Популярные темы

Керек: новости — страница 12

Елде құмар ойындар жарнамасына тыйым салынады

Arna Press, 13 июля 2023 в 18:28

Елде құмар ойындар жарнамасына тыйым салынады
Мұны мәдениет және спорт министрі айтты. Кейінгі екі жарым жылда елде букмекерлік кеңселердің саны 38-ден 16-ға дейін азайған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қазір төртеуінде лицензияның күшін жою бойынша жұмыс жасалып жатыр. Жыл басынан бері 5 лицензия қайтарылды, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Елімізде аз қамтылған отбасылардың коммуналдық шығындарының бір бөлігі өтеледі

Arna Press, 13 июля 2023 в 13:08

Елімізде аз қамтылған отбасылардың коммуналдық шығындарының бір бөлігі өтеледі
Халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарының коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығындардың бір бөлігі өтелетін болады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Ол аз қамтылған отбасыларға немесе азаматтарға коммуналдық қызметтер: жылу, электр және сумен жабдықтау, байланыс, лифт қызметі және т. б. шығындарын өтеу үшін тоқсан сайын төленеді», – делінген ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.Басты шарт – төлем алушының меншігінде Қазақстан аумағында бір ғана баспана болуы керек немесе ол мемлекеттік тұрғын үй қорынан, жеке меншік тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған баспананы жалға алушы (тең жалға алушы) болуы тиіс.Биыл Үкімет енгізген өзгерістерге сәйкес, егер коммуналдық қызметтерге жұмсалатын сома отбасының немесе азаматтың бір айдағы жиынтық табысының 10%-нан асатын болса, тұрғын үй көмегі беріледі.

Семейде бір жағажайды бөле алмай отыр

Arna Press, 12 июля 2023 в 18:28

Семейде бір жағажайды бөле алмай отыр
Өткен жылы Ертістің оң жағалауындағы жағажайды өз күшімен жабдықтаған Ержан Амарханов, бүгінде қала әкімдігі аталған демалыс орнын тартып алғысы келетінін айтады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Өткен жылы қала тұрғыны Ертістің жағасына өз қаражатына құм әкеліп, күннен қоғайтын шатыр орнатты.

Қазақ эстрадасының маэстросы – Нұрлан Байкөзов жеке концертін өткізбек

Новости пресс-служб, 26 ноября 2014 в 09:32

Қазақ эстрадасының маэстросы – Нұрлан Байкөзов  жеке концертін өткізбек
10-желтоқсан күні Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматыдағы Республика сарайында кешкі сағат 19.00-де қазақ эстрадасының маэстросы, сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республика­лық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының эстрадалық-симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі, дирижер, аранжировка шебері Нұрлан Байкөзовтың жеке шығармашылық кеші өтеді. Кешке Жұбаныш Жексенұлы, Мақпал Жүнісова, Бағдат Сәмединова, Маржан Арапбаева, М.Арынбаев, Д.Сейітжанов, Сая Маханбетқызы, Е.Әбішев, «Жетіген», «Мюзикола» топтарымен қатар өзге де өнер жұлдыздары қатысады. Концерттен түскен қаржының бәрі қайрымдылық мақсатта жұмсалмақ.
Показано 4 новости из 334