Популярные темы

Абай облысында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Дата: 05 декабря 2024 в 20:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысында
Стоковые изображения от Depositphotos

Жасөспірімдер қылмысының алдын алу және болдырмау мақсатында 2024 жылғы 5-7 желтоқсан аралығында облыс аумағында «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел-профилактикалық іс-шара өткізіледі, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараның негізгі мақсаты — оқушылар арасында жасөспірімдер қылмысының және құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша кешенді жұмыстарды жүргізу. Шара барысында жасөспірімдерге қатысты құқық бұзушылықтарды болдырмауға, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауға және жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізіледі.

Профилактикалық шаралар аясында балаларға жасалатын қылмыстық әрекеттердің алдын алуға, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтарға ықпал ететін факторларды анықтап, оларды жоюға ерекше назар аударылады.

Сонымен қатар, рейдтер кезінде тұрмысы төмен отбасылардағы балалардың тұрмыс жағдайы тексеріліп, ата-аналармен әңгімелесулер өткізіліп, балаларды тәрбиелеу, асырау және оқыту жөніндегі міндеттерін дұрыс орындамаған жағдайда тиісті шаралар қабылданатын болады.

Рейд балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ата-аналардың өз балаларына деген тәрбиелік және білім беру жауапкершілігін арттыру мақсатында өткізіледі. 

Сурет: pixabay.com

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями