Популярные темы

Новости сайта Ақтөбе газеті — страница 2

Көмір бар жерде… өмір бар ма?

Ақтөбе газеті, 30 января 2020 в 10:42

Көмір бар жерде… өмір бар ма?
Облыстың 90 пайызы газбен қамтылды десек те, қатты отынға деген сұраныс әлі де бар. Жалпы әлеуметтік нысандарға жылыту маусымына 39 030,7 тонна қатты отын керек болса, бүгінгі күні жоспар 100 пайыз орындалып тұр. Ал облыс тұрғындары үшін 37 380 тонна көмір әкелінген. — Қазіргі таңда облысқа 495 вагонмен 34 650 тонна көмір жеткізілді.

Кітаппен емдел!

Ақтөбе газеті, 30 января 2020 в 10:42

Кітаппен емдел!
Ақтөбе медицина орталығында «Кітаппен емдел!» акциясы өтті.Шараны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті «Ақтөбе — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және «Leader-Q» қоғамдық бірлестігі «Ізгілік елшісі» жобасы аясында ұйымдастырды.Адамдарды кітап оқуға қызықтырып, еріктілердің бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында өткізілген шарада Ақтөбе медицина орталығында ем алушыларға кітаптар үлестірілді.

Қайырымдылыққа негізделген тұсаукесер

Ақтөбе газеті, 30 января 2020 в 10:42

Қайырымдылыққа негізделген тұсаукесер
Еріктілер жылында облыс аудандарының ішінде алғашқылардың бірі болып Қобда ауданында «UMIT OTY» ерiктiлер клубы құрылды. Аудандық Мәдениет үйінде клубтың тұсаукесер салтанаты өтіп, «Қайырымдылық — жылы жүректен» атты қайырымдылық концертке ұласты. Салтанатты шараға қатысқан Қобда аудандық iшкi саясат бөлiмiнiң басшысы Арман Қабылов еріктілер тобының жұмысына сәттілік тілеп, ерiктi жастар клубының құрыла салысымен қайырымдылық концертiн ұйымдастыруын көпке үлгi боларлық, өнегелi icке балады. Өнер саласында тәжipибелерi аз болса да, батыл қадамға барып отырған жастарға сын көзбен қарамай, қолдау көрсету — бұлақтың көзiн ашуымен бipдей, әрi жүрек үнiмен жақсылық жасауға ұмтылған жастар қандай мақтауға болса да лайық деп бағалады.Бұл күнi жақсылық жасауға асыққан ерiктi жастар ән айтып, қасиеттi қара домбыраны күмбipлетiп күйлер орындады, би билеп, әзiл қойылымдар көрсетті. Ұйымдастырушылар шарадан түскен қаражат аз қамтылған отбасыларды қолдауға жұмсалатындығын айтты.— «UMIT OTY» ерiктiлер клубының құрамында жасы 18-ге толған қырыққа жуық аудан жастары бар.

Абай  ескерткішіне байқау жарияланды

Ақтөбе газеті, 30 января 2020 в 10:32

Абай  ескерткішіне байқау жарияланды
Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Ақтөбе қаласында Абай Құнанбайұлына ескерткіш орнату үшін ең үздік эскиздік жобаға шығармашылық байқау жариялайды.Байқаудың мақсаты — белгілі тұлғаның бейнесін ашатын, аса мәнерлі мүсіндік көркемдік туындыны дүниеге әкелу.Ұсынылған жобалар жоғары идеялық және сәулеттік-көркемдік деңгейде орындалуы тиіс.

Мектеп директорлары қарасөз оқып жарысты

Ақтөбе газеті, 30 января 2020 в 10:32

Мектеп директорлары қарасөз оқып жарысты
Абай ауылындағы Абай негізгі мектебінде Хромтау аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімі мен аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Қазақта қара сөзге дес бермедім…» байқауы өтті. Байқауға аудан көлеміндегі білім беру ұйымдарының басшылары қатысты. «Абай әлемі» кезеңінде мектеп директорлары ұжымдарындағы қызметкерлерді қатыстыра отырып, өздеріне алдын ала берілген үй тапсырмасына сай бейнематериал түсіріп әкеліп, соны жұрт назарына ұсынды.

Екінші сөз

Ақтөбе газеті, 30 января 2020 в 10:32

Екінші сөз
Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ сартты көрсе, күлуші еді: «Енеңді ұрайын, кең қолтық, шүлдіреген тәжік, арқадан үй төбесіне саламын деп қамыс артқан, бұтадан қорыққан, көз көргенде «әке-үке» десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан, «сарт-сұрт деген осы», — деп.Ноғайды көрсе, оны да боқтап күлуші еді: «Түйеден қорыққан ноғай, атқа мінсе — шаршап, жаяу жүрсе — демін алады, ноғай дегенше, ноқай десеңші, түкке ыңғайы келмейді, солдат ноғай, қашқын ноғай, «башалшік1 ноғай», — деп.Орысқа да күлуші еді: «Ауылды көрсе шапқан, жаман сасыр бас орыс», — деп. — «Орыс ойына келгенін қылады деген… не айтса соған нанады, «ұзын құлақты тауып бер депті» деп.Сонда мен ойлаушы едім: «Ей, құдай-ай, бізден басқа халықтың бәрі антұрған, жаман келеді екен, ең тәуір халық біз екенбіз» деп, әлгі айтылмыш сөздерді бір үлкен қызық көріп, қуанып күлуші едім.Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген егіні жоқ, шығармаған жемісі жоқ, саудагерінің жүрмеген жері жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ. Өзіменен өзі әуре болып, біріменен бірі ешбір шаһари жауласпайды Орысқа қарамай тұрғанда қазақтың өлісінің ахиреттігін2, тірісінің киімін сол жеткізіп тұрды. Әке балаға қимайтұғын малыңды кірелеп сол айдап келіп тұрды ғой.Орысқа қараған соң да, орыстың өнерлерін бізден олар көп үйреніп кетті. Үлкен байлар да, үлкен молдалар да, ептілік, қырмызылық, сыпайылық — бәрі соларда.Ноғайға қарасам, солдаттыққа да шыдайды, кедейлікке де шыдайды, қазаға да шыдайды, молда, медресе сақтап, дін күтуге де шыдайды.Еңбек қылып, мал табудың да жөнін солар біледі, салтанат, әсем де соларда.

Жаңа заң: үлкен қолдау және мол мүмкіндік

Ақтөбе газеті, 30 января 2020 в 10:22

Жаңа заң: үлкен қолдау және мол мүмкіндік
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» Заңға қол қойды. Педагог мерейін үстем етуде жаңа заңның талаптары қандай? Мұғалімдерге көрсетілетін қолдау, көмек және басқа да басымдықтар туралы біз облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаевамен сұхбаттасқан едік. — Аталған заң педагогтердің беделін көтеріп, қоғамдағы артықшылықтарды сезінуге мүмкіндік береді.

Коронавирус — қауіпті індет

Ақтөбе газеті, 30 января 2020 в 10:12

Коронавирус — қауіпті індет
2019 жылдың соңында Қытайдың Ухань қаласында жаңа коронавирус пайда болғаны мәлім. Бұл вирус пневмонияны қоздырады. «Қазинформ» ақпарат агенттігінің дерегіне сүйенсек, бүгінгі күні Қытайда коронавирусқа шалдыққандар саны 4515 адамға жеткен. Оның 106-сы қайтыс болған. Бұл елде өтетін халықаралық спорттық шаралар тоқтатылып жатыр.

Қаңтар:  қыс мінезін танытты

Ақтөбе газеті, 30 января 2020 в 10:12

Қаңтар:  қыс мінезін танытты
2020 деп аталатын жаңа жыл басы жақсы үміттермен басталды. Облыс өткен жылды қай салада болмасын оңды көрсеткіштермен аяқтады. Экономикада белгілі бір дәрежесі өсім болды. Ауылдарда мал басы көбейе түсті. Мемлекеттік бағдарламалар мүмкіндігін пайдаланып, кәсіпкерлікті дамытуда да ілгерілеулер бар.Әлеуметтік салада да біраз шаруалар атқарылды.

Мектеп асханасы санитарлық талапқа сай ма?

Ақтөбе газеті, 30 января 2020 в 10:02

Мектеп асханасы санитарлық талапқа сай ма?
Бала денсаулығын нығайтудың бір жолы — мектепте тамақтануды дұрыс ұйымдастыру. Оқушыларды тамақтандыру жұмысы барлық санитарлық талапқа сай болуы керек.Өткен жылы 166 мектептің ас дайындайтын жерінен ерекше тәртіп бойынша зертханалық сынамалар алынып, тексерілген. Облыс бойынша тамақ өнімінен алынған 415 сынама микробиологиялық көрсеткіш бойынша зерттелсе, оның ішінде 30 сынамадан ішек таяқшасы анықталған.

Жол сапалы салына ма?

Ақтөбе газеті, 30 января 2020 в 10:02

Жол сапалы салына ма?
Жол сапасы — әлеуметтік маңызы бар мәселе. Бірақ салынып жатқан жолдың сапасы қандай? Кім бақылайды? Қысты күні жол тазалығы сақтала ма? Мердігер мекемелер талапты орындай ма? Осы сұрақтарға «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының жол құрылысы бойынша инженері Тельман Малаев жауап берді.— Облыс аумағынан өтетін республикалық маңызы бар сегіз жол мен жергілікті жолдардың сапасын облыстық филиал қадағалайды.

Игілікті істердің жаршысы

Ақтөбе газеті, 30 января 2020 в 10:02

Игілікті істердің жаршысы
Қай салада қызмет етсе де жүрген ортасына сыйлы, ойын тура айтар мінезі мен табандылығы, өз жұмысын жақсы білетін қабілет-қарымы ісінен көрініп тұратын азаматтар болады. Солардың бірі — Баянғали Құлтаев. Жұрт бұл кісіні шежіреші, өлкетанушы ретінде біледі. «Ұлтым» деген ұл болса… Баянғали Құлтаев бұрынғы Новоресей ауданының Көктерек ауылында жылқышының отбасында дүниеге келген.

Әңгіме өзегі — жемқорлықтың жолын кесу

Ақтөбе газеті, 30 января 2020 в 09:52

Әңгіме өзегі — жемқорлықтың жолын кесу
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Ақтөбе облысы бойынша департаменті №3 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің мамандары елімізде денсаулық сақтау саласына қатысты реформаны жан-жақты түсіндіру мақсатында іс-шаралар жүргізіп жатыр. Бір айта кетерлігі, департаменттің №3 медициналық-әлеуметтік сарапта бөлімінің мамандары өздеріне жүктелген аумақтармен қатар бірқатар аудандар бойынша жұмыс жүргізеді.

Қаржы саласының білгірі

Ақтөбе газеті, 30 января 2020 в 09:52

Қаржы саласының білгірі
Мамандықтың бәрі жақсы, ең бастысы — оны игере біл, игілікке пайдалануға жол аш. Көпшілік үшін қиын мамандық саналатын қаржыгерлердің ең негізгі міндеттерінің бірі — мемлекеттің ақшасын дер кезінде жинап, тиімді пайдаланып, ел экономикасының дамуына жұмыс жасау. Қаржы саласының қаншалықты маңызды екені айтпаса да түсінікті.Қай мекемеде болмасын, ұжымның мақтанышына айналған ардагері, маманы болады. Қаржы саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен, бүгінде ардагерлер қатарына қосылған Жұмабай Төлеуовті осы қатарға қосуға болады.Ол Байғанин ауданындағы Бұлақтыкөл ауылында дүниеге келіп, көпбалалы ата-ана Шамшадин-Жаңылсын сынды көненің көзі, жақсының жалғасы сынды өнегелі отбасында сегіз перзенттің бірі болып тәрбиеленді.Шамшадин ақсақал — Байғанин өңіріндегі «Жем», Абай атындағы, «Бұлақтыкөл» колхоздарын соғыстан кейінгі уақытта қалпына келтіру ісіне өлшеусіз үлес қосқан, елді мекеннің шаруашылығын өркендетіп, экономикалық жағынан нығаюына көп еңбек сіңірген басшы ардагерлердің бірі.

Ақтөбелік еріктілер жақсылыққа қарай жүгіреді!

Ақтөбе газеті, 28 января 2020 в 16:52

Ақтөбелік еріктілер жақсылыққа қарай жүгіреді!
Ағымдағы жылдың 26 қаңтар күні Тұңғыш Президент саябағында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті «Ақтөбе – адалдық – алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесіп, «Ізгілік елшісі» жобасы аясында еріктілер марафонын өткізеді.Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев «2020 – еріктілер жылы» деп жариялаған болатын, осы орайда департаменттің ұйымдастыруымен өткен марафонның басты мақсаты қаламыздағы еріктілердің басын қосып, салауатты өмір салтын ұстануға баулу және қатысушылардың бос уақытын тиімді пайдалану.Ауа – райының қолайсыздығына қарамастан жексенбілік таңда марафонға қатысуға жүзден аса адам жиналды. Қатысушылардың жас ерекшеліктері 9 – 64 жасты құрады.Еріктілер марафонына «McDonald’s» желісінің ұжымы, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өкілдері, «Aktoberun» жүгірушілер қауымдастығы, департаменттің ұжымы және ниет білдіруші тұрғындар қатысты.ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Президент жарлығын қолдау мақсатында «Волонтеры бегут за добром» атты марафонның өтуіне атсалысып, қолдау білдіргені үшін облыстық спорт басқармасына, қалалық спорт бөліміне және «Leader-Q» ЖҚБ жастарына алғысын білдіреді

Жыл қорытындысы: жарты миллиард теңге пайда

Ақтөбе газеті, 28 января 2020 в 11:22

Жыл қорытындысы: жарты миллиард теңге пайда
Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Шалқар ауданына іссапармен келіп, аудан әкімі Бауыржан Қаниевтің «Шалқар ауданының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2020 жылға арналған міндеттері туралы» тұрғындар алдындағы есебіне қатысты. Алдымен аудан әкімі өзінің жылдық есебін баяндап, атқарылып жатқан нақты істер мен алға қойған міндеттерге тоқталды.— Биыл ғы жылда да Шалқар ауданы үш жыл қатарынан жарты миллиард теңге пайдамен аяқтады.

Баланы қалай тәрбиелеу керек?

Ақтөбе газеті, 28 января 2020 в 10:45

Баланы қалай тәрбиелеу керек?
Облыстық әйелдер ісі жөніндегі комиссия мен қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Жазасыз бала тәрбиесі» тақырыбында отбасылық коуч-тренер Елжас Ертайұлының семинар-тренингі өтті. Қаладағы №31 мектепте өткен шараға Алматы ауданына қарасты мектеп мұғалімдері мен ата-аналар шақырылды. — Бала тақырыбы — қазіргі таңда қоғам үшін де, ата-ана үшін де өзекті тақырыптардың бірі.

Екі ақтөбелік оқушы жеңімпаз атанды

Ақтөбе газеті, 28 января 2020 в 10:45

Екі ақтөбелік оқушы жеңімпаз атанды
Біздің облыстың екі оқушысы Абайдың 175 жылдығына арналған ІІ республикалық «Абайтану» олимпиадасында жеңімпаз атанды. Олар — М.Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы Нұрай Қабдол мен Шалқар қаласындағы №2 мектеп-гимназиясының оқушысы Рамазан Бақырадинов.

Құтқарушылар жүкті әйелге көмектесті

Ақтөбе газеті, 28 января 2020 в 10:45

Құтқарушылар жүкті әйелге көмектесті
Демалыс күндері аймақта ауа райының күрт бұзылуына байланысты облыстық, республикалық маңыздағы тас жолдар жабылып, көлік қозғалысына шектеу қойылды. Жолда қалған жүргізушілерге барынша жағдай жасалды. Мұндай іс-шаралар облыстың Қобда, Мұғалжар, Байғанин, Темір, Мәртөк, Алға аудандарында тіркелді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне 26 қаңтарда сағат 11.40-та Самара-Шымкент тас жолының 598 шақырымында жеңіл автокөліктің қар құрсауында қалғаны турасында ақпарат түседі.

Жүйелі жұмыстар көрсеткіші 

Ақтөбе газеті, 28 января 2020 в 10:42

Жүйелі жұмыстар көрсеткіші 
Сенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин жұмыс сапарымен Мәртөк ауданына барды. Облыс басшысы аудан әкімінің «Мәртөк ауданының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2020 жылға арналған міндеттер туралы» тұрғындарға есеп беру кездесуіне қатысып, ауданда жаңадан ашылған денешынықтыру-сауықтыру кешені мен «Ашық әкімдік» орталығының жұмысымен танысты.

Скандинавиялық жүріс — денсаулық кепілі

Ақтөбе газеті, 28 января 2020 в 10:35

Скандинавиялық жүріс — денсаулық кепілі
«Денсаулық» саябағында скандинавиялық жүріс марафоны өтті. Бұған дәрігерлер мен қала тұрғындары қатысты. Күн боран болса да саябаққа жиналғандар марафонды ерекше шабытпен бастады. «Арасан-Ақтөбе» серіктестігінің директоры Дәмеш Қайдарова жиналғандарға аталған жүрістің пайдасы туралы айтып, сәттілік тіледі.

Жыл иелерінің жоспары — ерікті жастардың ертеңі

Ақтөбе газеті, 28 января 2020 в 10:34

Жыл иелерінің жоспары — ерікті жастардың ертеңі
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Еріктілер жылына арналған іс-шаралар жоспарының тұсаукесері» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.Оған облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов, ерікті жас, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің жастар істері жөніндегі комитетінің төрағасы Нарқозы Қартжан, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті жастар саясаты жөніндегі департаментінің директоры Айбек Наженов және облыстағы еріктілер тобының жетекшілері мен мүшелері қатысты.ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес «2020 жыл — Еріктілер жылы» деп жарияланды.

Шалғайдағы екі ауылдың шаттығы

Ақтөбе газеті, 28 января 2020 в 10:32

Шалғайдағы екі ауылдың шаттығы
Байғанин ауданындағы екі бірдей ауылға газ берілді. Бұлақтыкөл және Жаңатаң ауылдарының тұрғындары көгілдір отынның игілігін көріп отыр. Салтанатты шараға Қызылбұлақ ауылдық округінің әкімі Жалғас Талдықов қатысып, жиналған жұртшылықты қуаныштарымен құттықтады.Аталған қос ауыл осы ауылдық округке қарайды. Қазір Бұлақтыкөлде — 534, ал Жаңатаңда — 537 адам тұрады.— Сол маңға жақын орналасқан «Аманмұнай» компаниясы бұл екі ауылға да газды әзірге тегін пайдалануға мүмкіндік жасап отыр.

Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды

Ақтөбе газеті, 28 января 2020 в 10:12

Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды
Ақтөбе облысының дін істері басқармасы тұрақты түрде әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізеді. Нәтижесінде бірқатар заңсыздықтар анықталды. Мәселен, қала тұрғыны Дәметкен Құлтаева діни уағыздарды кедергісіз жүргізу туралы тиісті құжатының жоқтығына қарамастан, дін ұстанушылары арасында уағыз, насихат жүргізген.

Ашық есік күні өтеді

Ақтөбе газеті, 28 января 2020 в 10:12

Ашық есік күні өтеді
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті әлеуметтік қорғау саласындағы маңызды мәселелерді түсіндіру мақсатында облыс тұрғындарына Ашық есік күнін өткізеді. 29 қаңтарда сағат 10.00-12.00 аралығында департамент басшысы мен мамандар азаматтарға бірқатар әлеуметтік мәселелерге байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Барлаушылар жорыққа шықты

Ақтөбе газеті, 28 января 2020 в 10:12

Барлаушылар жорыққа шықты
«Батыс» өңірлік қолбасшылығы барлау бөлімшелерінің барлаушылары Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарындағы 4 полигонда далалыққа шығу жауынгерлік даярлығын арттыруды бастады. Далалыққа шығу тұрақты орыннан жорыққа шығудан басталды. Әскери қызметшілер жауынгерлік міндеттерін орындауға «Қарабатан», «Бекет Ата», «Оймаша» және «Есет батыр» полигондарына шықты.

Тиісті заңнамалардың тиімділігі мол

Ақтөбе газеті, 28 января 2020 в 10:04

Тиісті заңнамалардың тиімділігі мол
Сот және құқық қорғау жүйесіндегі күрделі реформалар — азаматтарымыздың құқықтарын қорғаудың және олардың қауіпсіздігін күшейтудің негізгі факторы екені Мемлекет басшысының Жолдауында атап өтілді. Сот шешімдерінің сапасын арттыру үшін бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыру қажеттігі көрсетілді. Судьялардың заңды және ішкі сенімді басшылыққа алып, шешім шығару құқығы мызғымас сипатқа ие, дегенмен, сот шешімдерін мұқият талдау жұмысын жолға қойып, бірыңғай сот тәжірибесін орнықтыру қажет.

Жаңа ғимараттар салынып, жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Ақтөбе газеті, 28 января 2020 в 10:03

Жаңа ғимараттар салынып, жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Шалқар ауданының әкімі Бауыржан Қаниев Қауылжыр, Мөңке би, Ақтоғай, Бершүгір ауылдық округтерінің орталықтарында болып, тұрғындар алдында ауданның өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және биылғы жылға арналған міндеттері туралы есебін берді. Алдымен ауылдық округ әкімдерінің, кейіннен аудан әкімінің есебін тыңдаған халық атқарылған жұмыстарды оң бағалап, толғандырған сауалдарын ортаға салды.Қауылжырлықтар теміржол стансасындағы шағын мектепке қосымша спорт зал салынса деген ұсыныстарын білдіріп, сол станса ішіне тартылған газ құбырларының жүруге кедергі келтіретінін айтты.

Жер жұмыс істейтін адамға берілуі қажет

Ақтөбе газеті, 28 января 2020 в 10:02

Жер жұмыс істейтін адамға берілуі қажет
Әкімдердің халық алдындағы есебі — олардың жұмысының тиімділігін айқын көрсететін науқан. Қарғалы Мәдениет үйінде аудан әкімі Асқар Жүсібәлиевтің ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы және алдағы жоспарлар жөнінде халық алдындағы есебі басталды. Бұл шара барысында Бадамша селолық округінің әкімі Ернар Дабылдин де есепті кезеңде жасалған жұмысты қорытындылады.

Көлік жолына жарық керек

Ақтөбе газеті, 28 января 2020 в 10:02

Көлік жолына жарық керек
Ақтөбе қаласы Астана ауданының әкімі Бағжан Тілегеновтің халық алдындағы кезекті есептік кездесуі Оқушылар сарайында өтті. Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы Сұлупан Шынтасованың төрағалығымен өткен жиынға Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин, аудан ақсақалдары, көпбалалы аналар мен қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.Алдымен Бағжан Тілегеновтің ауданның өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндамасы тыңдалды.— Астана ауданында 1,3 миллион шаршы метрді құрайтын 56 гүлзар мен саябақ бар.
Показано 30 новостей из 7 311