Популярные темы

Алматыда педофил деген күдікті ұсталды

Дата: 23 апреля 2024 в 19:19 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Алматыда педофил деген күдікті ұсталды
Стоковые изображения от Depositphotos

Алматыда жасөспірім қызға сексуалдық сипатта зорлық жасады деген күдікті ұсталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқырмандардың редакцияға берген ақпараты бойынша, 20 сәуірде қаладағы тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрағында 13 жастағы қыз зорланды деген болжам айтылған.

Алматы полициясы аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Мән-жай анықталып жатыр», — деп қосты полиция.

Сурет: Tengrinews.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями