Arna Press,
25 апреля 2024
в 14:48
Президент 2024 жылғы 25 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» құрылтайында билік халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Қоғамда алауыздық тудыратын кез келген әрекетке қатаң тосқауыл қою қажет.
Arna Press,
23 апреля 2024
в 19:19
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева 2024 жылы 22 сәуірде Мәжіліс дәлізінде журналистерге берген сұқбатында танымал TikTok әлеуметтік желісін бұғаттау ықтималдығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Әлеуметтік желілерді ашып қалсаңыз, әртүрлі мазмұндағы контент қаптап тұр, тізімі ұзын-сонар.
Arna Press,
23 апреля 2024
в 19:19
Алматыда жасөспірім қызға сексуалдық сипатта зорлық жасады деген күдікті ұсталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Оқырмандардың редакцияға берген ақпараты бойынша, 20 сәуірде қаладағы тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрағында 13 жастағы қыз зорланды деген болжам айтылған.Алматы полициясы аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Arna Press,
17 апреля 2024
в 16:18
Қырғызстанда TikTok бұғатталады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Бұған дейін Қырғызстанның интернет-провайдерлеріне байланыс саласындағы реттеу және қадағалау қызметінен ел территориясында TikTok-қа кіруді шектеу және 18 сәуірге дейін жазбаша жауап беру туралы хат келіп түскен.Министрлік бұл шаралар МҰҚК хаты негізінде жасалғанын түсіндірді.«Шешім шығаруға TikTok тарапынан «Балалардың денсаулығына, олардың физикалық, интеллектуалдық, психикалық, рухани және адамгершілік дамуына зиян келтірудің алдын алу жөніндегі шаралар туралы» ҚР Заңын сақтамау негіз болды.
Arna Press,
08 апреля 2024
в 15:28
Абай облысында ішек аурулары туралы жалған ақпарат тарады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. «Ертіс өзеніне су басқан ауылдардан тасқын су құйылып жатыр. Су астында зираттар мен мал қорымдары қалды, қалада ішек аурулары жиілеп кетті. Сондықтан құбыр суын ішпеңіз, тіпті бұл сумен тістеріңізді тазалай алмайсыздар.
Arna Press,
02 апреля 2024
в 13:48
Жақында Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты зардап шеккен қыздың анасына айыппұл салды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Куәгерлердің – оқиға болған мектеп қызметкерлерінің, кәмелетке толмағандардың өздері, олардың заңды өкілдерінің айғақтарын, сондай-ақ бейнебақылау камерасынан алынған бейнені зерделей келе, сот қыздың тарапынан баланы қорлап, арандату болғаны, салдарынан агрессия туғаны туралы қорытындыға келген.Сот үкімі бойынша, сол күні алтыншы сынып оқушысы физика сабағына бара жатқанда, оны жетінші сыныпта оқитын оқушы қыз бен оның құрбысы дәлізде күтіп алған. Қыз оның түрі, киген киімдері туралы кемсітетін сөздер айтып, оны өткізбей қойған, сонымен қатар сөмкесіндегі сусынын тартып алып, қайтармаған.
Arna Press,
01 апреля 2024
в 18:28
Ақтауда лаңкестік әрекеттің алды алынды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ведомствоның мәліметінше, 2024 жылдың 1 сәуірінде Ақтауда ҰҚК қызметкерлері прокуратурамен келісе отырып, лаңкестік әрекетке дайындалды деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады.«Оның тұрғылықты жерінде тінту барысында зақымдайтын элементтері бар жарылғыш құрылғыны дайындауға арналған компоненттер және өзге де заттай дәлелдемелер алынды», — деліенген ҚР ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Магнолия,
27 марта 2024
в 13:28
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен қабылданған. Бұл Кодексте мемлекеттік қызметшілердің моральдық – әдептілік нормаларына сәйкес, әдептілік бейнесіне қойылатын талаптары, сондай-ақ мінез құлықтың жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттығы, қызметтік қатынастардағы көпшілік алдындағы, оның ішінде бұқараралық ақпарат құралдарына сөйлеумен байланысты мінез – құлықтар стандарттары белгіленген.
Arna Press,
26 марта 2024
в 17:18
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Ұлттық статистика бюросының Абай облысы бойынша департаменті» РММ басшының орынбасары Данияр Бейсембаев облыстың 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы баяндады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Өңірлік коммуникация орталығына сілтеме жасап.Көтерме сауда тауар айналымының көлемі 352,6 млрд. тенге болған.
Arna Press,
15 марта 2024
в 11:48
Наурыздан кейінгі апта демалыс болады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Биыл мектеп оқушылары наурызда 11 күн демалады. Мерекелер Наурыз мейрамын тойлаудан басталады. Наурыздан кейінгі апта демалыс болады. Биыл 31 наурыз жексенбіге сәйкес келгендіктен, сабақ дүйсенбі, 1 сәуірде басталады.Еске салайық, былтыр балалар үшін оқу жылы ұзартылып, қазақстандық мектептерде соңғы қоңырау алғаш рет 1 маусымда соғылды.
Arna Press,
12 марта 2024
в 14:28
ҰҚК «Бурабай» курорт аймағында қылмыстық бақылау орнатқан топ мүшелерін ұстады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Тергеу материалдары бойынша, олар шетелдік «заңдағы ұрылар» деп аталатындардың қамқорлығымен кәсіпкерлерден ақша бопсалаумен айналысқан, осылайша «Бурабай» курорт аймағының бизнес субъектілеріне қылмыстық бақылау орнатуға тырысқан.Тінту барысында іс фигуранттарынан атыс және суық қару, сондай-ақ есірткі заттары алынды.«Қылмыстық кодекстің 194-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Arna Press,
11 марта 2024
в 13:38
Мақаншы ауданы Бақты ауылында қар еріп, ауылды су басып жатыр, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Ауыл тұрғындарының айтуы бойынша 10 наурыз түстен кейін еріген қардың суы ауыл көшелеріне жайылған. Су қораға, тіпті үйдің ішіне де кірген.Публикация от bailygym.bakhytym .bakhtym (@bakhty.auyly)Ал Абай облысы ТЖД ақпараты бойынша Мақаншы ауданы жергілікті атқарушы органдарының күшімен жұмыстар жүргізілуде.
Arna Press,
06 марта 2024
в 20:28
Премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалда депутат Қазақстанның демографиясына қатысты мәселелерді көтерді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Бір жылда Қазақстан халқының саны небәрі төрт миллионға өссе, көрші Өзбекстан халқы осы кезеңде 15 миллионға өсті.
Крыша,
06 марта 2024
в 16:47
Krisha.kz сайтының сарапшылары Алматыдағы жер сілкінісі нарыққа қалай әсер еткенін анықтады. Пәтер сату жиілеп кетті ме, Астанада жылжымайтын мүлікке, Алматыда жер үйге сұраныс артты ма?Алматыда пәтер сату жөнінде жаңа хабарландыру саны артқан жоқ. Көрсеткіштер шамамен басқа күндердегідей.Krisha.kz деректеріне сүйенсек 5 наурызда Астанада жылжымайтын мүлік сатып алғысы келетіндер саны өспеген.
Arna Press,
04 марта 2024
в 13:58
Бүгін, 2024 жылдың 4 наурызында Алматыда тағы бір күшті жер сілкінісі болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Жерасты дүмпулерінің күші 5,4 балл.4 наурыз күні сағат 11.22-де Алматы қаласында жер сілкінісі болды. ҚР ТЖМ Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станцияларының желісі Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 км жерде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқандығын айтты.Өзара іс-қимыл алгоритмі бойынша мүдделі мемлекеттік органдар хабардар етілді, полиция басқармасының жедел кезекшісіне қаланың ғимараттары мен құрылыстарының қирауы мен зақымдалуын визуалды тексеру туралы ақпарат жинау үшін хабар берілді, мониторинг жүргізілуде.Сурет: Zakon.kz
Магнолия,
29 февраля 2024
в 17:38
Қазақстан Республикасының судьялары, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мəртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын басшылыққа ала отырып; Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының, Азаматтық жəне саяси құқықтар туралы халықаралық пакті ережелерінің, БҰҰ Бас Ассамблеясының Қарарымен мақұлданған сот органдары тəуелсіздігінің негізгі қағидаларының маңыздылығын сезіне отырып; судьялардың тəуелсіздігі, объективтілігі, теңдігі, адалдығы мен сатылмайтындығы, құзыреттілігі мен ұқыптылығы жəне əдеп нормаларын сақтау туралы судья — лардың жүріс-тұрысының Бангалорлық қағидаттары мен қағидаларын ескере отырып; үстемдікті құқық пен демократияның, ал сот билігінің тəуелсіздігін əділ сот талқылауына деген құқықтың базалық элементі ретінде мəлімдей отырып; азаматтардың, қоғамның адамагершілік, адалдық пен сатылмайтындық мəселелерінде биліктің сот тармағына, сон — дай-ақ сот жүйесінің беделіне деген сенімі қазіргі демокра — тиялық қоғамда аса маңызды рөлге ие екендігін мойындай отырып; осы Судьялық əдеп кодексін (бұдан əрі – Кодекс) қабылдай отырып, жұмыс істеп жүрген судьялар мен отставкадағы судьялар үшін жүріс-тұрыстың мынадай əдеп қағидаларын белгілейді.
Arna Press,
23 февраля 2024
в 19:18
2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Қазақстан Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан басқа барлық аймақтар бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Осы іс-шараны жүзеге асыру мақсатында келесі шаралар қабылданды:1) IANA (Интернет мекенжай кеңістігінің әкімшілігі), ХЭБО, РСС, ICANN, IETF, IESG сынды халықаралық ұйымдарға Қазақстанның бірыңғай 5-ші уақыт белдеуіне көшуі, сондай-ақ Қазақстан үшін уақыт белдеулерінің (time zone database) жалпыға қолжетімді дерекқорындағы деректерді жаңарту қажеттілігі туралы ресми хабарланды.Осыған байланысты абоненттер шығарылған жаңартуларды Android және IOS сияқты халықаралық операциялық жүйелермен жаңартуы қажет.2) Цифрлық даму министрінің тапсырмасына сәйкес, байланыс операторлары:өздерінің ақпараттық жүйелерінің қажетті өлшемдерін дайындау бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларын өткізеді;ұялы байланыс операторларының қысқа мәтіндік хабарламаларды жіберуін, сондай-ақ интернет-ресурста және мобильді қосымшада (бар болған жағдайда) хабарлауды қоса алғанда, қызмет көрсету арналары арқылы өз абоненттері мен пайдаланушыларына жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы алдын ала хабарлау бойынша шараларды жүзеге асырады;Интернетті қоса алғанда, ұсынылатын байланыс сервистері мен қызметтерінің тұрақтылығын сақтау, сондай-ақ тарифтің ай сайынғы төлемін екі есе есептеу жағдайларын болдырмау мақсатында техникалық инфрақұрылымды дайындайды.«Толығырақ ақпарат алу үшін байланыс операторларына хабарласуға болады.» ЦДИАӨМ баспасөз қызметіБұған дейін қазақстандықтарға біртұтас уақыт белдеуіне өтуге байланысты мүмкін болатын байланыс ақаулары туралы ескертілген болатын.
Arna Press,
22 февраля 2024
в 13:28
2024 жылғы 30 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен мемлекеттік электрондық қызмет көрсету саласында киберқылмыс жасауда күдікті Қарағанды тұрғынын ұстады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Тінту кезінде 24 ұялы телефон, 4 жүйелі блок, 4 флеш-карта, 9 ноутбук, планшет алынды.
Arna Press,
21 февраля 2024
в 21:28
22 ақпанда Қазақстанның сегіз облысында дауылды ескерту жарияланды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, күндіз Қарағанды облысының батысында және оңтүстігінде бұрқасын болады.Шығыс Қазақстан облысында және Өскеменде түнде -40 градус қатты аяз сақталады.Түнде Абай облысында -40 градусқа дейін қатты аяз сақталады.Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында бұрқасын болады.
Arna Press,
21 февраля 2024
в 20:28
Абай облысының білім беру мекемелерінде қауіпсіздік 100% қамтамасыз етілген, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Білім беру басқармасының ақпараты бойынша Абай облысының білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясында білім алушылардың қауіпсіздігі мен оқуға қолайлы жағдайды қамтамасыз етуге бағытталған бейнебақылау жүйелерімен жарақтандыруға қомақты қаражат бөлінді.«Бұл өңірдің барлық білім беру ұйымын бейнебақылау жүйелерімен 100% қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, 160-қа жуық білім беру ұйымдары жедел басқару орталығына қосылды» — делінген хабарламада.
Arna Press,
19 февраля 2024
в 19:38
Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров некелескісі келетін қазақстандықтарды отбасы психологиясына үйрету жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қайрат Қамбаров жастарды қолдау шараларына тоқталды.«Қазір жастарды некеге тұрғанға дейін кем дегенде бір ай оқыту шарасы қарастырылып жатыр.
Arna Press,
16 февраля 2024
в 16:18
Көкпекті ауданынан МИ-8 тікұшағы қар құрсауынан 29 адамды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Барлығы Қалбатау ауылына жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет емес. Уақытша жылыту пунктіне орналастырылды. Абай облысы ТЖД бастығы Манарбек Шапағатов оқиға орнында.
Arna Press,
16 февраля 2024
в 15:08
Бүгін бүкіл Семей жарықсыз қалды, деп хабаралйды Arnapress.kz тілшісі.«Белгілі болғандай, сағат 13:30-да «KEGOC» АҚ желілері бойынша ажырату салдарынан Семейде тұтынушыларды электрмен жабдықтауға шектеу қойылды. Нәтижесінде Семей қаласында электрмен жабдықтау уақытша тоқтатылды».15 минуттан кейін біртіндеп электрэнергиясы біртіндеп тұтынушыларға беріле басталды.«Сағат 13:45-те электрмен жабдықтау қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар бригадалары жұмыс істейді», — делінген қалалық әкімдіктің хабарламасында.Ажыратудың себептері анықталуда.Оқырмандар жіберген ақпараты бойынша кейбір аудандарда электрэнергиясы әлі қосылған жоқ.
Arna Press,
13 февраля 2024
в 13:18
ҰҚК есірткі зертханасын жойды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Осылайша, 6 ақпанда Алматы қаласына жақын орналасқан жеке үйде психотроптық заттарды дайындау кезінде қылмыс үстінде есірткі зертханасын ұйымдастырушы 1995 жылы туған Қазақстан азаматын ұстады.«Тінту барысында 40 мың бір реттік дозаға эквивалентті 8 кг артық «мефедрон» психотроптық заты, сондай-ақ оларды дайындайтын құрылғы мен компоненттері алынды.
Arna Press,
13 февраля 2024
в 11:28
Қазақстанда зейнетақы жинағын пайдалану ережелерін өзгерту ұсынылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Бұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдаланудың қолданыстағы ережелеріне өзгерістер енгізуді ұсынды.
Arna Press,
10 февраля 2024
в 18:38
Риддерде 2 балл жер сілкінісі болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 10 ақпан сағат 14:24-те жер сілкінісін тіркелді.Эпицентрі Алматы қаласынан шығысқа қарай 1023 км жерде Ресей аумағында (Алтай Республикасы, таулы жер, Қазақстан шекарасынан 30 км жерде) орналасқан.Сезілетіндігі туралы мәліметтер (MSK-64 шкаласы бойынша): Риддер қаласында 2 балл.
Arna Press,
10 февраля 2024
в 15:28
Facebook-те қазақстандықтарға мемлекеттен 100 мың теңге мөлшерінде өтемақы төленетіні туралы жарнамалық ақпарат тағы да шықты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.Яғни, бұрын төленген қаражат қайтарылады, бірақ қандай қаржы екені нақтыланбайды. Бұл хабарландыру – фейк.Бұл белгілі алаяқтық схема.
Arna Press,
08 февраля 2024
в 13:08
ҰҚК «жұтқыш» есірткі курьерлерін ұстады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.2024 жылғы 24 қаңтарда Ақтау қаласының халықаралық әуежайында ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаментінің жедел қызметкерлері мен шекарашылар есірткі тасымалдады деген күдікпен екі шетелдік азаматты ұстады.Осы жолаушылардың іш қуысына рентгеноскопиялық зерттеу бөгде заттардың бар екенін көрсетті.
Arna Press,
08 февраля 2024
в 11:58
Алматыдағы лай көшкіні салдарынан бір адам өлі табылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Медеу ауданының әкімінің сөзінше, қазір тазарту, құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.«Апат болған жерлердің бәрін тазартып жатырмыз. 1-2 сағатта апатқа ұшыраған үйді толығымен тазалаймыз.
Arna Press,
03 февраля 2024
в 16:58
1. Один из прежних автобусных маршрутов вернули в СемееКак сообщают в акимате, данный маршрут будет осуществлять движение с поселка Восточный и через рынок «Жансая» последует по улице Гагарина на Химкомбинат.2. Журналист из Семея связала буквы казахского алфавитаПроект превращает изучение алфавита в веселую игру, наполненную креативностью и яркими красками.3.