Популярные темы

Елімізде аз қамтылған отбасылардың коммуналдық шығындарының бір бөлігі өтеледі

Дата: 13 июля 2023 в 13:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Елімізде аз қамтылған отбасылардың коммуналдық шығындарының бір бөлігі өтеледі
Стоковые изображения от Depositphotos

Халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарының коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығындардың бір бөлігі өтелетін болады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ол аз қамтылған отбасыларға немесе азаматтарға коммуналдық қызметтер: жылу, электр және сумен жабдықтау, байланыс, лифт қызметі және т. б. шығындарын өтеу үшін тоқсан сайын төленеді», – делінген ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Басты шарт – төлем алушының меншігінде Қазақстан аумағында бір ғана баспана болуы керек немесе ол мемлекеттік тұрғын үй қорынан, жеке меншік тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған баспананы жалға алушы (тең жалға алушы) болуы тиіс.

Биыл Үкімет енгізген өзгерістерге сәйкес, егер коммуналдық қызметтерге жұмсалатын сома отбасының немесе азаматтың бір айдағы жиынтық табысының 10%-нан асатын болса, тұрғын үй көмегі беріледі. Бұрын бұл көрсеткіш әр өңірге байланысты 2-20% аралығында болған. Бұл ретте әкімдіктер рұқсат етілген шекті деңгейді 10%-дан төмендетуге құқылы.

Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азаматтар тұрғылықты жері бойынша әкімдікке жүгіну қажет.

Сурет: freepik

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями