Популярные темы

Абай облысында жол-көлік оқиғасынан төрт адам қаза тапты

Дата: сегодня в 11:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысында жол-көлік оқиғасынан төрт адам қаза тапты

2026 жылғы 26 тамызда сағат шамамен 15:30-да Семей–Курчатов тасжолының 35-шақырымында екі автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, Chevrolet Nexia автокөлігінің жүргізушісі алдында келе жатқан «Газель» көлігін басып озу кезінде қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Сол сәтте қарсы бағытта келе жатқан Kia Rio автокөлігімен соқтығысқан.

Қатты соққы салдарынан екі көліктің де жүргізушілері мен жолаушылары алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты.

Аталған факті бойынша көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.
Фото: Полиция департаменті видеосынан скрин

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями