Arna Press,
02 сентября 2026
в 16:38
Абай облысының Жарма ауданында полиция қызметкерлері Шалабай ауылының аумағында мотоцикл басқарған 59 жастағы азаматты тоқтатты, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.Тексеру барысында жүргізушінің мас күйде болғаны анықталды. Сонымен қатар оның көлік құралын басқару құқығы болмаған.Құқық қорғау органдарының мәліметінше, көлік басқару құқығы жоқ адамның мас күйде көлік жүргізуі заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.Полиция азаматтарды жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Әсіресе мас күйде көлік басқару жүргізушінің өз өміріне ғана емес, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне де үлкен қауіп төндіреді.Фото: ПД
Arna Press,
02 сентября 2026
в 15:18
Абай облысында мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және оларға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап.2023–2027 жылдарға арналған жол картасына сәйкес өңірде 1 255 нысанды бейімдеу жоспарланған.
Arna Press,
02 сентября 2026
в 15:18
Әкімдік отырысында қала құрылысы, қолжетімді орта және «Таза Қазақстан» мәселелері қаралды, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап.Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен әкімдік отырысында елді мекендердің қала құрылысы құжаттамасын әзірлеу барысы, инфрақұрылым нысандарының мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету және «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының іске асырылуы талқыланды.Отырыста Семей қаласының бас жоспарына енгізіліп жатқан өзгерістер, жаңа әкімшілік-іскерлік орталық, 15-шағын аудан және «Қарағайлы» тұрғын ауданы бойынша егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары сөз болды.
Arna Press,
02 сентября 2026
в 12:38
Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.Оның аясында қалалық және аудандық шақыру комиссиялары жұмысқа кірісті.Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, желтоқсанның соңына дейін шамамен 23 мың ер азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады.
Arna Press,
02 сентября 2026
в 11:38
Абай облысының Мақаншы ауданында Жалаңашкөл теміржол вокзалы толық жаңартылып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап.Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев қатысты.Жаңғырту жұмыстары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының вокзал инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында жүргізілді.
Arna Press,
01 сентября 2026
в 17:58
Семей қаласының прокуратурасы «Семей Водоканал» мекемесінің сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсету барысында заң талаптарының сақталмағанын анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.«Семей Водоканал» МКК-ның сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсету барысында 3 400 кәсіпкер мен 16 инвестордың құқығына әсер еткен заң бұзушылықтарды анықтады.
Arna Press,
01 сентября 2026
в 14:58
2026 жылғы 1 қыркүйекте Семей қаласында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқықтық мәселелер бойынша кеңес беруге бағытталған «Қолжетімді құқық аумағы» көшпелі консультациялық акциясы өтеді, деп хабарлайды Arnapress.kz «Соц.kz» қоғамдық қорына сілтеме жасап.Іс-шара сағат 17:00-ден 18:30-ға дейін «Avenue» СО-да (Семей қ., М. Әуезов даңғылы, 5) ұйымдастырылады.Акция барысында тұрғындарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялар беріліп, мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.Акцияға қатысатын серіктестер:* Абай облысының прокуратурасы; * ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті; * Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті; * Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті; * Абай облысының Полиция департаменті; * Абай облысының Әділет департаменті; * Абай облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы; * Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы; * Абай облысының Білім басқармасы; * Семей қаласының Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі; * Семей қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі; * Семей қаласының Құрылыс бөлімі; * Семей қаласының Сәулет және қала құрылысы бөлімі; * Семей қаласының Жер қатынастары бөлімі; * Семей қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі; * Семей қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.Фото: ЖИ
Arna Press,
01 сентября 2026
в 14:58
Объединение КХ «Балке» и «Берлык» – это семейный бизнес и принадлежит он отцу и сыну – Оралбеку Токашеву и Ерназару Нұрмуханбет. Базой этого предприятия является КХ «Балке», которое начиная с 2019 года специализируется на молочном животноводстве и выращивании сельскохозяйственных культур.Сегодня «Балке» насчитывает свыше 400 голов КРС, производя при этом 2900 тонн молока ежегодно.«Мы автоматизировали почти все процессы: кормление, поение и доение животных.
Arna Press,
01 сентября 2026
в 13:28
Жаңа оқу жылында Абай облысында 100 мыңнан астам оқушы мектепке барса, оның 10 мыңнан астамы алғаш рет мектеп табалдырығын аттап отыр. Семей қаласында биыл 5 мың бүлдіршін бірінші сыныпқа қабылданды, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап. Білім күніне орай облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы Степной кентінде орналасқан №46 жалпы орта білім беретін мектепке барып, оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
Arna Press,
01 сентября 2026
в 12:38
Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлы 15-шағын аудан, 9-үй тұрғындарымен кездесіп, көшпелі жиын өткізді, деп хабарлацды Arnapress.kz әкімдік баспасөзіне сілтеме жасап.Кездесу барысында тұрғындар кәріз жүйесінің жай-күйі, ауланы абаттандыру, ағаштарды күтіп ұстау және тұрғын үйге кіреберіс жолдың жағдайы секілді бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.Көтерілген мәселелер бойынша қала әкімі жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Arna Press,
31 августа 2026
в 16:28
Абай облысының Жарма ауданында Үшбиік, Жарма және Шар станцияларындағы жаңартылған теміржол вокзалдары пайдалануға берілді, деп хабарлайдыArnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап.Бұл жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының вокзал инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
Arna Press,
31 августа 2026
в 14:48
VI республикалық «100 ӨЛЕҢ» көркемсөз оқу байқауында мыңдаған қатысушының арасынан суырылып шыққан жеңімпаз, автокөлік иегері Айгүл Бейсенбина додаға дайындық кезіндегі қиындықтары мен қызықтары жайлы айтып берді, деп хабарлайды Arnapress.kz Биылғы байқаудың бас жүлдесін Астана қаласы әкімдігінің №107 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры, педагог-шебер, Ыбырай Алтынсарин төс белгісінің иегері Айгүл Бейсенбина иеленді.Айгүл Базарбайқызы 100 күн ішінде қазақ ақындарының 100 өлеңін жаттап, нағыз көркемсөз оқу шеберлігін көрсетті.«Биылғы «100 ӨЛЕҢ» байқауы ауқымымен де, қатысушылар құрамының ерекшелігімен де есте қалды.
Arna Press,
31 августа 2026
в 13:08
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының Вице-Президенті болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хбарлайды Arnapress.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Arna Press,
31 августа 2026
в 13:08
Жаңа оқу жылы қарсаңында Абай облысында оқушыларды тасымалдау қауіпсіздігіне ерекше назар аударылуда, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап. Полиция қызметкерлері мектеп автобустарының техникалық жағдайын, жүргізушілердің құжаттарын, медициналық тексеруден өтуін және балаларды тасымалдауға қойылатын талаптардың сақталуын тексеруде.Сонымен қатар жүргізушілердің белгіленген жылдамдық режимін сақтауына, оқушыларды автобусқа отырғызу және түсіру тәртібіне ерекше мән берілуде.
Arna Press,
31 августа 2026
в 12:18
Семей қаласындағы сауда нысандарын жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасып жатқаны жайлы 24 тамызда облыс әкімінің баспасөзі хабарлаған еді. Қаладағы бірқатар базарлар мен сауда үйлеріне арнайы барып, жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен Arnapress.kz тілшісі танысып қайтты. Қазіргі таңда «СМОКК», «Мереке», «Жансая», «Нива» бірқатар сауда нысандарында құрылыс, жөндеу және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.Мәселен, «СМОКК» базарында құрылыс-монтаж жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде дегенмен біз барған уақытта бірде-бір жұмысшы көрмедік.
Arna Press,
28 августа 2026
в 16:08
Перегрев промышленного электродвигателя редко проявляется изолированно. На производстве он обычно связан с изменением режима работы линии, ростом нагрузки, условиями в зоне установки или отклонениями в системе управления. Поэтому задача диагностики — не просто зафиксировать температуру, а понять, в какой момент она начинает расти и какие параметры меняются вместе с ней.Для диагностики удобнее разделить причины на несколько групп:Электрические отклонения — перекос фаз, повышенный ток, просадка или превышение напряжения, проблемы в питающей сети.Перегрузка по механике — рост момента, заклинивание механизма, износ подшипников, нарушение соосности, повышенное трение.Нарушение охлаждения — загрязнение корпуса, забитые вентиляционные каналы, неисправность вентилятора, высокая температура в зоне установки.Ошибки подбора или режима работы — двигатель не рассчитан на фактическую нагрузку, частые пуски, неподходящий режим S1/S3, работа вне расчетной точки.Проблемы с управлением — некорректные настройки частотного преобразователя, неверные ограничения по току, ошибка датчика температуры или цепи подключения.Если используются промышленные электродвигатели Siemens, при проверке важно ориентироваться не на общие допущения, а на паспортные характеристики конкретной серии и условия, в которых работает привод.Последовательность проверки лучше выстроить от измеряемых параметров к осмотру механики:Зафиксировать, при каком режиме появляется перегрев: пуск, длительная работа, пик нагрузки, изменение технологического цикла.Измерить ток по фазам и сравнить его с номинальными значениями.Проверить напряжение питания и возможный перекос фаз.Осмотреть систему охлаждения: вентилятор, кожух, вентиляционные каналы, загрязнение корпуса.Проверить механику: подшипники, муфту, редуктор, приводимый механизм.Если двигатель работает через ПЧ, проанализировать настройки, ограничения по току, скорость и момент.Проверить датчики температуры и цепи их подключения.Любые измерения, осмотр и работы с приводом выполняют только при соблюдении требований промышленной и электрической безопасности.На механическую причину часто указывают рост рабочего тока вместе с моментом, вибрация, шум, биение муфты, затрудненное вращение механизма или нагрев в одном и том же режиме цикла.
Arna Press,
28 августа 2026
в 16:08
Жаңасемей ауданының Приречное ауылдық округінде «TANGSOLPAN» ЖШС кірпіш зауытының құрылысы басталды, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап.Қытайлық серіктестермен бірлесіп жүзеге асырылатын жобаның жалпы инвестициялық құны — 1,5 млрд теңге. 3 гектар аумақта орналасатын заманауи кәсіпорын тәулігіне 100 мың данаға дейін, ал жылына 36,4 млн дана кірпіш өндіретін болады.Зауытта кірпіштің 4 түрі шығарылады. Өндірістің заманауи цифрлық технологиялармен жабдықталуы өңірдегі құрылыс материалдарына деген сұранысты қамтамасыз етіп, сырттан жеткізілетін өнімге тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.Қазіргі таңда құрылыс алаңында 25 жұмысшы мен 5-10 арнайы техника жұмылдырылған.
Arna Press,
28 августа 2026
в 11:38
2026 жылғы 26 тамызда сағат шамамен 15:30-да Семей–Курчатов тасжолының 35-шақырымында екі автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.Алдын ала мәлімет бойынша, Chevrolet Nexia автокөлігінің жүргізушісі алдында келе жатқан «Газель» көлігін басып озу кезінде қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кеткен.
Arna Press,
28 августа 2026
в 11:38
Ремонт редко ограничивается первоначальной сметой. Даже если заранее рассчитана стоимость материалов и работ, в процессе могут появиться дополнительные расходы: замена коммуникаций, доставка, покупка инструментов или изменение проекта. Финансовое планирование становится одной из самых важных частей ремонта.
Arna Press,
27 августа 2026
в 16:18
Семейдегі теміржол вокзалында жөндеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz.Жаңғырту жұмыстары Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының қаражаты есебінен өңірдегі 10 теміржол вокзалы жаңғыртылып жатыр.
Arna Press,
27 августа 2026
в 15:08
ҚР Ұлттық экономика министрлігі әлеуметтік желілерде тарап жатқан банктік депозиттер бойынша сыйақыларға 5% салық енгізіледі деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz Экономика министрлігіне сілтеме жасап.Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 430-бабына сәйкес, жеке тұлғаларға банктердегі салымдары (депозиттері) бойынша төленетін сыйақыларға жеке табыс салығы салынбайды.Сондай-ақ ҚР Үкіметі аталған норманың күшін жоюды немесе депозиттер бойынша алынатын сыйақыларға салық енгізуді қарастырып жатқан жоқ.Осыған байланысты әлеуметтік желілердегі расталмаған ақпаратқа сенбей, тек ресми дереккөздерге сүйенген жөн.Фото: ЖИ
Arna Press,
27 августа 2026
в 15:08
Семей қаласындағы Жангелдина–Шугаева көшелерінің қиылысында шұңқыр бір жылдан астам уақыт бойы ашық жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kzТұрғындардың айтуынша, бұл жағдай көлік жүргізушілеріне айтарлықтай қиындық туғызып отыр.Публикация от ⚡️Новости ARNAPRESS⚡️ (@arnapress_news)«Шұңқырдың қасында бағана да қисайып тұр.
Arna Press,
27 августа 2026
в 13:38
2026 жылғы 27 тамызда Семей қаласында Абай облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының ұйымдастыруымен терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізілуде, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.Оқу-жаттығу өтетін нысандардың бірі – «Дана» сауда үйі (ЦУМ). Осыған байланысты қаланың жекелеген көшелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілді.Атап айтқанда, Найманбаев – Мұхамедханов, Қабанбай батыр – Мұхамедханов және Уәлиханов – Мұхамедханов көшелерінің қиылыстары аумағында қозғалыс уақытша шектелген.Қала тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздік шараларын сақтауды, оқу-жаттығу барысына түсіністікпен қарауды, расталмаған ақпаратты таратпауды және мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындауды сұралады.
Arna Press,
27 августа 2026
в 11:28
2026 жылғы 1 қазаннан бастап №1/2 «Алматы — Ташкент» халықаралық пойызының құрамында «Әйелдер вагоны» қызметі іске қосылады, деп хабарлайды Arnapress.kz «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөзіне сілтеме жасап.Бұл — Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы халықаралық бағытта алғаш рет ұсынылып отырған жаңа қызмет.«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, Алматы — Ташкент бағытына сұраныстың артуы және жолаушылар ағынының өсуіне байланысты вагонды іске қосу туралы шешім қабылданған.
Arna Press,
27 августа 2026
в 11:28
Семей қаласында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жүргізілген рейд кезінде полиция қызметкерлері жүк көлігін басқарған 61 жастағы жүргізушінің құжаттары мен көлік құралы тексерілді, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.Тексеру барысында жүк көлігіне көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі тағылғаны анықталды.Көлік арнайы тұраққа қойылдыҚұқық бұзушылықтың жолы кесіліп, көлік құралын әрі қарай пайдалануға тыйым салынды.
Arna Press,
26 августа 2026
в 17:58
27–29 тамыз аралығында Мичурин және Морозов көшелерінің қиылысындағы теміржол өткелінде бетон төсемін ауыстыру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап.Қозғалыс 27 тамыз — сағат 22:00-ден 28 тамыз 06:00-ге дейін және 28 тамыз — сағат 22:00-ден 29 тамыз 06:00-ге дейін шектеледі.Жүргізушілерден жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша көлік қозғалысы шектеулерін ескеру сұрайлады.Фото: ЖИ
Arna Press,
26 августа 2026
в 13:28
Рейдтік іс-шара барысында түнгі сағат 00:00 шамасында полиция қызметкерлері «Газель» автокөлігін тоқтатып, 25 жастағы жүргізушіні тексерді, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.Медициналық куәландыру нәтижесінде оның орта дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.Мас күйінде рөлге отыру — тек жүргізушінің емес, жолдағы барлық азаматтардың өміріне қауіп төндіреді.Бір отбасы баласының амандығын күтіп отыруы мүмкін.
Arna Press,
26 августа 2026
в 13:28
2026 жылғы 25 тамыздан бастап электрсамокаттардың тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарымен жүруіне тыйым салынады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.Қазақстанда жыл басынан бері мопед жүргізушілерінің кінәсінен 390 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 33 адам қаза тауып, 461 адам жарақат алған.
Arna Press,
26 августа 2026
в 13:28
Абай облысында «Назар аударыңыз, балалар!»жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында түнгі уақытта көшелер мен қоғамдық орындарды тексеріп, заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтауда, деп хабарлайдв Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.Рейд барысында 409 бала ішкі істер органдарына жеткізілді, ал 16 жасөспірім Балаларды бейімдеу орталығына орналастырылды.Жалпы рейдтік іс-шаралар нәтижесінде 446 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.
Arna Press,
26 августа 2026
в 10:48
24 тамызда Бородулиха аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Шүлбі су қоймасының акваториясында патрульдеу жүргізді, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап.Рейд барысында тәртіп сақшылары су айдынын тексеріп, белгіленбеген орындарға заңсыз орнатылған балық аулау құралдарын анықтады.