Arna Press,
07 сентября 2026
в 11:18
В Казахстане стартовала Неделя семьи, которая продлится с 7 по 13 сентября, передает Arnapress.kz со ссылкой на пресс-службу Минкультуры и информации.Она приурочена ко Дню семьи, отмечаемому в республике ежегодно во второе воскресенье сентября.В течение недели в регионах страны пройдут информационные, образовательные и общественные мероприятия, направленные на укрепление семейных ценностей, развитие культуры взаимоотношений и ответственное родительство.Каждый день Недели семьи посвящен отдельной теме – от преемственности поколений и осознанного создания семьи до здоровья детей, безопасности, семейного благополучия и совместного досуга родителей и детей.В социальных сетях также пройдет общенациональный челлендж #Otbasym2026 под девизом «Один день из жизни нашей семьи».Фото: сгенерировано нейросетью
Arna Press,
04 сентября 2026
в 16:18
Семей қаласында жылу желілерін ауыстыру жұмыстарына байланысты Момышұлы көшесінің Ибраев көшесінен Чайжунов көшесіне дейінгі аралығында көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап4 қыркүйек сағат 11:00-ден 5 қыркүйек сағат 19:00-ге дейін аталған учаскеде автокөлік құралдарының қозғалысына шектеу қойылады.Жүргізушілерден маршруттарын алдын ала жоспарлап, айналма жолдарды таңдауды және уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды сұралады.Жолдағы қауіпсіздік талаптарын сақтап, мүмкіндігінше балама бағыттарды пайдаланған жөн.Фото: ПД
Arna Press,
04 сентября 2026
в 16:18
Облыс әкімі Берік Уәлидің аудан тұрғындарымен кездесуі Абай ауданынан басталды. Кездесуде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, жүзеге асып жатқан жобалар және алдағы жоспарлар талқыланды, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап.Ауданда ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, туризм және инфрақұрылым салаларына басымдық берілуде.
Arna Press,
04 сентября 2026
в 15:28
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ 2025 жылды 6,9 млрд теңге шығынмен аяқтады, деп хабарлайды Arnapress.kz халықаралық әуежайыға сілтеме жасап. Ал кәсіпорынның өткен жылдардан жинақталған жабылмаған шығыны 36 млрд теңгеге жетті.Осыған байланысты әуежайда қаржылық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған дағдарысқа қарсы бағдарлама жүзеге асырылуда.
Arna Press,
04 сентября 2026
в 15:28
Полиция азаматтарды интернеттегі «емші», «көріпкел», «балгер» деген адамдардан сақ болуға шақырады, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.Алаяқтар ата-аналардың балаға деген алаңдаушылығын пайдаланып, «балаңызға дуаланған», «көз тиген», «дуаны қайтару керек» деп қорқытады. Кейін «емдеу», «тазарту» немесе арнайы заттар сатып алу үшін ақша талап етеді.Алаяқтардың арбауына түспеу үшін:.
Arna Press,
04 сентября 2026
в 11:18
Семейде «38. Соңғы нүкте» толықметражды отандық драма-катастрофасының премьерасы өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Туындыға 2023 жылы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында болған ауқымды өрт оқиғасы арқау болған.«38. Соңғы нүкте» – қазақстандық кинематографияда драма мен апат жанрын ұштастырған туынды.
Arna Press,
04 сентября 2026
в 11:18
Абай облысында құрылыс нысандарының сапасы мен қауіпсіздігіне бақылау күшейтіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Бұл туралы облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен жиында айтылды. Жиында өңірдегі құрылыс нысандарының қазіргі жай-күйі қаралып, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының атқарған жұмысы сараланды.мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Сайлауғалы Байназаровтың мәліметінше, 2025-2026 жылдары облыста 276 жобалық-сметалық құжаттама әзірленген.
Arna Press,
03 сентября 2026
в 17:28
Жыл басынан бері Абай облысының аумағында полиция қызметкерлері көлік құралын масаң күйде басқарған 370 жүргізушіні анықтап, олардың жолын кесті, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап. Олардың қатарында жеңіл және жүк көліктерінің, мотоциклдер мен электросамокаттардың жүргізушілері бар.Абай облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Омаровтың айтуынша, жүргізушінің бір сәттік жауапсыздығы орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін.«Масаң күйде көлік басқару – жауапкершілігі жоғары жүргізуші үшін жол беруге болмайтын әрекет.
Arna Press,
03 сентября 2026
в 17:28
Владивостокта өткен Шығыс экономикалық форумы аясында Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын жобалау, жабдықтау және салу жөніндегі келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігіне сілтеме жасап.Құжатқа «Қазақстан атом электр станциялары» компаниясы мен «Росатомның» еншілес кәсіпорны — «Атомстройэкспорт» АҚ қол қойды.Келісімшарт АЭС құрылысы жобасының практикалық кезеңге өткенін білдіреді.
Arna Press,
03 сентября 2026
в 14:18
Семейдегі кей жерлерде 4 қыркүйекте су уақытша тоқтайды, деп хабарлайды Arnapress.kz Семей Водоконалға сілтеме жасап. «Теплокоммунэнерго» МКК жазбаша өтінімі бойынша №1 Аудандық қазандықта ысырма арматурасын ауыстыру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 04.09.26 ж. сағат 09:00-ден бастап жұмыстар аяқталғанға дейін келесі мекенжайлар бойынша сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады:* Степной к. * Мұрат саяжай алабы * Мұқыр а. * №1 Аудандық қазандық * №35 колония * Тазарту құрылыстары * Би Бораңбай көшесі, 97 * «Семей Инжиниринг» АҚ, Арай East Food, «Казэлектромонтаж-с» АҚ, «Daewoo Bus Kazakhstan»ЖШС, «Семипалатинская монтажная фирма — Исталькон» ЖШС, «Каражыра» АҚ, «АК-НУР» ЖШС, «Семей Сплав» ЖШС, «КАЗ ЛАКОС ГРУПП» ЖШС, «Эскор-Семей» ЖШС, «Завод Железобетонных Изделий МАРти» ЖШС, «Айса» ЖШС, «АК NAN KZ» ЖШС, «Олжас» ТБӘ ЖШС, «ALINA HOLDING» ЖШС ФИЛИАЛЫ», әскери бөлім.Фото: ЖИ
Arna Press,
03 сентября 2026
в 14:18
Облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы қалалық маршруттарға қызмет көрсету үшін сатып алынған жаңа жолаушылар автобустарымен танысты, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап.«Таксомоторный парк» ЖШС әлеуметтік маңызы бар №1, 3, 16, 18, 22, 24, 26, 28, 29, 34, 36, 52 және №55 бағыттарға қызмет көрсетеді.
Arna Press,
02 сентября 2026
в 19:28
Қазақстанда энергия өндіруші ұйымдардың өтініштеріне байланысты электр энергиясына белгіленген шекті тарифтер қайта қаралмақ, деп хабарлайды Arnapress.kz «Ашық НҚА» порталына сілтеме жасап.Порталда Қазақстан Энергетика министрінің «Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы жоба жарияланды.Құжатқа сәйкес, тарифтерді қайта қарауға 60 энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын өндіру бойынша шекті тарифтерді түзету туралы өтініштері негіз болған.Министрлік бұл шешім елді тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етуге және генерациялаушы қуаттарды жоспарлы түрде жаңғыртуға бағытталғанын атап өтті.
Arna Press,
02 сентября 2026
в 18:18
«Абай ұлттық мектебіне» қатысты жағдай Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитетінің бақылауында, деп хабарлайды Arnapress.kz министрлікке сілтеме жасап.Министрлік мәліметінше, мектеп директорсыз қалған жоқ. Қазіргі уақытта директордың міндетін атқарушы тағайындалып, оқу процесінің үздіксіздігі қамтамасыз етілген.2026 жылғы мамыр-маусым айларында жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит 2023 жылғы 1 қаңтардан 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңді қамтыды.
Arna Press,
02 сентября 2026
в 16:38
Абай облысында аумақтардың санитариялық жағдайын жақсарту, қоғамдық тәртіпті сақтау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.Жыл басынан бері полиция қызметкерлері санитариялық тазалық пен абаттандыру талаптарының сақталуына байланысты профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізіп келеді.Нәтижесінде 9 151 құқық бұзушылықтың жолы кесілді.
Arna Press,
02 сентября 2026
в 16:38
Абай облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Arnapress.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.Брифингте полиция подполковнигі Ержан Ақбаев айтуынша, 15 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында облыста «Назар аударыңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасына 357 қызметкер жұмылдырылған.Балалардың қараусыз қалуы мен жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында 167 рейд өткізілді.
Arna Press,
02 сентября 2026
в 16:38
Семей қаласында жылу беру маусымына дайындық аясында 7–21 қыркүйек аралығында жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасапОсыған байланысты қаланың оң және сол жағалауындағы тұрғын үйлер мен бірқатар нысандарда ыстық су уақытша тоқтатылады.Сынақтан сәтті өткен учаскелерде ыстық су беру қайта қалпына келтіріледі.
Arna Press,
02 сентября 2026
в 16:38
2026 жылғы 4 қыркүйекте Абай облысының әкімі Берік Уәли Абай ауданының тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімңнің баспасөзіне сілтеме жасап.Кездесу Қарауыл ауылындағы аудандық Мәдениет үйінің мәжіліс залында сағат 12:00-де басталады.Кездесу алдында, сағат 11:30-да, облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.Қабылдауға алдын ала жазылу үшін 8 775 814 82 25 нөміріне хабарласу қажет.Фото: Облыс әкімдігі баспасөзінен
Arna Press,
02 сентября 2026
в 16:38
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2026 жылғы тамыздағы қызметінің қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мемлекеттік шекараны күзету және қорғау барысында шекарашылар құзырлы органдармен бірлесіп, шекара кеңістігінде 5 588 заң бұзушыны ұстады.
Arna Press,
02 сентября 2026
в 16:38
Абай облысының Жарма ауданында полиция қызметкерлері Шалабай ауылының аумағында мотоцикл басқарған 59 жастағы азаматты тоқтатты, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.Тексеру барысында жүргізушінің мас күйде болғаны анықталды. Сонымен қатар оның көлік құралын басқару құқығы болмаған.Құқық қорғау органдарының мәліметінше, көлік басқару құқығы жоқ адамның мас күйде көлік жүргізуі заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.Полиция азаматтарды жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Әсіресе мас күйде көлік басқару жүргізушінің өз өміріне ғана емес, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне де үлкен қауіп төндіреді.Фото: ПД
Arna Press,
02 сентября 2026
в 15:18
Абай облысында мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және оларға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап.2023–2027 жылдарға арналған жол картасына сәйкес өңірде 1 255 нысанды бейімдеу жоспарланған.
Arna Press,
02 сентября 2026
в 15:18
Әкімдік отырысында қала құрылысы, қолжетімді орта және «Таза Қазақстан» мәселелері қаралды, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап.Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен әкімдік отырысында елді мекендердің қала құрылысы құжаттамасын әзірлеу барысы, инфрақұрылым нысандарының мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету және «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының іске асырылуы талқыланды.Отырыста Семей қаласының бас жоспарына енгізіліп жатқан өзгерістер, жаңа әкімшілік-іскерлік орталық, 15-шағын аудан және «Қарағайлы» тұрғын ауданы бойынша егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары сөз болды.
Arna Press,
02 сентября 2026
в 12:38
Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.Оның аясында қалалық және аудандық шақыру комиссиялары жұмысқа кірісті.Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, желтоқсанның соңына дейін шамамен 23 мың ер азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады.
Arna Press,
02 сентября 2026
в 11:38
Абай облысының Мақаншы ауданында Жалаңашкөл теміржол вокзалы толық жаңартылып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап.Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев қатысты.Жаңғырту жұмыстары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының вокзал инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында жүргізілді.
Arna Press,
01 сентября 2026
в 17:58
Семей қаласының прокуратурасы «Семей Водоканал» мекемесінің сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсету барысында заң талаптарының сақталмағанын анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.«Семей Водоканал» МКК-ның сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсету барысында 3 400 кәсіпкер мен 16 инвестордың құқығына әсер еткен заң бұзушылықтарды анықтады.
Arna Press,
01 сентября 2026
в 14:58
2026 жылғы 1 қыркүйекте Семей қаласында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқықтық мәселелер бойынша кеңес беруге бағытталған «Қолжетімді құқық аумағы» көшпелі консультациялық акциясы өтеді, деп хабарлайды Arnapress.kz «Соц.kz» қоғамдық қорына сілтеме жасап.Іс-шара сағат 17:00-ден 18:30-ға дейін «Avenue» СО-да (Семей қ., М. Әуезов даңғылы, 5) ұйымдастырылады.Акция барысында тұрғындарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялар беріліп, мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.Акцияға қатысатын серіктестер:* Абай облысының прокуратурасы; * ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті; * Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті; * Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті; * Абай облысының Полиция департаменті; * Абай облысының Әділет департаменті; * Абай облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы; * Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы; * Абай облысының Білім басқармасы; * Семей қаласының Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі; * Семей қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі; * Семей қаласының Құрылыс бөлімі; * Семей қаласының Сәулет және қала құрылысы бөлімі; * Семей қаласының Жер қатынастары бөлімі; * Семей қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі; * Семей қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.Фото: ЖИ
Arna Press,
01 сентября 2026
в 14:58
Объединение КХ «Балке» и «Берлык» – это семейный бизнес и принадлежит он отцу и сыну – Оралбеку Токашеву и Ерназару Нұрмуханбет. Базой этого предприятия является КХ «Балке», которое начиная с 2019 года специализируется на молочном животноводстве и выращивании сельскохозяйственных культур.Сегодня «Балке» насчитывает свыше 400 голов КРС, производя при этом 2900 тонн молока ежегодно.«Мы автоматизировали почти все процессы: кормление, поение и доение животных.
Arna Press,
01 сентября 2026
в 13:28
Жаңа оқу жылында Абай облысында 100 мыңнан астам оқушы мектепке барса, оның 10 мыңнан астамы алғаш рет мектеп табалдырығын аттап отыр. Семей қаласында биыл 5 мың бүлдіршін бірінші сыныпқа қабылданды, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап. Білім күніне орай облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы Степной кентінде орналасқан №46 жалпы орта білім беретін мектепке барып, оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
Arna Press,
01 сентября 2026
в 12:38
Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлы 15-шағын аудан, 9-үй тұрғындарымен кездесіп, көшпелі жиын өткізді, деп хабарлацды Arnapress.kz әкімдік баспасөзіне сілтеме жасап.Кездесу барысында тұрғындар кәріз жүйесінің жай-күйі, ауланы абаттандыру, ағаштарды күтіп ұстау және тұрғын үйге кіреберіс жолдың жағдайы секілді бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.Көтерілген мәселелер бойынша қала әкімі жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Arna Press,
31 августа 2026
в 16:28
Абай облысының Жарма ауданында Үшбиік, Жарма және Шар станцияларындағы жаңартылған теміржол вокзалдары пайдалануға берілді, деп хабарлайдыArnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап.Бұл жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының вокзал инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
Arna Press,
31 августа 2026
в 14:48
VI республикалық «100 ӨЛЕҢ» көркемсөз оқу байқауында мыңдаған қатысушының арасынан суырылып шыққан жеңімпаз, автокөлік иегері Айгүл Бейсенбина додаға дайындық кезіндегі қиындықтары мен қызықтары жайлы айтып берді, деп хабарлайды Arnapress.kz Биылғы байқаудың бас жүлдесін Астана қаласы әкімдігінің №107 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры, педагог-шебер, Ыбырай Алтынсарин төс белгісінің иегері Айгүл Бейсенбина иеленді.Айгүл Базарбайқызы 100 күн ішінде қазақ ақындарының 100 өлеңін жаттап, нағыз көркемсөз оқу шеберлігін көрсетті.«Биылғы «100 ӨЛЕҢ» байқауы ауқымымен де, қатысушылар құрамының ерекшелігімен де есте қалды.