Популярные темы

Үйлену маусымы: осы жазда мереке үшін қандай күндерді таңдамаған абзал

Дата: 18 июня 2024 в 20:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Үйлену маусымы: осы жазда мереке үшін қандай күндерді таңдамаған абзал
Стоковые изображения от Depositphotos

Жаз келді, демек той маусымы да басталды. Қазақстандық нумеролог Айсұлу Ахтимова мереке үшін қай күндерді таңдамаған дұрыс екенін айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, Меркурийдің ретроградтық кезеңдеріне үйлену тойын жоспарламаңыз. Күн жүйесіндегі ең кішкентай планетаның еркелігі кезінде абай болу керек.

Айсұлу Ахимова кеңес бергендей, ең алдымен, 2024 жыл кібісе жыл екенін ескеру керек. Бұл дегеніміз, ағымдағы жылы үйлену тойын өткізу қауіпті бастама.

Ол мұндай маңызды іс-шараны ең дұрысы алты айға шегеріп, 2025 жылға жоспарлау керек екендігін айтты.

«Осыған қарамастан ағымдағы жылы отбасын құруға бел байласаңыз, адамға жеке қатысы бар ретроградтық планеталардың кезеңдерінде той жасаудан аулақ болғаныңыз жөн. Оларды жеке планеталар деп атайды. Бұл Марс, Венера және Меркурий. Басқа планеталар — адамдарға қатты әсер етпейді», — деп атап өтті сарапшы.

Осыған байланысты, Меркурийдің ретрограды 5-28 тамыз аралығында болатынын ескере отырып, жалпы тамыз некеге қолайлы емес деп айтуға болады.

Ал, керісінше шілде айы маманның айтуынша, үйлену тойына өте қолайлы.

Оңтайлы күндер: 7-21 шілде аралығы. Егер жекелеп алсақ, онда осы айдың 11, 12, 14, 18 және 21-і той жасауға таптырмас күндер.

Дегенмен бақытты отбасылық өмірдің кілті – сандарда емес, бір-біріне деген махаббат пен сыйластықта. Сондықтан кез-келген күнді жағымды энергиямен толтыруға тырысу керек, осылайша сіздің одағыңыз берік және махаббатыңыз ұзаққа созылады.

Сурет: pexels

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями