Популярные темы

Абай облысында із-түзсіз жоғалған Семей тұрғынының мәйіті табылды

Дата: сегодня в 19:08


Абай облысында із-түзсіз жоғалған Семей тұрғынының мәйіті табылды

Семей қаласында 11 қараша күні сағат 15:40-та жүргізілген іздестіру жұмыстары барысында полиция қызметкерлері бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен 1982 жылы туған Ринат Ахметовтің мәйітін тапты, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаменті баспасөзіне сілтеме жасап. 

Бұған дейін, іздестіру шаралары барысында 9 қарашада Бородулиха ауданына қарасты Алексеевка ауылынан шамамен 15 шақырым жердегі жырадан Ринат Ахметов мінген Lexus LX 570 автокөлігі табылған.

«Марқұмның денесі Бородулиха ауданына қарасты Нововасильевка ауылынан шамамен 35 шақырым қашықтықтағы ашық далада табылған. Алдын ала болжам бойынша, ер адамның өліміне үсік шалу себеп болуы мүмкін. Қайтыс болу себебін нақтылау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Іздестіру жұмыстарына 60-тан астам полиция қызметкері, оның ішінде Абай облысы Полиция департаментінің 30 арнайы жасақ қызметкері жұмылдырылды. Сонымен қатар, іздеуге төтенше жағдайлар органдарының 10 қызметкері, 50 әскери қызметші, төрт ерікті, жоғалған азаматтың 10 туысы мен досы, сондай-ақ жергілікті тұрғындар қатысты.
Жету қиын әрі жолсыз жерлерді тексеру үшін жергілікті тұрғындардың 12 тракторы мен полицияның екі квадроциклі пайдаланылды», — делінген хабарламада

Фото: Полиция департаментінен

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Семей
Поделитесь новостью с друзьями