Жаңасемей ауданының Приречное ауылдық округінде «TANGSOLPAN» ЖШС кірпіш зауытының құрылысы басталды, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап.
Қытайлық серіктестермен бірлесіп жүзеге асырылатын жобаның жалпы инвестициялық құны — 1,5 млрд теңге. 3 гектар аумақта орналасатын заманауи кәсіпорын тәулігіне 100 мың данаға дейін, ал жылына 36,4 млн дана кірпіш өндіретін болады.
Зауытта кірпіштің 4 түрі шығарылады. Өндірістің заманауи цифрлық технологиялармен жабдықталуы өңірдегі құрылыс материалдарына деген сұранысты қамтамасыз етіп, сырттан жеткізілетін өнімге тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда құрылыс алаңында 25 жұмысшы мен 5-10 арнайы техника жұмылдырылған. Электр желілерін тарту, су ұңғымаларын бұрғылау және құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Жаңа кәсіпорын — жаңа жұмыс орындары, жаңа өндіріс және аудан экономикасына жаңа серпін.
Фото: Облыс әкімдігінің баспасөзі
По сообщению сайта Arna Press