Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен түсірілген қазақстандық «Паралимпиец» фильмі Үндістанда (Мумбай қ.) өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының кинофестивалінде жоғары марапатқа ие болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Режиссер Алдияр Байрақымовтың «Паралимпиец» фильміндегі басты рөлді сомдаған Асқар Ілиясов «Үздік ер адам рөлі» сыйлығын жеңіп алды.Фестивальге 14 елден барлығы 57 туынды ұсынылды.