеуметтік маңызы бар №1, 3, 16, 18, 22, 24, 26, 28, 29, 34, 36, 52 және №55 бағыттарға қызмет көрсетеді.
Arna Press,
02 сентября 2026
в 16:38
Абай облысында аумақтардың санитариялық жағдайын жақсарту, қоғамдық тәртіпті сақтау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.Жыл басынан бері полиция қызметкерлері санитариялық тазалық пен абаттандыру талаптарының сақталуына байланысты профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізіп келеді.Нәтижесінде 9 151 құқық бұзушылықтың жолы кесілді.
Arna Press,
02 сентября 2026
в 16:38
Семей қаласында жылу беру маусымына дайындық аясында 7–21 қыркүйек аралығында жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасапОсыған байланысты қаланың оң және сол жағалауындағы тұрғын үйлер мен бірқатар нысандарда ыстық су уақытша тоқтатылады.Сынақтан сәтті өткен учаскелерде ыстық су беру қайта қалпына келтіріледі.
Arna Press,
02 сентября 2026
в 15:18
Абай облысында мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және оларға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап.2023–2027 жылдарға арналған жол картасына сәйкес өңірде 1 255 нысанды бейімдеу жоспарланған.
Arna Press,
02 сентября 2026
в 11:38
Абай облысының Мақаншы ауданында Жалаңашкөл теміржол вокзалы толық жаңартылып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап.Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев қатысты.Жаңғырту жұмыстары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының вокзал инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында жүргізілді.
Arna Press,
01 сентября 2026
в 13:28
Жаңа оқу жылында Абай облысында 100 мыңнан астам оқушы мектепке барса, оның 10 мыңнан астамы алғаш рет мектеп табалдырығын аттап отыр. Семей қаласында биыл 5 мың бүлдіршін бірінші сыныпқа қабылданды, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап. Білім күніне орай облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы Степной кентінде орналасқан №46 жалпы орта білім беретін мектепке барып, оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
Arna Press,
31 августа 2026
в 14:48
VI республикалық «100 ӨЛЕҢ» көркемсөз оқу байқауында мыңдаған қатысушының арасынан суырылып шыққан жеңімпаз, автокөлік иегері Айгүл Бейсенбина додаға дайындық кезіндегі қиындықтары мен қызықтары жайлы айтып берді, деп хабарлайды Arnapress.kz Биылғы байқаудың бас жүлдесін Астана қаласы әкімдігінің №107 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры, педагог-шебер, Ыбырай Алтынсарин төс белгісінің иегері Айгүл Бейсенбина иеленді.Айгүл Базарбайқызы 100 күн ішінде қазақ ақындарының 100 өлеңін жаттап, нағыз көркемсөз оқу шеберлігін көрсетті.«Биылғы «100 ӨЛЕҢ» байқауы ауқымымен де, қатысушылар құрамының ерекшелігімен де есте қалды.
Arna Press,
31 августа 2026
в 13:08
Жаңа оқу жылы қарсаңында Абай облысында оқушыларды тасымалдау қауіпсіздігіне ерекше назар аударылуда, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап. Полиция қызметкерлері мектеп автобустарының техникалық жағдайын, жүргізушілердің құжаттарын, медициналық тексеруден өтуін және балаларды тасымалдауға қойылатын талаптардың сақталуын тексеруде.Сонымен қатар жүргізушілердің белгіленген жылдамдық режимін сақтауына, оқушыларды автобусқа отырғызу және түсіру тәртібіне ерекше мән берілуде.
Arna Press,
27 августа 2026
в 16:18
Семейдегі теміржол вокзалында жөндеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz.Жаңғырту жұмыстары Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының қаражаты есебінен өңірдегі 10 теміржол вокзалы жаңғыртылып жатыр.
Arna Press,
26 августа 2026
в 13:28
2026 жылғы 25 тамыздан бастап электрсамокаттардың тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарымен жүруіне тыйым салынады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.Қазақстанда жыл басынан бері мопед жүргізушілерінің кінәсінен 390 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 33 адам қаза тауып, 461 адам жарақат алған.
Arna Press,
25 августа 2026
в 13:58
Батыс Қазақстан облысындағы «Сырым» ветеринариялық бақылау бекетінzде Қазақстан аумағына 20 тонна тағамдық тауық жұмыртқасын заңсыз кіргізу әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап. Самара — Астана бағыты бойынша келе жатқан жүк көлігін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен бірлесіп тексерген.Тексеру барысында жүктің ветеринариялық ілеспе құжаттарсыз тасымалданғаны анықталды.
Arna Press,
25 августа 2026
в 10:58
26.08.2026 ж. Семей қаласындағы Бозтаев көшесі бойындағы су құбырларындағы жоспарлы-алдын алу жұмыстары аясында сағат 09:00-ден жұмыстар аяқталғанға дейін мына мекенжайлар бойынша сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Arnapress.kz «Семей Водоканалға» сілтеме жасап.Ертіс к-сі, 17а, 17б, 17в, 17г, 17д, 17е, 17ж, 17и, 17к; Өзбек к-сі, 9, 40а, 40б, 40в, 40г, 40д, 40е, 40ж;.
Arna Press,
21 августа 2026
в 14:28
Қазақстан азаматтарына Корея Республикасында заңды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін Employment Permit System (EPS) жүйесі бойынша іріктеу тәртібі түсіндірілді, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.Практикалық іріктеу Алматы қаласында EPS орталығы ашылғаннан кейін басталады.
Arna Press,
21 августа 2026
в 10:18
Семей қаласында өнегелі өмірімен ұрпаққа үлгі болып жүрген отбасыларды дәріптейтін «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталды, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Салтанатты шараға Абай облысының әкімі Берік Уәли қатысты.«Мерейлі отбасы» – отбасы мәртебесін арттырып, ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлін айшықтауға және адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды жоба.
Arna Press,
20 августа 2026
в 15:08
Алматы облысында 20 жеке сот орындаушысының букмекерлік кеңседе тұрақты түрде ойын шоттарын толықтырып, құмар ойындарға жүйелі түрде қатысқаны анықталды. Олардың ойын шоттарына аударған қаражатының жалпы көлемі 180 млн теңгеге жуықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Arna Press,
20 августа 2026
в 10:08
Абай облысында автожанармай құю станцияларының желісі кеңейіп, 2026–2027 жылдары Семей қаласында жаңа форматтағы 12 станция ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап.2020 жылы құрылған «GAS&МҰНАЙ» кәсіпорны жанар-жағармай материалдарын көтерме және бөлшек саудада өткізеді.
Arna Press,
19 августа 2026
в 14:38
«Креативті индустрияларды дамыту қоры» отандық әдебиет, кітап басып шығару және цифрлық оқу технологиялары саласындағы стартаптар мен инновациялық жобаларға арналған грант байқауын жариялады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.Байқау аясында: * 10 грант беріледі; * әр грант көлемі — 5 млн теңге; * жалпы грант қоры — 50 млн теңге.Байқауға комикс, балалар әдебиеті, көркем әдебиет және басқа да әдеби жанрлар бойынша жобалар мен авторлар, сондай-ақ LitTech бағытындағы цифрлық шешім әзірлеушілер қатыса алады.Сонымен қатар мәдени-демалыс, кітапхана, баспа, музей, IT және ойын әзірлеу салаларында жұмыс істейтін ұйымдар мен кәсіпкерлік субъектілері де өтінім бере алады.Маңызды талап: өтініш беруші Қазақстанда тіркеліп, QazaqCreative бірыңғай цифрлық платформасындағы креативті индустрия субъектілерінің тізіліміне енгізілген болуы керек.Өтінім қабылдау мерзімі:.
Arna Press,
19 августа 2026
в 10:38
Бесқарағай ауданында полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде Әуезов көшесінің бойынан ВАЗ-2114 автокөлігін басқарған 27 жастағы жүргізушіні тоқтатуға әрекет жасаған, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.Жүргізуші полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай, көлікпен қашып кетпек болған.
Arna Press,
19 августа 2026
в 02:38
Абай облысына 1241 адамнан тұратын 395 отбасы қоныс аударды. Оның 508-і Семей қаласынан, ал 733 адам еліміздің өзге өңірлерінен көшіп келген, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Жобаның ауқымы соңғы аптадағы көрсеткіштен де байқалады. Бір аптаның ішінде облыс ауылдарына 42 отбасы қоныстанды.
Arna Press,
18 августа 2026
в 13:18
13–16 маусым аралығында Қытайдың Бейжің қаласында өткен 2026 FIRST® LEGO® League Asia Open Championship халықаралық робототехника чемпионатында Семей қаласындағы «Білім-Инновация» лицейінің SBIL•LION•AIRES командасы жүлделі II орынға ие болды.Ауқымды додаға әлемнің 25 елінен 375 команда қатысып, 3500-ге жуық оқушы өзара бақ сынады. Қазақстан атынан Астана мен Алматы қалаларынан, сондай-ақ Ақмола, Қарағанды, Қызылорда және Абай облыстарынан 20-ға жуық команда қатысты.Жарыс қорытындысында Семейлік оқушылар жоғары нәтиже көрсетіп, чемпионаттың күміс жүлдесін иеленді.