Популярные темы

Сотта өкілдік ету

Дата: сегодня в 12:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Сотта өкілдік ету
Стоковые изображения от Depositphotos Азаматтар өз істерін сотта жеке өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы. Азаматтың іске өзінің қа тысуы оны бұл іс бойынша өкілінің болу құқығынан айырмайды.
Заңды тұлғалардың істерін сотта өздеріне заңмен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен немесе құрылтай құжаттарымен берілген өкілеттіктер шегінде әрекет ететін олардың басшылары және (немесе) олардың өкілдері жүргізеді. Заңды тұлғаның басшысы сотқа өзінің қызмет бабын немесе өкілеттігін куәландыратын құжаттарды ұсынады.
Сенімхатқа, Қазақстан Республикасының заңнамасына, сот шешіміне не әкімшілік актіге негізделген істі сотта жүргізуге тиісті түрде ресімделген өкілеттіктері бар әрекетке қабілетті адам осы баптың үшінші бөлігіне сәйкес сотта өкіл бола алады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық-процестік кодексінің 58-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарда,  ал 58-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 4-1) және 6) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар кассациялық сатыдағы сотта осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген тұлғалардың өкілдері болып табылады.
Мыналар:
1) адвокаттар;
2) заңды тұлғалардың істері бойынша — осы заңды тұлғалардың жұмыскерлері, ал мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің істері бойынша — осы мемлекеттік органдардың жұмыскерлері;
өзге заңды тұлғалардың істері бойынша, егер мұндай заңды тұлғалар сол бір тұлғаның бақылауында (тікелей немесе жанама) болса, заңды тұлғалардың жұмыскерлері;
3) кәсіптік одақтардың — құқықтары мен мүдделерін қорғауды осы кәсіптік одақтар жүзеге асыратын жұмысшылардың, қызметшілердің, сондай-ақ басқа да адамдардың істері бойынша уәкілетті өкілдері;
4) заңмен, жарғымен немесе ережемен осы ұйымдар мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін, сондай-ақ басқа да адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті өкілдері;
4-1) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл;
5) басқа тең қатысушылардың тапсырмасы бойынша тең қатысушылардың біреуі;
6) «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын адамдар сотта тапсырма бойынша өкіл бола алады.
Осы баптың бірінші бөлігінің 4-1) тармақшасында аталған адамды қоспағанда, өкілдің процестік өкілеттіктері тиісті түрде ресімделген сенімхатпен расталады.
Адвокат өкілдік ету кезінде адвокат куәлігіне және қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаға сәйкес қажетті процестік әрекеттерді жасауға құқылы. Адвокаттың осы Кодекстің 60-бабының бірінші бөлігінде санамаланған процестік әрекеттердің әрқайсысын жасауға өкілеттіктері сенімхатта көрсетілуге тиіс.
Судьялар, тергеушілер, прокурорлар және Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе жергілікті өкілді органдардың депутаттары, олардың процеске тиісті ұйымдардың өкілдері немесе заңды өкілдері ретінде қатысуынан басқа жағдайларда, сотта өкіл бола алмайды.
Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының талаптарын бұза отырып, заң көмегін көрсету туралы тапсырма қабылдаған адвокаттар, сондай-ақ заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын адамдар сотта тапсырма бойынша өкілдер бола алмайды.

Войти 3) сот отырысының хаттамасын осы Кодексте көзделген мерзімдерде және қағидалар бойынша жазбаша немесе электрондық нысанда жасауға;
4) төрағалық етушінің заңды өкімдеріне бағынуға;
5) өзінің жабық сот отырысына қатысуына байланысты белгілі болған мән-жайлар туралы мәліметтерді, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын кез келген мәліметтерді жария етпеуге;
6) сот приставы болмаған кезде сот залында тәртіпті қамтамасыз етуге;
7) осы Кодексте белгіленген өзге де талаптарды орындауға міндетті.
 

2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 56-3-бапен толықтырылды
56-3-бап. Сот приставы
1. Мемлекеттік қызметте тұратын, өзіне заңмен жүктелген міндеттерді орындайтын лауазымды адам сот приставы болып табылады.
2. Сот приставы сот отырысы кезінде залда қоғамдық тәртіпті сақтайды, сотқа процестік әрекеттерді орындауда жәрдемдеседі, соттарда судьялар мен процеске өзге де қатысушыларды күзетуді жүзеге асырады, төрағалық етушінің өкімдерін орындайды, өзіне заңмен жүктелген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 56-4-бапен толықтырылды
56-4-бап. Аудармашы
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Аударма жасау үшін білуі қажет тілдерді, оның ішінде ымдау тілін және (немесе) Брайль әліпбиін меңгерген және іске қатысатын адам, сондай-ақ куә, сарапшы, маман іс бойынша іс жүргізілетін тілді білмеген жағдайларда, сол сияқты жазбаша құжаттарды аудару үшін процестік әрекеттерге қатысуға тартылған, іске мүдделі емес адам аудармашы ретінде шақырылады.
2. Төрағалық етуші аудармашыны тағайындау туралы хаттамалық ұйғарым шығарады.
3. Аудармашының:
1) аударманы жүзеге асыру кезінде қатысатын адамдарға аударманы нақтылау үшін сұрақтар қоюға;
2) өзі қатысқан сот отырысының хаттамасымен танысуға, аударманың толық және дұрыс көрсетілуі бөлігінде хаттамаға ескертулер жасауға;
3) егер оның аудару үшін қажетті жеткілікті білімі болмаса, іс бойынша іс жүргізуге қатысудан бас тартуға;
4) егер іс бойынша іс жүргізуге қатысу оның лауазымдық міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, өзінің іске қатысуына байланысты шеккен шығыстарына өтем және орындаған жұмысы үшін сыйақы алуға құқығы бар.
4. Аудармашы:
1) сотқа шақыру бойынша келуге;
2) аударманы толық және дұрыс жүзеге асыруға;
3) өзінің қатысуымен өткізілген сот отырысының хаттамасында, сондай-ақ өзіне аудару үшін берілген өзге де құжаттарда аударманың дұрыстығын өзінің қолтаңбасымен куәландыруға;
4) аудармашы ретінде тартылуына байланысты өзіне белгілі болған істің мән-жайлары туралы мәліметтерді және өзге де деректерді жария етпеуге;
5) сот отырысы кезінде тәртіпті сақтауға міндетті.
5. Осы баптың қағидалары сурдоаударма жасау дағдыларын меңгерген және сот процеске қатысу үшін тартқан адамға қолданылады.
6-тарау. СОТТА ӨКІЛДІК ЕТУ

57-бап. Сотта істі өкілдер арқылы жүргізу
1. Азаматтар өз істерін сотта жеке өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы. Азаматтың іске өзінің қатысуы оны бұл іс бойынша өкілінің болу құқығынан айырмайды.
2. Заңды тұлғалардың істерін сотта өздеріне заңмен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен немесе құрылтай құжаттарымен берілген өкілеттіктер шегінде әрекет ететін олардың басшылары және (немесе) олардың өкілдері жүргізеді. Заңды тұлғаның басшысы сотқа өзінің қызмет бабын немесе өкілеттігін куәландыратын құжаттарды ұсынады.
Сенімхатқа, Қазақстан Республикасының заңнамасына, сот шешіміне не әкімшілік актіге негізделген істі сотта жүргізуге тиісті түрде ресімделген өкілеттіктері бар әрекетке қабілетті адам осы баптың үшінші бөлігіне сәйкес сотта өкіл бола алады.
3. Мыналар:
1) осы Кодекстің 58-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарда;

2021.29.12. № 91-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) осы Кодекстің 58-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 4-1) және 6) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар кассациялық сатыдағы сотта осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген тұлғалардың өкілдері болып табылады.

58-бап. Тапсырма бойынша өкілдік ету
1. Мына тұлғалар:
1) адвокаттар;

2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) мыналар:
заңды тұлғалардың істері бойынша — осы заңды тұлғалардың жұмыскерлері, ал мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің істері бойынша — осы мемлекеттік органдардың жұмыскерлері;
өзге заңды тұлғалардың істері бойынша, егер мұндай заңды тұлғалар сол бір тұлғаның бақылауында (тікелей немесе жанама) болса, заңды тұлғалардың жұмыскерлері;
3) кәсіптік одақтардың — құқықтары мен мүдделерін қорғауды осы кәсіптік одақтар жүзеге асыратын жұмысшылардың, қызметшілердің, сондай-ақ басқа да адамдардың істері бойынша уәкілетті өкілдері;
4) заңмен, жарғымен немесе ережемен осы ұйымдар мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін, сондай-ақ басқа да адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті өкілдері;

2021.29.12. № 91-VII ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл;
5) басқа тең қатысушылардың тапсырмасы бойынша тең қатысушылардың біреуі;

2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын адамдар сотта тапсырма бойынша өкіл бола алады.
«Соттардың азаматтық процестік заңнаманың кейбір нормаларын қолдануы туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2003 ж. 20 наурыздағы № 2 нормативтік қаулысын қараңыз

2021.29.12. № 91-VII ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бірінші бөлігінің 4-1) тармақшасында аталған адамды қоспағанда, өкілдің процестік өкілеттіктері тиісті түрде ресімделген сенімхатпен расталады.

2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Адвокат өкілдік ету кезінде адвокат куәлігіне және қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаға сәйкес қажетті процестік әрекеттерді жасауға құқылы. Адвокаттың осы Кодекстің 60-бабының бірінші бөлігінде санамаланған процестік әрекеттердің әрқайсысын жасауға өкілеттіктері сенімхатта көрсетілуге тиіс.

59-бап. Сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар
1. Судьялар, тергеушілер, прокурорлар және Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе жергілікті өкілді органдардың депутаттары, олардың процеске тиісті ұйымдардың өкілдері немесе заңды өкілдері ретінде қатысуынан басқа жағдайларда, сотта өкіл бола алмайды.

2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (2019 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының талаптарын бұза отырып, заң көмегін көрсету туралы тапсырма қабылдаған адвокаттар, сондай-ақ заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын адамдар сотта тапсырма бойынша өкілдер бола алмайды.
3. Тұлға, егер:
1) мүдделері өзі өкілі болып отырған тұлғаның мүдделеріне қайшы келетін тұлғаларға осы іс бойынша заң көмегін көрсетсе немесе бұрын көрсеткен болса;

2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) бұрын істі қараған және шешкен кезде судья, прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, консультант, куә немесе куәгер ретінде қатысса;

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) басқа тараппен немесе үшінші тұлғамен, судьямен, прокурормен, консультантпен, сот отырысының хатшысымен, іс бойынша қорытынды берген сарапшымен, маманмен, аудармашымен туыстық қатынастарда болса;
4) психикалық денсаулық жағдайына не жасына байланысты және басқа да себептер бойынша өз бетінше өкілдікті жүзеге асыруға мүмкіндігі болмаса, тапсырма бойынша өкіл бола алмайды.
Сот осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде санамаланған тапсырма бойынша өкілдерді іске қатысатын адамның өтінішхаты бойынша немесе соттың бастамасы бойынша іске қатысудан шеттетеді. Сот бұл туралы ұйғарым шығарады, ол сот отырысының хаттамасына енгізіледі.
Тапсырма бойынша өкілдерді іске қатысудан шеттеткен кезде сот істі талқылауды басқа өкілдің өкілеттіктерін ресімдеу және оның іс материалдарымен танысуы үшін қажетті, бірақ бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге кейінге қалдырады.
Тараз қарасы №2 сотының судьясы Б. Төребекұлы

По сообщению сайта Магнолия

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями