Arna Press,
12 мая 2026
в 15:08
Семей қаласындағы аулалардың бірінде қоғамдық тәртіпті бұзған ер адамның жеке басы анықталды, деп хабарлайды полиция департаментіне сілтеме жасаған Arnapress.kz Оқиға 10 мамырға қараған түні болған. Полиция мәліметінше, 34 жастағы қала тұрғыны тұрғын үй маңында отшашу атып, тұрғындардың тыныштығын бұзған.
Arna Press,
12 мая 2026
в 13:08
Шығыс Қазақстан облысында 9-сынып оқушысы әлеуметтік желідегі жанжалдан кейін басқа адамдардың атынан жалған хабарламалар таратқан, деп хабарлайды Arnapress.kz ІІМ министрлігіне сілтеме жасап. Полиция мәліметінше, жасөспірім Шымкент қаласы әкімдігі мен Ақтау қаласындағы сауда үйлерінің бірінің электрондық поштасына жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарлама жіберген. Қылмыс жасау кезінде ол анонимді телефон нөмірлері мен электрондық пошталарды пайдаланған.Алматы облысында терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама жасаған 9-сыныптың екі оқушысы да ұсталды.
Arna Press,
12 мая 2026
в 13:08
Абай облысында 2015 жылы Ресей Федерациясының аумағында жасалған аса ауыр қылмысқа қатысты тергеу толық аяқталды, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап. Тоғыз жыл бойы жүргізілген ауқымды іздестіру және тергеу жұмыстарының нәтижесінде қылмысқа қатысы бар барлық күдіктілер анықталып, жауапкершілікке тартылды.Тергеу мәліметінше, төрт адам алдын ала сөз байласып, қымбат автокөлікті сатып алу сылтауымен оның иесімен кездескен.
Arna Press,
08 мая 2026
в 18:18
Абай облысында Отан қорғаушылар күніне арналған экологиялық акция өтті. Іс-шараға облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері, төтенше жағдайлар қызметінің мамандары және күштік құрылым өкілдері қатысты, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаменті баспасөзіне сілтеме жасап. Акцияны JAC Motors Kazakhstan брендінің автосалоны ұйымдастырды.
Arna Press,
08 мая 2026
в 14:18
Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы бірқатар құрылыс және абаттандыру нысандарын аралап, жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап. Алдымен аймақ басшысы қаланың орталық алаңына барып, қайта жаңғырту жобасын қарады.
Arna Press,
08 мая 2026
в 14:18
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мектеп медицинасын жаңғыртып, балалардың профилактикалық медициналық тексерулерін толық цифрландыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Arnapress.kz министрлікке сілтеме жасап. Жаңа жүйе 2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап еліміздің барлық мектептерінде кезең-кезеңімен енгізіледі.Аппараттық кеңесте Денсаулық сақтау министрі қазіргі профилактикалық тексерулер формалды сипатта өтіп жатқанын атап өтті. Қазіргі таңда басты назар тексеру сапасына емес, сандық көрсеткіштерге аударылып отырғаны айтылды.Ведомство мәліметінше, дәрігерлер тапшылығы мен медицина қызметкерлеріне түсетін жоғары жүктеме балаларды қарау уақытының қысқаруына және ауруларды ерте анықтау деңгейінің төмендеуіне себеп болуда.Жаңа модель аясында мектептер цифрлық электрокардиографтармен, пульсоксиметрлермен, бой-өлшеуіштермен, таразылармен, отоскоптармен және телемедициналық кешендермен жабдықталады.
Arna Press,
08 мая 2026
в 11:28
7 мамыр күні кешкі сағат 20:30 шамасында Өскемен қаласындағы Карбышев көшесінде орналасқан аспалы жаяу жүргіншілер көпірінде төтенше жағдай болды, деп хабарлайды Arnapress.kz әкімдікке сілтеме жасап. Оқиға кезінде көпір үстінде сегіз адам, оның ішінде төрт жасөспірім болған. Оқиға орнына жедел түрде құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметі жеткен.
Arna Press,
08 мая 2026
в 11:28
Ішкі істер министрлігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында есірткі жеткізу арналарына қарсы күресті күшейтіп жатыр. Осы бағыттағы арнайы операция барысында Семей қаласында ірі көлемдегі есірткі қоры анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz министрлікке сілтеме жасап. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полицейлер елдің оңтүстік өңірлерінен жеткізілген каннабис тобына жататын есірткінің жолын кескен.
EKaraganda.kz,
07 мая 2026
в 20:56
Іс-шарадаҚазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов мерзімді қызмет әскери қызметшілерімен кездесу өткізді. Сарбаздар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қызмет өткеру барысындағы құқықтық мәселелер, заңдылықты сақтау және өз құқықтарын қорғау жөнінде жан-жақты түсіндірмелер алды. «Ұлттық ұлан құрылған сәттен бастап қалыптасу мен жаңғырудың ауқымды жолынан өтті.
Arna Press,
06 мая 2026
в 14:28
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі такси тасымалдаушыларға қатысты хабарлама беру ережесіне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Arnpress.kz министрлікке сілтеме жасап. Енді такси қызметін жүзеге асыратын тұлғалар жұмысты бастамас бұрын міндетті түрде жергілікті атқарушы органға хабарлама жолдауы тиіс.Жаңартылған талаптарға сәйкес, тасымалдаушылар көлік құралдарына қатысты мәліметтерді нақты көрсетуге міндеттеледі.
Arna Press,
05 мая 2026
в 17:08
Қарағайлы ықшам ауданындағы «Северный» аялдамасына апаратын жолда жөндеу жұмыстар уақыты белгілі болды, деп хабарлайды Arnapress.kzБұған дейін кешен тұрғындардың аялдамаға жетулері мұң, шаң тозаң болатынын жазған едік. Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жауап берген екен.«Қазіргі уақытта аталған аумақта жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда.
Arna Press,
05 мая 2026
в 13:48
Қарағайлы ықшам ауданындағы «Северный» аялдамасына жету тұрғындар үшін үлкен мәселеге айналды, деп хабарлайды Arnapress.kz Редакциямызға Қарағайлы тұрғындарынан жол жағдайына қатысты шағымдар жиі түсіп жатыр. Жаңа тұрғын үй кешенінде инфрақұрылымдық кемшіліктер аз емес.Атап айтқанда, «Северный» аялдамасына баратын жолдың шаңы мен тозаңы тұрғындардың наразылығын тудырып отыр.«Қала әкімі бұл жолды жөндейміз деп уәде берген еді.
Arna Press,
05 мая 2026
в 13:48
Бүгін үкіметте 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Arnapress.kz Үкіметке сілтеме жасап. Бектеновтің айтуынша, энергия көздері мен желілерінің жабдықтарын жөндеу және ауыстыру үшін резервтен 25 миллиард теңгеден астам қаражат бөлу мақұлданды.«Бұл қаражат Жетісу, Абай, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарындағы жылу көздерін жөндеу мен салуға, сондай-ақ төрт өңірдегі шамамен 30 шақырым жылу желісін жөндеуге бағытталған», — деді министрлер кабинетінің басшысы.Премьер-министр бұл қаражаттың жұмсалу тиімділігі мен нәтижесін бақылау қажеттігін айтты.«Қазірдің өзінде кей өңірлерде жұмыстардың кешіктірілу қаупі байқалады.
Arna Press,
05 мая 2026
в 11:58
Өскеменде төтенше жағдай: қаладағы зауыт аумағында шаң ұстау құрылғысында газ-ауа қоспасы жарылды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Arnapress.kz«Өскемен қаласының зауыттың аумағында, шаң ұстау цехында шаң ұстау құрылғысынан газ-ауа қоспасының жарылысы болып, кейін жану және ішінара опырылу орын алды.
Arna Press,
05 мая 2026
в 10:18
Семей қаласындағы «Арена» стадионында грек-рим күресінен халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz.Аталған жарыс қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада және әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек ері Жақсылық Үшкемпіровтің құрметіне ұйымдастырылған.«Турнирге 15 жасқа дейінгі (U15) жас балуандар қатысуда.
Arna Press,
04 мая 2026
в 16:38
Абай облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Arnapress.kz әкімнің баспасөзіне сілтеме жасап. Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген жиында өңірдің агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жан-жақты қаралды. Басқосуға басқарма басшылары мен департамент жетекшілері қатысып, аудан әкімдері бейнережим арқылы қосылды.Жиында ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ертай Қуанбаев баяндама жасап, саладағы негізгі көрсеткіштер мен алдағы жоспарларды таныстырды.
Arna Press,
04 мая 2026
в 14:48
Arnapress.kz редакцияcына Қарағайлы ықшам ауданының тұрғындарынан жаңа егілген ағаштардың күтімсіз қалғаны және жол инфрақұрылымындағы кемшіліктерге қатысты шағым келіп түсті.Тұрғындардың айтуынша, өткен жылы отырғызылған көшеттер тиісті деңгейде суарылмай отыр.«Былтыр отырғызылған ағаштар. Буып тастаған және мүлдем суарылған жоқ.
Arna Press,
04 мая 2026
в 12:18
Павлодар облысында криминалдық полиция қызметкерлері заңсыз көші-қонның жасырын арнасын анықтап, оның жолын кесті, деп хабарлайды Arnapress.kz Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. Арнайы операция барысында мемлекеттік шекара арқылы адамдарды заңсыз транзитпен өткізу әрекеті тоқтатылды.Жедел іс-шаралар нәтижесінде көрші мемлекеттің азаматы ұсталды.
Arna Press,
04 мая 2026
в 12:18
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі комада жатқан азаматтарға қатысты мүгедектік рәсімдеу тәртібін жеңілдетуді көздейтін жаңа бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Arnapress.kz ведомствоға сілтеме жасап. Ведомство өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтардың отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсету тетіктерін қайта қарап, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу және мемлекеттік төлемдерді тағайындау қағидаларына өзгерістер енгізуді ұсынып отыр.Жаңа түзетулерге сәйкес, енді комада жатқан азаматтардың атынан медициналық-әлеуметтік сараптамаға өтініш беру құқығы олардың жақын туыстарына немесе жұбайына заң жүзінде рәсімделмек.
Arna Press,
04 мая 2026
в 12:18
Алматы халықаралық әуежайында ірі көлемдегі есірткі тасымалының жолы тоқтатылды, деп хабарлайды Arnapress.kz Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Бангкоктан келген рейсті тексеру барысында шамамен 11 келі гашиш майы тәркіленген.Жедел-іздестіру шаралары кезінде полиция қызметкерлері ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, Бангкок–Алматы бағыты бойынша ұшып келген 20 жастағы шетел азаматын ұстады.
Arna Press,
02 мая 2026
в 22:38
Бүгін қаладағы ірі нысандардың бірі – «Смокк» базарында саудагерлер орындарын босатып, алдағы құрылыс кезеңіне дайындық басталады, деп хабарлайды Arnapress.kz Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте Семей қаласындағы сауда базарларын кезең-кезеңімен жаңғырту мәселесі жан-жақты қаралған болатын.
Arna Press,
30 апреля 2026
в 17:28
Бағаны тұрақтандыру мақсатында мемлекеттік бақылауды қоса алғанда, кешенді шаралар жүзеге асырылуда. 2026 жылдың басынан бастап ӘМАТ тізімі 19-дан 31 атауға дейін кеңейтілді, деп хабарлайды Arnapress.kz Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап. Ағымдағы жылдың сәуір айының ортасындағы дерек бойынша, ӘМАТ бойынша шекті сауда үстемесін асырғаны үшін 1 406 әкімшілік айыппұл салынды.
Arna Press,
29 апреля 2026
в 13:08
Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына сәйкес, жеке сот орындаушылары міндетті аттестаттаудан өтеді, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Парламенті Мәжілісіне сілтеме жасап. Бұл емтихандар барысында олардың қолданыстағы заңнама мен кәсіби әдеп кодексін білу деңгейі тексеріледі. Аттестаттаудан өтпеген жағдайда лицензиядан айыру қарастырылған.Сонымен қатар көмекшілер мен тағылымдамадан өтушілерге қойылатын талаптар да қатаңдатылады.
Arna Press,
29 апреля 2026
в 13:08
Семейчан и гостей города приглашают на фестиваль дружбы «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…», который пройдет в рамках культурного сезона «Семей көктемі», посвященного 1 мая − Дню единства народа Казахстана, передает Arnapress.kz со ссылкой на пресс-службу городского акимата.«В этот день площадь «Республика» превратится в центр дружбы и согласия, где переплетаются разные культуры и традиции.
Arna Press,
29 апреля 2026
в 11:58
Семей қаласында 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Семей көктемі» мәдени маусымы аясында «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» атты достық фестивалі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап. Мерекелік шара Қарағайлы ықшам ауданындағы «Республика» алаңында өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл күні алаң достық пен ынтымақтың, түрлі мәдениеттер мен дәстүрлердің тоғысқан орталығына айналмақ.Фестиваль бағдарламасы аясында қонақтар үшін этноалаңдар, ұлттық тағамдар көрмесі, салт-дәстүр таныстырылымдары, балалар шығармашылығы көрмесі, қолөнер шеберлерінің туындылары ұсынылады.
Arna Press,
29 апреля 2026
в 11:08
Ішкі істер министрлігі адам саудасына қарсы күрес және қоғамның моральдық ахуалына кері әсер ететін заңсыз контенттің таралуын тоқтату бағытында кешенді жұмыстар жүргізіп келеді, деп хабарлайды Arnapress.kz министрлікке сілтеме жасап. Сәуір айында республика аумағында «STOP трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылып, оның нәтижесінде адам саудасына қатысты 41 қылмыс тіркелді.
SportInfo,
29 апреля 2026
в 09:56
Спорттық құзға өрмелеуші Ришат Хайбуллин Қазақстан қоржынына 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарының алтыншы медалін салды. Қытайдың Санья қаласында өткен жарыста спортшы үшінші орынға ие болыр, Қазақстан рекордын жаңартты. Olympic.kz сайтына берген сұхбатында өз өнеріне баға беріп, жекелей сынды қорытындылады.
Arna Press,
28 апреля 2026
в 17:58
Семей қаласы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 27 сәуір күні сағат 21:30 шамасында қала орталығында қызметтік тексеру жүргізді, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаменті баспасөзіне сілтеме жасап. Тексеру барысында ВАЗ-21099 маркалы автокөлік тоқтатылып, көлікте заңсыз ауланған 18 келі балық тасымалданғаны анықталды.Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға, ау құралдарын қолдануға және өзге де заңсыз әрекеттерге қатаң тыйым салынады. Құқық қорғау органдары табиғи ресурстарды қорғауды басты міндет ретінде айқындап, азаматтарды заң талаптарын сақтауға шақырады.Абай облысы Полиция департаменті тұрғындарға табиғатқа ұқыпты қарау – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін ескертеді.
Arna Press,
28 апреля 2026
в 17:58
Абай облысының әкімі Берік Уәли Бородулиха ауданына жұмыс сапары барысында Белағаш ауылында салынып жатқан 100 орындық ауылдық клубтың құрылысымен танысты, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Нысан құрылысы 2023 жылы басталған. Қазіргі таңда жұмыстардың 90 пайызы аяқталған.
Arna Press,
28 апреля 2026
в 17:58
Абай облысындағы Ядролық медицина және онкология орталығында сирек кездесетін, күрделі әрі сәтті өткен операция жасалды, деп хабарлайды Arnapress.kz орталыққа сілтеме жасап. Алғашында еш белгі бермеген дерттің салдары күтпеген жағдайға әкелген. Дәрігерлер 47 жастағы пациенттен диаметрі 31 сантиметр, салмағы 6 келіден асатын ірі ісікті алып тастады.