Семейде жаңа жылдық бас шыршаның шамы жағылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Шырша биіктігі 19 метрді құрайды. Жаңа жыл мерекесінің нышанын безендіруге 2000 метрден астам жарықдиодты гирляндалар пайдаланылды және жүзден астам түрлі ойыншықтар ілінді.Қала тұрғындарына ертегі кейіпкерлерінің, би ұжымдарының, Мәдениет үйінің әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды.