Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Тастанды сәби табылды

Дата: 30 марта 2013 в 01:02

Сенбі, 30 наурыз, 2013 Ақпарат

Тастанды сәби табылды

Сенбі, 30 наурыз 2013 0:35

Көкек аналар туралы бұрын­дары да естіп жүрміз ғой. Ал, жа­ңа туған нәрестесін әжетханаға атып ұрып кете барған қатыгез ана­ның қылығы жаныңды түр­­шіктіреді. Бұл оқиға Темір ауда­ны­ның орталығы Шұбарқұдық поселкесінде болған. Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі бастығының міндетін атқарушы Ерболат Сарқұловтың айтуынша, осы кенттің 49 жастағы тұрғыны Темір аудандық ІІБ бөліміне телефон шалып, өзінің үйінің ауласындағы дәретханадан жаңа туған сәбиді тауып алғанын хабарлаған. Оқиға орнына дереу жеткен жедел тергеу тобы жая­лыққа оралған нәрестені шұң­қырдан шығарып алған. Одан кейін тастанды шарана сол бойда жеткен медициналық жедел жәрдем бригадасының қолына тапсырылған. Полицейлер ізін суытпай бір тәулік ішінде кү­­йеу­­ге шықпаған 23 жастағы қыз­­­­ды ұстады. Көкек ананың мәлім­деуін­ше, жүктіліктің жетінші айы болған, түнде жағдайы нашарлап, далаға шыққан. Сол мезгілде босанып қалып, баланы жаялыққа орап, дәретханаға тастап кеткен.

Аталған дерек бойынша Қа­зақ­стан Республикасы Қыл­мыс­тық кодексінің 24. 97 баптары­мен қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама таға­йындалды.

Біз тастанды нәрестенің жағда­йын білмек болып, Темір аудандық ауруханасына хабарласқанбыз. Телефон тұтқасын көтерген аудан­­дық аурухананың бас дәрігері Ерсайын Балбосыновтың айтуынша, сәбидің бойы 52 сантиметр, салмағы 3,8 кило екен. Яғни, қыз бала босанғанда дін аман, дені сау болып туған.

– Шыны керек, сәби бізге хал үстінде келді, қатты тоңазып, үсудің аз-ақ алдында қалған. Сол жерде алғашқы медициналық көмек көрсеткен дәрігерлер келе нәрестені жансақтау бөліміне жатқызып, ем-домын жасады. Сағат сайын бақылап, ем қолданудың нәтижесінде аман алып қалдық деуге болады. Қа­зір дауысы шығып, аяқ-қолы қимыл­дай бастады. Емізікпен тамақ­тандырылуда. Қазіргі жағда­йы жаман емес, – дейді ол.

«Ойнақтап жүріп от басқан» көкек аналардың қаракөз қа­рын­­­дастарымыз арасында көбейіп бара жатқаны ашындырады. Үстіміздегі жылдың үш айында ғана облыс­та 22 тастанды және бас тарту оқиғасы болған сәбидің тіркелуінің өзі біз осы қайда барамыз, деген ойға еріксіз жетелейді. «Қайран біздің аналар арды ойлаған», деп өкінуден басқа амал жоқ.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ақтөбе облысы.

 Принтерден шығару

По сообщению сайта Егемен Қазақстан газеті