Популярные темы

депо: новости — страница 2

Абай облысында терек мамығын өртеуге ескерту жасалды

Arna Press, 28 мая 2026 в 17:38

Абай облысында терек мамығын өртеуге ескерту жасалды
Абай облысы Полиция департаменті терек мамығын қасақана өртеу өрт қауіпсіздігі талаптары мен қоғамдық тәртіпті бұзу болып саналатынын ескертеді, деп хабарлайды Arnapress.kz департаменке сілтеме жасап. Жағдайдың мән-жайы мен салдарына қарай кінәлі тұлғалар келесі баптар бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін:Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 410-бабы бойынша — өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны немесе орындамағаны үшін;ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша — қоғамдық тәртіпті бұзатын ұсақ бұзақылық әрекеттері үшін;кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша балаларды тәрбиелеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін.Егер терек мамығын өртеу салдарынан материалдық шығын келтірілсе немесе ірі өрт орын алса, қылмыстық жауапкершілік те көзделген.Полиция ата-аналарды балалармен профилактикалық әңгіме жүргізуге, ал азаматтарды терек мамығын өртеу немесе өрт фактілері туралы дереу «102» арнасына хабарлауға шақырады.Фото: ЖИ

Абай облысында тұрғынның психиатриялық есепте заңсыз тұрғаны белгілі болды

Arna Press, 28 мая 2026 в 13:48

Абай облысында тұрғынның психиатриялық есепте заңсыз тұрғаны белгілі болды
Абай облысының тұрғыны жүргізуші куәлігін ауыстыру кезінде күтпеген жағдайға тап болған. Ол мемлекеттік қызметтер порталы арқылы құжат рәсімдеуге өтініш берген сәтте психиатриялық есепте тұрғаны туралы мәлімет шыққан, деп хабарлайды Arnapress.kz Жоғарғы сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осыдан кейін азамат аурухана мен облыстық денсаулық сақтау басқармасын сотқа беріп, өзін психиатриялық есепке қоюды заңсыз деп тануды және психикалық науқастардың ұлттық тізілімінен мәліметтерін алып тастауды талап еткен.Іс барысында медициналық мекеме комиссиясы талап қоюшыны есепке қою туралы ақпараттың қате енгізілгенін анықтаған. Қорытындыға сәйкес, азамат тиісті медициналық куәландырусыз және диспансерлік бақылау тәртібін бұза отырып есепке алынған.Алайда уәкілетті орган аурухананың бұл мәліметтерді ақпараттық жүйеден жою туралы өтінішін қараусыз қалдырған.Медициналық мекеме өкілдері талап қоюшының амбулаториялық картасы сақтау мерзімінің аяқталуына байланысты жойылғанын айтқанымен, оны растайтын құжат ұсынылмаған.Ал денсаулық сақтау басқармасының өкілі мәліметтерді тізілімнен алып тастау үшін азамат дәрігерлік-консультациялық комиссияның тексеруінен өтуі қажет екенін мәлімдеген.Абай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты іс материалдарын қарап, талап қоюшыны психиатриялық есепке қою заңсыз болған деген қорытындыға келген.Сот барысында жауапкерлер азаматтың психиатриялық көмекке жүгінгенін, медициналық куәландырудан өткенін, клиникалық бақылауда болғанын немесе медициналық көмек көрсетуге келісім бергенін дәлелдей алмаған.Нәтижесінде сот талап қоюды қанағаттандырып, аурухана мен денсаулық сақтау басқармасына азамат туралы мәліметтерді психикалық науқастардың ұлттық тізілімінен алып тастауды міндеттеді.Фото: ЖИ

Қоғамдық орындарда бет-жүзді жабатын киімге бақылау күшейтілді

Arna Press, 28 мая 2026 в 13:48

Қоғамдық орындарда бет-жүзді жабатын киімге бақылау күшейтілді
Қазақстанда қоғамдық орындарда бет-жүзді толық жабатын киімдерге қатысты талаптарды сақтау бақылауы жалғасуда. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kzВедомствоның хабарлауынша, адамның түр-сипатын тануға кедергі келтіретіндей дәрежеде бетті жабатын киімдерді қоғамдық орындарда киюге тыйым салынған.

Шымкенттік кішкентай барабаншы – әлеуметтік желі жұлдызы

Arna Press, 26 мая 2026 в 16:58

Шымкенттік кішкентай барабаншы – әлеуметтік желі жұлдызы
Шымкенттік ең кішкентай барабаншысы 7 жасар Әли әлеуметтік желіде танымал. Табиғи талант тұнып тұрған. Көрсең көз тояды. Әлидің анасы Шынар Өтепбергенқызымен Arnapress.kz тілшісі сұхбаттасып, ұлының музыкалық қабілеті мен қызығушылығы туралы біліп көрді.«Ұлымның толық аты-жөні Әбсейіт Әли Бекнұрұлы. Әкесі — Әбсейіт Бекнұр Серікұлы. Әлидің барабанға деген қызығушылығы 1,5–2 жасынан басталды. Әкесі кішкентай кезінен өлең айтып, үстелді тарсылдатып ырғақ шығаратын.

Абай облысында гидроэнергетика саласындағы ірі жоба қолға алынды

Arna Press, 26 мая 2026 в 13:28

Абай облысында гидроэнергетика саласындағы ірі жоба қолға алынды
Абай облысының әкімі Берік Уәли компания директорлар кеңесінің төрағасы Шыңғыс Құлжанов бастаған инвесторлармен кездесті, деп хабарлайды Arnapress.kz әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесу барысында гидроэнергетика саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланып, тараптар өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.Аталған құжат аясында Ертіс өзенінде жалпы қуаттылығы 900 мегаватт болатын Белокаменская, Ақжар және Известковская су электр стансаларын салу жоспарланған.

Семейдегі көпірде жол қауіпсіздігін арттыру үшін жаңа таңбалар орнатылды

Arna Press, 26 мая 2026 в 10:58

Семейдегі көпірде жол қауіпсіздігін арттыру үшін жаңа таңбалар орнатылды
Семей қаласындағы көпірлердің бірінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жарық шағылыстыратын жол таңбалары орнатылды, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл шара жүргізушілердің қауіпсіздігін арттырып, жолдағы көріну деңгейін жақсартуға бағытталған.

Ақсу — Жаңа — Семей теміржол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды

Arna Press, 26 мая 2026 в 10:58

Ақсу - Жаңа - Семей теміржол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Қазақстанда теміржол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Arnapress.kz «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ҚТЖ инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында Ақсу — Жаңа Семей теміржол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі толық аяқталды.Ұзындығы 139 шақырымды құрайтын учаскеде басқаруды орталықтандырудың заманауи микропроцессорлық жүйесіне жеті бөлек пункт қосылды.

Жазда қазақстандықтар қайда саяхаттайды? Ең танымал бағыттар белгілі болды

Arna Press, 26 мая 2026 в 10:58

Жазда қазақстандықтар қайда саяхаттайды? Ең танымал бағыттар белгілі болды
Жазғы демалыс маусымында қазақстандықтар арасында көл жағалауы, теңіз курорттары мен туристік қалаларға сұраныс дәстүрлі түрде артады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚТЖ сілтеме жасап. Биыл да жолаушылар ең көп таңдаған бағыттардың қатарында Алакөл, Балқаш, Каспий теңізі жағалауы, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан және Бурабай бар.Ең танымал бағыттардың көшін Алакөл бастап тұр.

Семейде Құрбан айт мерекесіне орай мал сататын және союға арналған орындар

Arna Press, 25 мая 2026 в 17:58

Семейде Құрбан айт мерекесіне орай мал сататын және союға арналған орындар
Құрбан айт мерекесіне орай құрбандыққа шалынатын малды сату және сою үшін арнайы белгіленген орындар анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап. Тірі малды сатуға арналған арнайы орындар:«Северный» СЛО — Северный промузел көшесі, №2. «JOLAMAN» СЛО — Семей-Алматы трассасы, №7/1Мал союға арналған арнайы пункттер:«Семей–Вет» ЖШС — Космонавтов көшесі, №1 (Дальняя ауданы).

Соңғы қоңырау: Абай облысында 15 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасты

Arna Press, 25 мая 2026 в 13:18

Соңғы қоңырау: Абай облысында 15 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасты
Бүгін Абай облысындағы мыңдаған оқушы үшін соңғы қоңырау соғылып, 2025-2026 оқу жылы өз мәресіне жетіп отыр, деп хабарлайды Arnapress.kz білім басқармасына сілтеме жасап. Биыл өңірдегі 314 мектепте 100 мыңнан астам оқушы оқу жылын аяқтайды. Оның ішінде 15 мыңнан аса түлек үлкен өмірге қадам басқалы тұр.

Алматыда автокортежбен жол ережесін бұзған түлектер анықталды

Arna Press, 25 мая 2026 в 13:18

Алматыда  автокортежбен жол ережесін бұзған түлектер анықталды
Алматы қаласында «Соңғы қоңырау» мерекесіне арналған салтанатты іс-шаралар қарсаңында мектеп түлектерінің қатысуымен ұйымдастырылған автокортеж тоқтатылды, деп хабарлайды Arnspress.kz Polisia.kz.cілтеме жасап.Бұған дейін мұндай іс-шараларды өткізуге тыйым салынғаны жөнінде тұрғындарға бірнеше рет түсіндіру жұмыстары жүргізілгеніне қарамастан, түлектердің бір тобы қала көшелерінде автокөліктер колоннасын ұйымдастырып, жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын өрескел бұзған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде кәмелетке толмаған 21 жасөспірімнің ата-анасы балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Семейдегі базарлар кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр

Arna Press, 25 мая 2026 в 12:08

Семейдегі базарлар кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр
Семейдегі сауда базарлары жаңарып, қала келбеті кезең-кезеңімен жаңғыртылып жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімінің баспасөзіне сілтеме жасап.Облыс әкімінің қатысуымен өткен аппараттық кеңесте базарларды ретке келтіру, заңсыз құрылыстарды жою және сауда нысандарының сыртқы келбетін жаңарту мәселелері қаралды.Қазіргі таңда «СМОКК» базарында дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

ІІМ ескертті: аккаунтыңызды бөгде адамға бермеңіз

Arna Press, 25 мая 2026 в 10:58

ІІМ ескертті: аккаунтыңызды бөгде адамға бермеңіз
Қазақстан ІІМ азаматтарды әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі аккаунттарын бөгде адамдарға бермеуге шақырды, деп хабарлайды Arnapress.kz министрлікке сілтеме жасап. Ведомствоның мәліметінше, алаяқтар жасөспірімдерден sim-карталар мен тіркелген аккаунттарды сатып алып, оларды заңсыз мақсатта пайдалануда.Полиция өкілдерінің айтуынша, кәмелетке толмағандар кей жағдайда материалдық сыйақы үшін өз атына sim-карта рәсімдеп, оны мессенджерлер мен әлеуметтік желілерге тіркегеннен кейін үшінші тұлғаларға береді.

Семейде жазда шомылуға болатын жағажайлар

Arna Press, 22 мая 2026 в 17:28

Семейде жазда шомылуға болатын жағажайлар
Семей тұрғындары жазда қай жерге шомылуға, суға түсуге болады, қай жер қауіпсіз? Немесе қай аймаққа шомылуға болмайды? Осы сұрақтарға Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Қасенов Ернар және Семей қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Бураханова Ақтоты жауап берді деп Arnapress.kz хабарлайды«Семей қаласында шомылу маусымы 1 мамырдан басталып, 31 тамызда аяқталады. Қала аумағында су айдындарында жаппай демалуға арналған 3 орын белгіленген.

Абай облысында арнайы экономикалық аймақ құрылады

Arna Press, 22 мая 2026 в 16:18

Абай облысында арнайы экономикалық аймақ құрылады
Абай облысының аумағында арнайы экономикалық аймақ құру бастамасы Үкімет деңгейінде қолдау тапты, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл мәселе Үкімет отырысында қаралып, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру, жаңа жобаларды іске асыру және инвестициялық әлеуетті кеңейту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі таныстырылды.2025 жылдың басынан бері облыста инвестициялық пулға енгізілген жобалар саны 29-дан 112-ге дейін өсіп, тартылған инвестиция көлемі 2,2 трлн теңгеден 4,3 трлн теңгеге жеткен.Облыс әкімі Берік Уәлидің айтуынша, 2026 жылы жалпы құны 131,2 млрд теңгені құрайтын 41 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған.

Жарақаттану өсімі: құрылыс секторында жаңа қатаң шаралар қабылданбақ

Arna Press, 22 мая 2026 в 14:58

Жарақаттану өсімі: құрылыс секторында жаңа қатаң шаралар қабылданбақ
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде құрылыс саласындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелеріне арналған кеңес өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев құрылыс нысандарында еңбек қауіпсіздігі талаптарына формалды қарау және негізгі нормаларды елемеу мемлекеттік саясат қағидаттарына қайшы екенін атап өтті.Оның айтуынша, қазіргі таңда құрылыс қарқыны күшейіп, маусым қызған кезеңге жеткендіктен, әрбір нысанда қауіпсіздік талаптарының сақталуына қатаң бақылау қажет.Бұған дейін Мемлекет басшысы елордадағы құрылыс саласында өндірістік жарақаттану деңгейінің өсуіне назар аударып, жұмысшылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырған болатын.Осыған байланысты еңбек қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізі ретінде 2026 жылғы 15 наурызда қабылданған жаңа конституциялық қағидаттар көрсетілді.

Садақтың сыры — сабырда: Маңғыстаулық мерген қыздың нысанаға жетелеген жолы

Arna Press, 22 мая 2026 в 12:48

Садақтың сыры - сабырда: Маңғыстаулық мерген қыздың нысанаға жетелеген жолы
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданының Ұштаған ауылында дүниеге келген садақшы Рима Қайырғалиқызымен Arnapress.kz тілшісі сұхбаттасып, бұл спортқа қалай келгенін, өмір жолымен танысты.Ол бүгінде қазақ қыздарының қайсарлығы мен табандылығын дәлелдеп жүрген жас спортшылардың бірі. Табиғатпен біте қайнасқан ауыл өмірі, ұлттық рух пен қарапайым тәрбие оның мінезін ерте қалыптастырды. Әбіш Кекілбайұлы білім алған мектептен түлеп ұшқан Рима кейін Ш.Есенов атындағы университетте білім алып, өз жолын спортпен байланыстырған.

Үздік курсанттарға енді «аға лейтенант» атағы беріледі

Arna Press, 22 мая 2026 в 12:48

Үздік курсанттарға енді
19 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша бірқатар заңнамалық өзгерістерді қамтитын заңға қол қойды, деп хабарлайды Arnapress.kz Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. Осыған байланысты «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңға толықтырулар әзірленді.

2025–2026 оқу жылындағы қорытынды емтихан мерзімдері бекітілді

Arna Press, 22 мая 2026 в 11:28

2025–2026 оқу жылындағы қорытынды емтихан мерзімдері бекітілді
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына сәйкес, 2025–2026 оқу жылындағы мектеп бітірушілерге арналған қорытынды аттестацияның мерзімдері анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.9-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандар 2026 жылғы 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді.

Астанада «Былғары доп» ұлттық мектеп лигасының республикалық кезеңі аяқталды

SportInfo, 22 мая 2026 в 10:56

Астанада «Былғары доп» ұлттық мектеп лигасының республикалық кезеңі аяқталды
Астанада 7-8 сынып оқушылары арасында «Былғары доп» ұлттық мектеп лигасы республикалық кезеңінің матчтары мәресіне жетті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Жарыс 16-21 мамыр аралығында Футбол үйінде өтті. Турнирге еліміздің барлық облыстары мен мегаполистеріндегі өңірлік іріктеу кезеңдерінде жеңіске жеткен 17 үздік мектеп командасы қатысты.

Абай облысында мәдениет саласының үздіктері марапатталды

Arna Press, 21 мая 2026 в 15:48

Абай облысында мәдениет саласының үздіктері марапатталды
21 мамыр — Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Абай облысының әкімі Берік Уәли сала мамандарымен кездесіп, кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Шара барысында мәдениет саласында ұзақ жыл еңбек етіп, жоғары кәсіби шеберлігімен көзге түскен бірқатар азаматтарға мемлекеттік наградалар мен марапаттар табысталды.

25 жылдық еңбекке жаңа мүмкіндік: әскери қызметте үлкен өзгеріс

Arna Press, 21 мая 2026 в 15:48

25 жылдық еңбекке жаңа мүмкіндік: әскери қызметте үлкен өзгеріс
Мәжіліс депутаттары әскери қызметшілердің құқықтық жағдайын жетілдіруге бағытталған бірқатар заңнамалық түзетулерді қолдады. Жаңа өзгерістер қорғаныс және әскери қызмет саласындағы әлеуметтік кепілдіктерді кеңейтуді көздейді, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Парламентінің Мәжілісіне сілтеме жасап. Атап айтқанда, төтенше жағдайларды жоюға, терроризмге қарсы операцияларға және төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге тартылатын Қарулы Күштер мен Шекара қызметі әскери қызметшілеріне үш есе мөлшерде ақшалай төлем белгілеу ұсынылды.

Абай облысында ауыл мәселесін шешуге арналған жобаларға грант бөлінеді

Arna Press, 21 мая 2026 в 13:38

Абай облысында ауыл мәселесін шешуге арналған жобаларға грант бөлінеді
Абай облысында ауылдық ҮЕҰ-дарға арналған шағын гранттар байқауы басталды, деп хабарлайды Arnapress.kz облыстың ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап. Енді ауылдағы бастамашыл ұйымдар өз жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік ала алады. Байқау ауылдық аумақтарды дамытуға, жергілікті мәселелерді шешуге және азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған.Әр жобаға 500 мың теңгеге дейін грант қарастырылған.

Қазақстанда енді әр лагерь бес жылдық лицензиямен ғана жұмыс істейді

Arna Press, 21 мая 2026 в 13:38

Қазақстанда енді әр лагерь бес жылдық лицензиямен ғана жұмыс істейді
Қазақстанда балалар лагерьлеріне қойылатын талап күшейтілді. Енді еліміздегі балалар сауықтыру орталықтары бірыңғай стандарт бойынша жұмыс істейді, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. Оқу-ағарту министрлігі 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап алғаш рет балалар лагерьлерін лицензиялау жүйесін енгізді.

Өмірді жалғайтын мүмкіндік: бір донор қанша жанды құтқара алады?

Arna Press, 21 мая 2026 в 13:38

Өмірді жалғайтын мүмкіндік: бір донор қанша жанды құтқара алады?
Бүгінде Қазақстанда ағза трансплантациясы көптеген науқас үшін өмірді жалғастырудың жалғыз мүмкіндігіне айналып отыр. А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы басқарма төрағасы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас трансплантологы Болатбек Баймаханов елімізде донорлық пен ағза ауыстыру саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Мойынқұм ауданында алтын өндіретін кәсіпорын аумағына заңсыз кіргендер ұсталды

Arna Press, 20 мая 2026 в 17:48

Мойынқұм ауданында алтын өндіретін кәсіпорын аумағына заңсыз кіргендер ұсталды
Сот мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 28 сәуірге қараған түні болған. Жеке күзет ұйымы күзететін, қауіпті өндірістік нысан саналатын алтын өндіруші кәсіпорын аумағына 20 азамат заңсыз кірген, деп хабарлайды Arnapress.kz Жамбыл облысы соттарының ресми Telegram арнасында сілтеме жасап. Іс Мойынқұм аудандық сотында қаралып, барлық құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындаған.

«Су астында адам өзін де, өмірді де басқаша таниды»: Маңғыстаулық дайвер Қанат Әбдиев

Arna Press, 20 мая 2026 в 12:48

Дайвер деген кім? Бұл — арнайы жабдықтың көмегімен су астына сүңгіп, теңіз бен мұхиттың тылсым әлемін зерттейтін адам. Көпшілік дайверлер міндетті түрде теңіз жағасында туып-өсуі керек деп ойлайды. Алайда бүгінгі кейіпкеріміз Қанат Әбдиевтің тағдыры бұл түсінікті өзгертеді. Ол — бала күнінде теңізді көрмей өскен қыр баласы.

Қарағайлыда көпқабатты 13 үйдің құрылысы жүріп жатыр

Arna Press, 19 мая 2026 в 18:58

Қарағайлыда көпқабатты 13 үйдің құрылысы жүріп жатыр
Семейдегі Қарағайлы шағын ауданында жаңа тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Бүгін облыс әкімі Берік Уәли қаладағы құрылыс нысандарын аралау барысында аталған ықшам ауданда салынып жатқан көпқабатты үйлердің жұмысымен танысты.Қазіргі таңда мұнда 13 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Семейдегі жаңа көпір биыл пайдалануға беріледі

Arna Press, 19 мая 2026 в 16:48

Семейдегі жаңа көпір биыл пайдалануға беріледі
Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, маңызды жобалардың жүзеге асу барысымен танысты, деп хабарлайды Arnapress.kz әкімдік баспасөзіне сілтеме жасапАймақ басшысы алдымен ескі автогуж көпірінің маңында салынып жатқан жаңа көлік өткелінің құрылысын көрді.Президент тапсырмасымен қолға алынған стратегиялық маңызы бар жобаның құрылысы 2022 жылы басталған. Ұзындығы 810 метр, ені 23 метр болатын көпірдің жалпы құны 47,3 миллиард теңгені құрайды.Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 65 пайызы аяқталған.

«Көшеттерді пакетпен егуге болмайды»: Семейдегі даулы мәселеге маман пікір білдірді

Arna Press, 19 мая 2026 в 16:48

Семей қаласында Қарағайлы ауданындағы көшеттерге қатысты мәселе тұрғындар арасында әлі де талқылануда, деп хабарлайды Arnapress.kz Бұған дейін аулаға егілген көшеттер көктемей, қурап қалғаны жөнінде айтылған болатын. Қараша айында отырғызылған көшеттер пакетпен бірге егілген. Кейін жауапты мамандар келіп, сол пакеттерді алып тастап, көшеттерді қайта отырғызған.
Показано 30 новостей из 2 192