Популярные темы

Тоқаев: Шығынға батқан ұлттық компаниялардың басшылары неге жауап бермейді 01 сентября 2021, 11:25

Дата: 01 сентября 2021 в 11:33 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Тоқаев: Шығынға батқан ұлттық компаниялардың басшылары неге жауап бермейді
                01 сентября 2021, 11:25
Стоковые изображения от Depositphotos

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шығынға батқан ұлттық компаниялар мәселесін көтерді. Бұл туралы ол Қазақстан халқына жолдауында айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

«Неге кей ұлттық компаниялар, мемлекеттік кәсіпорындар шығынға батады, ал олардың басшылары неге жауап бермейді? Үкімет осы мәселені шешуі керек», — деді Тоқаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы елде инфляция өсіп жатқанын айтты. 

«Ұлттық банк, үкімет әлемдік үрдісті айтып, оның алдында қауқарсыз болып қалды. Мұндай сылтаулар ұлттық экономиканың осал екенін көрсетеді», — деді Президент.  

Бұған дейін Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасап, елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтатыны хабарланған болатын. 

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями