Популярные темы

Аппақ Микаса болашақ өз үйін іздейді

Дата: 17 июня 2022 в 13:39 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Аппақ Микаса болашақ өз үйін іздейді
Стоковые изображения от Depositphotos

Шаңқай ақ марғау мейірімге мұқтаж, деп хабарлайды vera.kz

Микаса күні бойы иесінің кереуетінде жатқанды жақсы көреді. Әрине, иесі келсе, шетке ығысуды біледі. Бұл пәтерде жүргеніне  екінші ай болды. Бұған дейін жертөледе жүретін. Әбден кір басып, әрең тыныстап жатқан жерінен тауып алып, шомылдырған.

«Таяуда тағы бір ақ марғауды тауып алып, асырауға әкелдім. Ол да қорлық көрген сияқты, қабырғасында үлкен тесік бар. Бір ай жатып, әрең жазылды. Жалпы, мендегі мысықтардың барлығы ауруларға қарсы егілген, стерильденген. Оны мен өзіме алып қалдым, бірақ, жақсы отбасы табылса, ойланбастап беріп жіберер едім», – дейді Олеся Вяткина.

ВИЗИТКА: Микаса

Жасы 1 шамасында

Әдемі мысық

Еркелеткенді, қожайынының кереуетінде ұйықтағанды жақсы көреді

Мінезі – мейірімді, ашық, жалықтырмайды. Басқа жануарлармен бірге тұра алады

Мысыққа арналған тағамды жақсы көреді.

Сол екі айдан беір Микаса адамдарға қайтадан үйренісіп келеді. Келіп, жабыса бермейді, көбінесе сырттан бақылағанды ұнататын. Дегенмен, қамқорлық пен махабатты сезініп, жұмыс күнінен соң иесінің аяғында пырылдап, шаршағанын басуды біледі.

«Жануарларға – қамқорлық» жобасы АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы көрсетілген Америка халқының көмегімен, Internews-тің USAID қаржылай қолдауы арқылы жүзеге асырылатын Орта азиялық MediaCAMP бағдарламасы аясында жасалды.

Мазмұнына Vera.kz жауап беретін бұл шығарылым USAID немесе АҚШ Үкіметі немесе Internews-тің көзқарасын білдірмейді.

Последние новости Шымкента:

По сообщению сайта Vera.kz

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями