Популярные темы

Елде құмар ойындар жарнамасына тыйым салынады

Дата: 13 июля 2023 в 18:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Елде құмар ойындар жарнамасына тыйым салынады
Стоковые изображения от Depositphotos

Мұны мәдениет және спорт министрі айтты. Кейінгі екі жарым жылда елде букмекерлік кеңселердің саны 38-ден 16-ға дейін азайған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазір төртеуінде лицензияның күшін жою бойынша жұмыс жасалып жатыр. Жыл басынан бері 5 лицензия қайтарылды, деп жазады Хабар 24 арнасы. 

Асхат Оралов вице-министрлер, комитет төрағалары және аппарат басшысының қатысуымен осы мәселе бойынша кеңес өткізіп, осындай мәлімдеме жасады.

«Мәдениет және спорт министрлігі жанынан заңға өзгерістер енгізу үшін жұмыс тобы құрылып, белсенді жұмыс атқарып жатыр. Бүгінгі таңда қала көшелеріне қарайтын болсақ, елордадан бастап шалғайдағы ауылға дейін әрбір көшеде билбордтар, баннерлерде құмар ойындардың жарнамасы тұр. Ешқандай тәртіп жоқ. Сондықтан бұнын бәрін тоқтатуымыз керек. Керек болса арнайы бұйрықтарға, заңға да өзгерістер енгізу қажет. Бұл мәселені шешуді созбай, тез арада шешім қабылдауымыз маңызды. Осы бағыттағы жұмысты күшейтуіміз керек деп есептеймін.» — деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов. 

Сурет: pixabay

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями