Популярные темы

Ұлттық спорт шекара асуда: Қазақстан-Пәкістан «Dostyq» спорт орталығы іске қосылды

Дата: сегодня в 12:28 Категория: Новости спорта


Ұлттық спорт шекара асуда: Қазақстан-Пәкістан

Исламабад қаласындағы Pakistan Sports Board базасында Қазақстан–Пәкістан спорт орталығы «Dostyq» салтанатты түрде ашылды. Бұл туралы Arnapress.kz тілшісіне Тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының атқарушы директоры Азамат Қалдыбаев мәлімдеді.

2026 жылғы 2-4 ақпан аралығында Исламабад қаласында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің, сондай-ақ жетекші спорт федерациялары өкілдерінен құралған қазақстандық делегация Пәкістан Ислам Республикасында ресми іс-сапармен жүр.

Сапардың негізгі мақсаты — екі ел арасындағы спорт саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен жобаларды іске асыру және спорттық дипломатияны дамыту. Қазақстан тарапынан делегация құрамына Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министрі Бауржан Рапиков, министрлік өкілдері, сондай-ақ грэпплинг, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, шахмат және бокс федерацияларының басшылары мен танымал спортшылар кірді. Делегация қатарында әлем және Азия чемпиондары, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері бар.

Бұл туралы Республикалық тоғызқұмалақ федерация президенті, дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы вицепрезиденті Әкім Тұрсұн да пікір білдірді.

Сапар аясында Қазақстан–Пәкістан «Dostyq» спорт кешені ашылды. Кешен құрамында тоғызқұмалақ сыныбы да жұмысын бастады. Енді Пәкістанның оқушылары мен тұрғындары тоғызқұмалақты үйрене алады. Алдағы уақытта Қазақстаннан спорт шеберлері мен білікті мамандарды жіберіп, ұлттық ойынды дамытуға үлес қосуды жоспарлап отырмыз, – деді ол.

Публикация от ⚡️Новости ARNAPRESS⚡️ (@arnapress_news)

Азамат Қалдыбаевтың айтуынша, іс-сапар барысында 2026 жылға арналған Қазақстан–Пәкістан спорттық іс-шаралар жол картасына, сондай-ақ «Qazaq Kuresi» федерациялары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға және Қазақстанның Ұлттық кабадди қауымдастығы мен Пәкістан Кабадди федерациясы арасындағы ынтымақтастық меморандумына қол қойылған.

Ресми кездесулермен қатар, қазақстандық делегация Исламабад қаласындағы «Лок Вирса» халықтық мұра музейін және Пәкістан монументін аралауды жоспарлап отыр. Сонымен бірге пәкістандық тараптың ұйымдастыруымен ресми қабылдаулар мен жұмыс кездесулері өтеді.

Аталған сапар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып қана қоймай, ұлттық спорт түрлерін халықаралық деңгейде дамытуға, бірлескен оқу-жаттығу жиындары мен халықаралық жарыстар ұйымдастыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Гүлнұр Ахметжан

Фото, видео: Азамат Қалдыбаев

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости спорта
Поделитесь новостью с друзьями