Популярные темы

Солтүстік Арал теңізінде су көлемі артты

Дата: 24 июня 2024 в 13:18


Солтүстік Арал теңізінде су көлемі артты
Стоковые изображения от Depositphotos

Бүгін, 2024 жылдың 24 маусымында Қазақстанның Су ресурстары және ирригация министрлігі Солтүстік Арал теңізіндегі су деңгейі туралы айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

2024 жылдың басынан Солтүстік Арал теңізіне 1,1 млрд текше метр су келді. Осылайша, бүгінде Солтүстік Аралдағы су көлемі 21,4 млрд текше метрге жетті.

Құрамына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан кіретін Мемлекетаралық су шаруашылығы комиссиясының 86-шы отырысында тараптар суару маусымында Солтүстік Аралға ағын секундына кемінде 30 текше метр болады және 997 млн текше метр су жіберіледі деп келісті. Қазір теңізге секундына 50 текше метр су келеді. Бір жыл бұрын ағын секундына 6 текше метр болатын.

Осыған дейін Солтүстік Аралды оңтүстіктен бөліп тұрған Көкарал бөгетінің құрылысы аяқталған болатын. Бөгет Солтүстік Аралда су деңгейін көтеруге мүмкіндік берді.

«Бөгет пайдалануға берілгеннен бүгінгі күнге дейін Сырдария өзенінен Солтүстік Арал теңізіне 46,6 млрд текше метр су келді. Ал соңғы 7 жылда теңізге 13,3 млрд текше метр су түсті. Соңғы жылдары Солтүстік Аралдың су көлемі азайды, алайда 2024 жылдың басынан бастап деңгейі қайта көтеріле бастады және бүгінде 21,4 млрд текше метрге жетті», – деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

Айта кету керек, Сырдария өзені ағынының 75%–ы Қырғызстанда, 20%–ы Өзбекстанда және 5%-ы Қазақстанда қалыптасады.

2024 жылдың 18 маусымында Қырғызстан Қазақстанға миллиондаған текше метр суару суын беретіні белгілі болды.

Сурет: Telegram/QR_Su_resurstari_ministrligi

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями