Популярные темы

Семейде «Абай жастары» бағдарламасының қорытындысы шықты

Дата: 30 января 2023 в 15:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде
Стоковые изображения от Depositphotos

Бүгін Семей қаласы әкімдігінің Telegram және Instagram парақшаларында пилоттық жобаға қатысып, мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға мүмкіндік алған азаматтардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.  

«Ең көп ұпай жинаған 40 өтінім берушіге 2023 жылдың 1 ақпанынан бастап Семей қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қатыснастары және тұрғын үй инспекция бөлімі» ММ жолдама береді. Егер «Отбасы банк» АҚ өтініш берушінің төлем қабылетін мақұлдамаса кезек тәртібінде тұрған келесі адам өтініш қалдыра алады» — , деп хабарлады Семей қаласының әкімшілігінде.  

Естеріңізге сала кетейік, бағдарламаға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан баспана кезегiнде тұрған 18-35 жас аралығындағы жастардың қатысуға мүмкіндігі бар.  Сондай-ақ, осы жас аралығындағы журналистер, мемлекеттік, бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін мәдениет, денсаулық және спорт саласының қызметкерлері қатыса алады. Семей қаласы әкімдігінің ақпараты бойынша өтінішті 514 адам қалдырған.

Фото: Семей қаласының әкімдігі, pro-dachnikov.com

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями