Arna Press,
07 августа 2026
в 11:48
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Қазақстанның Вьетнам Социалистік Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға жәрдемдесті деген күдікке ілінген Қазақстан азаматын елге экстрадициялады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.Тергеу мәліметінше, күдікті 2025 жылдың қаңтарында әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы заңсыз интернет-казиноны жарнамалап, Қазақстан азаматтарын құмар ойындарға қатысуға тартқан.
Arna Press,
06 августа 2026
в 14:28
Қызылорда облысының прокуратурасы 2026 жылдың басынан бері алимент төлеу жөніндегі міндеттемелерін қасақана орындамаған борышкерлерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша 32 қылмыстық іс тіркелді, деп Arnapress.kz хабарлайды ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, алимент төлеуден жалтарған тұлғаларға 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, екі жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.Қазіргі таңда тіркелген істердің нәтижесінде:.
Arna Press,
04 августа 2026
в 13:48
Қазақстанда ломбардтардан автокөлік пен өзге де жылжымалы мүлік кепілімен алынған микрокредиттер бойынша мерзімі өткен төлемдер туралы ақпаратты несие тарихынан алып тастау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.Тиісті құжатты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) әзірледі.Жобаға сәйкес, өзгерістер күшіне енгеннен кейін несие есебінде мұндай микрокредиттер бойынша төлемнің қанша күнге кешіктірілгені, мерзімі өткен берешек сомасы, есептелген айыппұлдар мен өсімпұлдар, сондай-ақ соңғы төлем жасалған күн көрсетілмейді.Сонымен қатар, несие бюролары қарыз толық өтеліп, шарт тоқтатылғанға дейін мұндай микрокредиттің мәртебесін «Қолданыстағы» ретінде көрсетуге міндетті болады.Бұдан бөлек, несие есептерінде азаматтың несие алудан ерікті түрде бас тарту белгісін қойғаны немесе оны алып тастағаны туралы ақпарат та көрсетіледі.ҚНРДА қаулысының жобасы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.Еске салайық, бұған дейін Ұлттық банк қарыз алушыларды бағалаудың жаңа тетігін – қарыздың табысқа арақатынасы (ҚТА) коэффициентін енгізу мүмкіндігін қарастырып жатқаны хабарланған болатын.
Arna Press,
03 августа 2026
в 13:38
Жарма ауданына қарасты Үкілі ауылы ресми түрде «Алкогольсіз ауыл» мәртебесіне ие болды, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.Бұл — ауыл тұрғындарының қоғамдық тәртіпті нығайтуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және қауіпсіз орта құруға бағытталған ортақ бастамасының нәтижесі.51 тұрғыны бар, 17 шаңырақтан тұратын ауыл халқы алкоголь өнімдерінен саналы түрде бас тартып, татулық пен бірліктің үлгісін көрсетіп отыр.
Arna Press,
03 августа 2026
в 13:38
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде заңсыз қаржы алу схемаларын анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚМА баспасөзіне сілтеме жасап.Тергеу барысында шамамен 140 мың азаматтың медициналық ұйымдарға жалған тіркелгені және көрсетілмеген медициналық қызметтер туралы жалған мәліметтердің енгізілгені белгілі болды.Қазіргі таңда аталған фактілер бойынша 36 қылмыстық іс тергелуде.
Arna Press,
30 июля 2026
в 16:28
Астанада Креативті индустрияларды дамыту қорының бастамасымен «Ұлттық қолөнер мектебі» білім беру жобасы іске қосылды, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап. Жоба балалар мен жастар арасында қазақтың дәстүрлі қолөнерін дәріптеп, ұлттық мәдени мұраны сақтауға бағытталған.Бағдарлама аясында еліміздің әр өңірінен іріктелген 208 оқушы танымал қолөнер шеберлерінен тегін білім алады.
Arna Press,
27 июля 2026
в 11:58
Өскемен гарнизоны Әскери полиция бөлімі 27943 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісіне іздеу жарияланды, деп хабарлайды Arnapress.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2026 жылғы 23 шілде күні сағат 06:30 шамасында 2004 жылғы 31 наурызда туған қатардағы Мархан Айқын Ерланұлы тәуліктік наряд құрамында зымыран-артиллериялық қару-жарақ қоймасы бойынша кезекші көмекшісі (күндізгі кезекші) міндетін атқару кезінде қызмет орнын өз бетінше тастап кеткен. Өзінде қару болмаған.
Arna Press,
23 июля 2026
в 14:28
Қазақстандық Бауыржан Бақытжанұлы көп әйел алу жөнінде жазбалар жариялағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасаған Arnapress.kz хабарлайды.Автордың жеке басы анықталды. Оған құқыққа қайшы контент орналастырғаны үшін Қ азақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабының 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
Arna Press,
22 июля 2026
в 20:08
Алматыда Таиландтан аса ірі көлемде есірткі алып өтпек болған 22 жастағы Қазақстан азаматшасы 16 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Arnapress.kz Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап. Сот оның жалпы салмағы 8,8 келі каннабис сығындысы салынған екі чемоданды ақшалай сыйақы үшін Қазақстанға жеткізуге келіскенін анықтады.
Arna Press,
21 июля 2026
в 11:28
2026 жылғы 20 шілдеде Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында найзағайдың салдарынан 55 орман өрті тіркелді. Өрт ошақтары еліміздің бірнеше өңірінде бір мезгілде өткен найзағайлы фронттан кейін пайда болған, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР экология және табиғи ресурстар министріне сілтеме жасап. Өрттердің басым бөлігі Абай облысындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында тіркелді – 41 өрт.
SportInfo,
20 июля 2026
в 14:36
Венгрия астанасында 15-19 шілде аралығында өткен Имре Поляк, Янош Варга және Иштван Козма мемориалы мәресіне жетті. United World Wrestling күнтізбесіне енген маусымның қорытынды рейтингтік турнирінде Қазақстан құрамасы еркін, әйелдер және грек-рим күресінен барлығы 12 медаль – 2 алтын, 3 күміс және 7 қола жүлде иеленді.
Arna Press,
20 июля 2026
в 14:28
Абай облысында мас күйінде көлік жүргізушілерге қатысты бақылау күшейтілген. Полицияның мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері өңірде алкогольдік масаң күйде көлік басқарудың 428 дерегі анықталған, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап. Соңғы бір аптаның өзінде 35 құқық бұзушылық тіркелді.
Arna Press,
16 июля 2026
в 12:08
Ішкі істер министрлігі ата-аналарды балалардың судағы қауіпсіздігіне ерекше мән беруге шақырды, деп хабарлайды Arnapress.kz Polisia.kz сілтеме жасап.Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері елімізде өзен, көл және бассейндерде 69 бала суға батып қаза болған. Қайғылы оқиғалардың басым бөлігі шомылуға рұқсат етілмеген әрі арнайы жабдықталмаған су айдындарында тіркелген.Министрлік азаматтарға тек арнайы жабдықталған жағажайларда ғана шомылуға, балаларды су жағасында қараусыз қалдырмауға және оларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіруге кеңес береді.
Arna Press,
13 июля 2026
в 16:48
Әр баланың бойындағы талантты дер кезінде байқап, оны шыңдау — ең алдымен ата-ананың қолдауынан басталады. Ы.Алтынсарин атындағы №37 мектептің 5 «В» сынып оқушысы Азиза Касенова – жастығына қарамастан халықаралық, республикалық және облыстық байқауларда топ жарып жүрген дарынды оқушылардың бірі. Оның шығармашылық жолы, жетістіктері мен армандары туралы анасы Айнұр Касымжанова Arnapress.kz тілшісіне әңгімелеп берді.Айнұрдың айтуынша, Азиза кішкентай кезінен өнерге жақын болып өскен. Ән айтуға, музыка тыңдауға ерекше қызығушылық танытып, кейін жетіген аспабын меңгеруге бел буған.
Arna Press,
07 июля 2026
в 14:18
Семей қаласында полиция қызметкерлері Восточный кенті аумағында жасалған бірнеше мүліктік қылмысты ашты, деп хабарлайды Arnapress.kz департаментке сілтеме жасап.Тергеу барысында сегіз ұрлық дерегіне қатысы бар деген күдікпен 42 жастағы қала тұрғыны ұсталды.Полицияның мәліметінше, құқық қорғау органдарына тұрғындардан жеке үйлерден, шаруашылық құрылыстарынан, гараждардан, салынып жатқан үйден, кілем жуу цехынан мүліктің ұрланғаны, сондай-ақ тұрғын үй ауласынан велосипедтің қолды болғаны туралы сегіз арыз түскен.Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған күдікті анықталып, ұсталған.
SportInfo,
04 июля 2026
в 10:36
Таиландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан U20 жас санатындағы Азия чемпионатында әйелдер күресінен бәсекелер аяқталды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Қазақстандық балуан қыздар сары құрлық біріншілігінде екі күміс және үш қола медаль жеңіп алды.
Akorda.kz (KZ),
02 июля 2026
в 19:26
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Akorda.kz (KZ),
02 июля 2026
в 18:56
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Akorda.kz (KZ),
01 июля 2026
в 16:16
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
26 июня 2026
в 17:28
Жаз мезгілі басталысымен Алакөлге ағылатын демалушылар саны арта түседі. Қазақстандағы ең танымал демалыс орындарының бірі саналатын көлдің емдік қасиеті көпшілікке белгілі. Биыл Алакөлге Семейден Arnapress.kz тілшісі де барып қайтып, демалыс аймағындағы оң және теріс тұстарды өз көзімен көрді.Алдымен жол мәселесіне тоқталсақ.
SportInfo,
25 июня 2026
в 14:56
Қазақстан құрамасы семсерлесуден Азия чемпионатын соңғы жылдардағы ең үздік нәтижелерінің бірімен аяқтап, бес сайыс түрінен екі алтын және үш қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Қазақстан семсерлесу федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Турнирдің басты қорытындысы тек бес жүлдемен шектелмейді. Қазақстан құрамасы тарихта алғаш рет ерлер және әйелдер арасындағы жалпыкомандалық есепте бірдей үшінші орынға ие болды.
SportInfo,
25 июня 2026
в 13:06
Қазақстандық шахматшы Алуа Нұрман 2026 жылғы рапид және блиц бойынша командалық әлем чемпионатындағы басты кейіпкерлердің біріне айналды. Оның ойынының арқасында Barys командасы рапид турнирінде медальға соңғы сәтке дейін үміткер болды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Akorda.kz (KZ),
24 июня 2026
в 02:06
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Akorda.kz (KZ),
24 июня 2026
в 01:56
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
EKaraganda.kz,
20 июня 2026
в 18:15
Генеральная прокуратура разъяснила постановление №81 Конституционного суда от 8 июня 2026 года, которое касается сроков, в течение которых работники могут обратиться в суд за защитой своих прав.Поводом для рассмотрения стало дело гражданина, который после увольнения потребовал оплату сверхурочной работы за период с 2021 по 2024 год.
Akorda.kz (KZ),
18 июня 2026
в 19:26
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
SportInfo,
10 июня 2026
в 11:46
«Касперский зертханасы» FIFA 2026 Футбол әлемі чемпионатының қарсаңында онлайн-алаяқтықтың жаңа толқыны туралы ескертеді. Зиянкестер жалған сайттар жасап, алдамшы хаттар таратуда — бұл үшін олар турнир төңірегіндегі ахуалды пайдаланып, әр елден ынталы болашақтарды аулауға тырысады. Kaspersky GReAT сарапшыларының зерттеуі көрсеткендей, тіпті чемпионат өтетін елдердің бірінде тегін Wi-Fi желісіне қосылудың өзі жеке деректерді жоғалтуға әкелуі мүмкін.
SportInfo,
06 июня 2026
в 07:06
Жұптық сында елдің үздік теннисшісі Анна Данилина Франция ашық чемпионатының бас жүлдесіне таласады. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Әйелдер арасындағы жұптық бәсекенің жартылай финалында Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге Сюко Аояма (Жапония) / Лян Энь-Шо (Тайвань) тандемін қапы қалдырды.
SportInfo,
04 июня 2026
в 11:06
2026 жылдың 3-11 маусым аралығында Ақтөбеде «Владимир Дворковичті еске алу – Aktobe Open 2026» халықаралық шахмат турнирі өтуде. Жарысқа әлемнің 21 елінен – Армения, Әзербайжан, Болгария, Қытай, Хорватия, Англия, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Норвегия, Румыния, Ресей, Словения, Сербия, Швеция, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Украина және АҚШ-тан 210 қатысушы жиналды.
SportInfo,
01 июня 2026
в 13:36
Елордада өңірлерден келген 100-ден астам жас спортшының басын қосқан «Динара Сәдуақасованың шахмат кубогы – 2026» республикалық турнирі өтті. Турнир швейцариялық жүйе бойынша FIDE халықаралық рейтингін есептей отырып ұйымдастырылды. Ал жарыстың жалпы жүлде қоры 1 000 000 теңгені құрады. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Қазақстан шахмат федерациясы баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.