Arna Press,
31 января 2024
в 11:38
Арман Жүдебаев мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Арман Әділханұлы Жүдебаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды», — делінген Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.Ол бұл қызметке 2023 жылғы шілдеде тағайындалған еді.Арман Жүдебаев 1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдаған.Еңбек жолын 2006 жылы «Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РМҚК-да аспаптар оркестрінің әртісі болып бастаған.2009-2011 жылдары «Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РММ дирижерлеу кафедрасында оқытушы,2011-2013 жылдары «Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РММ оқытушысы, аға оқытушысы,2013-2018 жылдары «Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РММ бас дирижері,2018-2023 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры болды.2023 жылғы мамырдан шілдеге дейін Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
Arna Press,
29 января 2024
в 15:48
Семейде метеп оқушылары террористік акт туралы полицияға қоңырау шалды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оқиға 17 қаңтарда орын алды. Полиция террористерді тұтқындау туралы хабарламаға байланысты мекемені қоршауға алды. Тексеру барысында ақпарат расталмады.
Arna Press,
29 января 2024
в 11:18
27 қаңтарда халықаралық террористік ұйымның әрекетіне қатысы болуы мүмкін күдікті 22 жасар қазақстандық Стамбулдан Алматыға айдауылмен депортацияланды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Тергеу материалдарына сәйкес көрсетілген Түркістан облысының тумасы 2020 жылы Сирияға кетіп, онда әрекеттегі қарулы топтардың біріне кірген.Оны ұстауды және отанына беруді ҰҚК түркиялық серіктестерімен бірлесіп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен ІІМ-нің қолдауымен ұйымдастырды.«Ұсталғанға қатысты ҰҚК Қылмыстық кодекстің 257-бабына сәйкес террористік әрекетке қатысу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеруде.
Arna Press,
27 января 2024
в 16:28
1. Новый IT-колледж планируют открыть в области АбайСегодня проводится текущий ремонт окон, системы энергосбережения и отопления. В планах также работы по ремонту кровли и фасада, внутренний ремонт учебного корпуса, внедрение «умного отопления и освещения», а также оформление пространства.2. В Казахстане произошли изменения в системе пенсионных выплатПостановлением правительства от 26 декабря 2023 года внесены изменения в правила осуществления пенсионных выплат, сформированных за счет обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов, единовременных пенсионных выплат.3.
Arna Press,
25 января 2024
в 19:38
Мессенджерлерде шындыққа жанаспайтын хабарлама, әлеуметтік желідегі жалған ақпарат... Назар аударсақ кейінгі кездері «фэйк» жаңалықтар азайды. Бұған бір себеп әлеуметтік желіде жалған ақпаратты таратқан үшін жауапкершілік қатайып, заңнамаға өзгерістердің енуі. Абай облысында бүгінде осы бағытта заң бұзғандар бар ма? Қандай жауапкершілік көзделген?
Arna Press,
25 января 2024
в 18:18
Парламент Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай Қазақстанда зиян өнімдердің таралуын шектеуді, сондай-ақ құрамында қант мөлшері жоғары пайдасы жоқ тағамдар мен энергетикалық сусындарға қосымша салық енгізуді қарастыруды ұсынды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Сенатор премьер-министр Әлихан Смайыловқа соңғы уақытта қазақстандық нарықта «шығу тегі белгісіз құнарсыз тағам» пайда болғанын мәлімдеп, сауал жолдады.
Arna Press,
24 января 2024
в 19:48
Оқу-ағарту министрлігі ресми аккаунтында мұғалімдерді марапаттауға қатысты маңызды мәлімдеме жариялады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Министрлік білім беру саласының педагогтері мен қызметкерлерін көтермелеу жүйесіне мыналар кіретінін еске салды:Министрлік мәліметінше, ведомстволық наградалармен көтермелеуге ұсынымды өңірлік білім басқармалары жанындағы «Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, қосымша білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін көтермелеулермен марапаттауға материалдар енгізу жөніндегі комиссия» енгізеді.«Көтермелеуге кандидаттардың құжаттары салалық көтермелеу жүйесінің 6-қосымшасына сәйкес жұмыс көрсеткіштеріне сәйкес қаралады: жұмыс тәжірибесі, біліктілігі, педагог пен оның оқушыларының жетістіктері және т.б. марапаттау балдарды есептеу негізінде жүзеге асырылады.
Arna Press,
24 января 2024
в 15:48
Абай облысындағы дәмханалар мен мейрамханалар ерекше бақылауға алынады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ойын-сауық мекемелері уақыт шектеусіз жұмыс істейді. Көп жағдайда мекемелерде демалуды ұнататындар мас күйінде немесе ішімдік ішкеннен кейін қылмыс жасайды.
Крыша,
24 января 2024
в 14:17
23 қаңтарға қараған түні Алматыда жер сілкінді. Эпицентрі қаланың оңтүстік-шығысынан 264 шақырым жерде, Қырғызстанмен шекарада болған. Бірнеше минут бойы 5 балға дейінгі жерасты дүмпуі сезіліп тұрды.Мегаполис қауіпті аймақта тұрғаны бәрімізге аян, сондықтан мұндағы әр адам кез келген уақытта зілзалаға дайын болуы керек.
Arna Press,
23 января 2024
в 16:28
Түркістанда ер адам мешіт ауласында ілулі тұрған күртешені ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ол қаладағы мешіттердің бірінде белгісіз біреу оның ілулі тұрған күртешесін, телефоны мен төлқұжаттарын қолды еткенін жазып көрсеткен.«Ақпарат келіп түскен бойда тәртіп сақшылары көрсетілген мекенжайға жетті.
Tengrinews,
22 января 2024
в 09:13
Үйлердің қабырғасы сөгіліп, құлауға шақ тұр. Алматы облысында баспаналарының маңынан автокөлік көпірі салынған 4 үйдің тұрғындары шарасыздықтан не істерін білмей отыр. Бір жағынан теміржол өтсе, енді бір жағына көпір салынған үйлердің жалғыз шығар жолы да жекенің меншігінде екен. Бұқара осыдан 4 жыл бұрын «үйлерің сүріледі» деген хабар алғанымен, «жер қатынастары бөлімінен жағдайымызды сұрап келген жан баласы жоқ» дейді.
Крыша,
15 января 2024
в 11:47
Атырау облысының билігі 15 қаңтар мен 10 ақпан аралығында ешқандай бастапқы жарна сұралмайтын «Бақытты отбасы — Атырау» бағдарламасына құжат қабылдайды.Әкімдік сайтында құжат тапсыру және қосымша ақпарат алу үшін Атырау қ-сы, Азаттық даңғ., 101а, № 3 терезе мекенжайына жүгіну керек деп жазылған.− жеке куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі; − неке (немесе оның бұзылғаны) туралы куәлік; − туу туралы куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі; − отбасы мүшелерінің тұрғылықты жері туралы анықтама; − мүгедектік туралы анықтама (бар болса); − отбасы мүшелерінің барлығының атында ҚР-да баспана жоқ екені туралы анықтама.Бұл ипотеканың шарттары тек төрт санаттағы тұрғындарға 2 %-бен кредит беретін «Бақытты отбасы» бағдарламасына ұқсамайды.
Arna Press,
12 января 2024
в 13:28
Полиция миллион доллар бопсалаған БҚО тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері етті мал шаруашылығымен айналысатын ЖШС құрылтайшыларынан миллион АҚШ долларын бопсалаған өңір тұрғынын ұстады.Күдікті Toyota Mark II автокөлігінің ішінде ақша алу сәтінде құрықталды.Көлікті тінту кезінде сол жақтағы алдыңғы жолаушылар орындығының қалтасынан 4 млн теңге тәркіленді.Сонымен қатар қаскүнемнің барсеткасынан 50 мың теңге табылды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр (Бопсалау). ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.Сурет: Polisia.kz
Arna Press,
08 января 2024
в 11:18
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ Жамбыл облыстық филиалы директорының орынбасарына қатысты тергеудің басталғаны туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.2024 жылдың 6 қаңтарында журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында «ҚазАвтоЖол» жергілікті филиалы басшыларының алғашқы қар жауған кездегі әрекетсіздігіне байланысты Тараздағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Arna Press,
03 января 2024
в 13:28
Президент «Egemen Qazaqstan» газетіне көлемді сұхбат берді. Оның толық нұсқасын төменде келтіреміз.Өткен жыл несімен есіңізде қалды?– Осы мүмкіндікті пайдаланып, барша отандасымды тағы да Жаңа жыл мейрамымен құттықтаймын!2023 жыл еліміз үшін маңызды оқиғаларға толы жыл болды. Біз негізгі саяси реформаларды аяқтап қалдық.
Arna Press,
03 января 2024
в 11:08
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға қатысты болжамды референдум өткізу туралы қауесеттерге және оның 2026 жылы өтетін президенттік сайлауға қатысу ниетіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Президент Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбатында «бұл жалған ақпарат» деп баса айтты.«Бұдан былай әркім ойына келгенін істеп, Ата заңға оңды-солды өзгеріс енгізе алмайды.
Arna Press,
01 января 2024
в 16:08
2023 жылғы 29 желтоқсанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның қолғабыс етуімен Абай облысының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Ол терроризмді насихаттауда күдіктенуде, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы.Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер алынды.Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі
Крыша,
26 декабря 2023
в 15:17
Қазақстан тұрғындарына жаңа жеңілдікті ипотека қажет екені былтырдан бері айтылып келеді, бұған құрылыс пен банк секторында жылдам ақша жоқтығы қатты әсер етті.Krisha.kz жағдайды зерттеп, қазіргі жеңілдікті ипотекалар қалай жұмыс істейтінін біліп, Қазақстанда жаңа жеңілдікті ипотека іске қосыла ма, жоқ па, анықтады.Krisha.kz сайты қарашаның аяғында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінен жаңа ипотеканы іске қосу туралы сұраған еді, ведомство былай жауап берді:— Бүгінгі таңда министрлік өз құзыреті шеңберінде нарықтық ипотекалық бағдарламалар әзірлемейді.
Arna Press,
22 декабря 2023
в 21:39
Таскескен ауылында мұз астына құлап кеткен баланың денесі табылды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Белгілі болғандай 2018 жылы туған бала ойнап жүріп Қаракөл өзеніне құлаған. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Абай облысының ТЖД бөлімшесі, полиция қызметкерлері және жергілікті тұрғындар қатысқан.Облыстық ПД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, баланың мұз астына құлап кеткеннен кейін 3 сағат өткен соң, жергілікті еріктілер денесін тапты.«Баланы табу үшін қолмен ойықтар жасап, құлау орнынан 75 метр қашықтықта табылды.
Костанайские Новости,
21 декабря 2023
в 14:31
Целью гранта является государственная поддержка новых и действующих инициатив молодых людей, направленных на формирование сообщества активной и творческой молодежи. Министр культуры и информации Республики Казахстан Балаева Аида в своем выступлении отметила: «Глава государства Касым-Жомарт Кемелевич уделяет особое внимание развитию молодежи, открывая для них новые возможности.
Arna Press,
19 декабря 2023
в 17:48
Туристік аумақтарды көркейту және келушілерге барынша жайлылықты қамтамасыз ету мақсатында Абай облысы әкімінің аппараты облыстың негізгі нысандарын цифрландыруды аяқтады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Енді 2GIS қосымшасында Алакөл көлі, Барлық Арасан шипажайы, Абайдың Жидебай-Бөрілі музейі, Қоңыр-Әулие үңгірі, Қозы-Көрпеш және Баян-Сұлу ескерткіші, Шошқалы көлі, Киелі бұлақ, Ырғызбай, Баянбай ата, сондай-ақ Елеке сазының тарихи қорғандары туралы толық ақпарат бар. Қосымшада жол инфрақұрылымын, жаяу жүргіншілер жолын және өңірде жұмыс істейтін кәсіпорындарды қамтитын толық электронды карта ұсынылған.
Arna Press,
19 декабря 2023
в 14:48
Шетелдік автокөлікті Қазақстанға әкелу кезінде электронды төлқұжат жүйесінен ақпарат қажет емес, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қағидаларға енгізілген өзгерістерге сай, шетелдік автокөлікті Қазақстанға енгізу (әкелу) үшін көлік құралының электронды төлқұжат жүйесінен мәліметтер уақытша талап етілмейді.Бұл шара Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көлік құралдарының электронды паспорттық жүйелерін (көлік шассиінің паспорттары) және өзі жүретін көлік құралдарының электронды паспорттарын және басқа да техника түрлерінің интеграциялық процестері аяқталғанға дейін енгізіліп жатыр.Қаулы 2023 жылғы 8 желтоқсанда күшіне енді.Сурет: Zakon.kz
Arna Press,
15 декабря 2023
в 10:38
Алматы облысының екі тұрғыны ойын автоматын бұзып ақша таппақ болған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Полицейлердің мәліметінше, бұрын сотталған 35 және 31 жастағы екі ер адам Медеу ауданындағы бутикке кіріп, аппаратты бұзып, сол жерден 140 мың теңге ұрлап кеткен.
Arna Press,
11 декабря 2023
в 19:08
Семейлік тұрғын достарының атына 39 млн теңге несие рәсімдеген, аталған қаражатты құмар ойынға жұмсайтыны анықталды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Семейлік азамат таныстарынан элиталық компанияға жұмысқа орналасуға көмектесуін сұрады, жұмысқа орналасқаннан кейін олардың атына берілген несиелерді өтеуге уәде берген.«Облыс орталығының 34 жастағы тұрғыны өзінің таныстарынан оған бұрын жақсы нәтиже көрсеткен спорттық ұйымға қайта оралу үшін материалдық көмек сұраған.
Arna Press,
07 декабря 2023
в 20:28
Абай облысының полицейлері республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел алдын-алу шарасының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Он күн бойы тәртіп сақшылары қызметін күшейтілген режимде атқарды. Жедел алдын-алу іс шарасына «Ұлттық ұлан», «Amanat» партиясы филиалдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен жастар да белсене қатысты.
Arna Press,
05 декабря 2023
в 12:18
Оңтүстік астанада 22 жастағы жігіт танысынан жарты миллион теңге бопсалаған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ақшаны алу үшін азамат қарумен қорқытып, сендіру үшін одан оқ атқан,«Жақында бізге 23 жастағы жергілікті тұрғын арызбен келіп, өзін қамқор жігіт ретінде көрсеткен жаңа танысы қыздың үйіне келіп, травматикалық тапаншамен қорқытып, 500 мың теңге талап етіп, бопсалаған. Әйтпесе оны және сіңлісін оңдырмайтынына уәде берген. Қыз ондай ақшаның жоқтығын айтқан.
Arna Press,
01 декабря 2023
в 14:38
Қазгидромедтің ақпараты бойынша келесі аптада ауа-райы күрт суиды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Алдағы күндері белсенді Атлантикалық циклон жырасымен және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, 03 желтоқсанда солтүстік-батыста және солтүстікте, 03-04 желтоқсанда шығыста, 04 желтоқсанда еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын күтіледі.Жауын-шашынмен қатар республиканың солтүстік жартысында көктайғақ құбылыстары мен бұрқасын болады деп күтілуде.
Arna Press,
30 ноября 2023
в 16:28
Негізгі заң жобасы мемлекет мүддесін, қоғамның сұранысын және медиа саласының даму үрдістерін ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Құжатта журналистердің мәртебесін көтеру, құқықтарын нығайту, сондай-ақ олардың міндеттерін кеңейту бойынша жағдай жасау қарастырылған.
Arna Press,
27 ноября 2023
в 19:38
«Жыл соңына дейін қазақстандықтардың картасына ақша түседі» деген ақпарат жалған екенін ескертілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.Ақпараттың шынайылығын тексеретін Stopfake.kz мәліметінше, Қазақстанның мемлекеттік органдарының сайттарында, президентінің akorda.kz сайтында мұндай төлемдер туралы ресми ақпарат жоқ.
Arna Press,
27 ноября 2023
в 12:08
Қазақстанда қанша жалғызбасты ана мен әке тұрып жатқаны белгілі болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Жалпы, 2022 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балалары бар 476 мың жалғызбасты әкелер немесе аналар отбасы бар, оның ішінде 423 959-ы балалы аналар отбасы, 52 мыңы — балалары бар әкелер отбасы.Мұнда әкелер мен аналардың барлық санаты ескерілгені айтылды: жесір, ажырасқан, ешқашан үйленбеген.Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті мәліметінше, 2022 жылы 129 707 жұп некеге отырса, 51 220 жұп ажырасқан.«Неке (ерлі-зайыпты) және отбасы туралы» кодекстің 17-бабына сәйкес неке кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптының және мүліктік даулардың өзара келісімі бойынша ғана АХАТ органдарында тікелей бұзылуы мүмкін.«Жүргізілген мониторингке сәйкес, тіркеуші органдардың ақпараты бойынша, азаматтар өзара келісім бойынша некені бұзу туралы өтініш берген кезде, өтініш берушілер некені бұзудың негізгі себебін «мінездерінің бір-біріне сай келмеуі» деп көрсетеді», — деп хабарлады ведомство.Сурет: depositphotos.com