Популярные темы

алмаиы: новости — страница 3

«Аштықты негізгі тәсіл ретінде қолдануға қарсымын» — үш айда 49 келі тастаған алматылық 31 января 2022, 12:40

Tengrinews, 31 января 2022 в 12:53

Қызылордалық Дәулет Абсаттаров 2015 жылы «Салмақхана» жобасының жеңімпазы атанған. Ол үш айда 49 келі тастады. Дәулет Tengrinews.kz тілшісіне қалай артық салмақтан арылғанын және арықтаудағы басты әдістер туралы айтты. Дәулет Қызылорда қаласының тумасы, жасы 37-де. Бүгінде ол Алматыда халықарлық компанияда департамент басшысы, «Ұлттық салауатты тамақтану орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі.

Тәртіпсіздіктер кезінде тоналған ломбардтан мүлікті қалай қайтаруға болады? 25 января 2022, 15:36

Tengrinews, 25 января 2022 в 15:43

Тәртіпсіздіктер кезінде тоналған ломбардтан мүлікті қалай қайтаруға болады?
                25 января 2022, 15:36
Елімізде жыл басында болған тәртіпсіздіктер кезінде тоналған ломбардтарға мүлкін кепілге берген қазақстандықтар құнды әшекей-бұйым, гаджеттерін қайтара алмай отыр. Tengrinews.kz тілшісі заңгер Назгүл Жолдасбайқызымен тілдесіп, мұндай жағдайда не істеу керегін сұрады. Қаралы қаңтарда Алматының бір өзіне 128 миллиард теңгеден аса сомаға зала келді.

«Басына қару тақап, атып тастаймын деп қорқытқан». Тәртіпсіздіктер кезіндегі жантүршігерлік оқиғалар 21 января 2022, 14:16

Tengrinews, 21 января 2022 в 14:23

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде қаладағы көптеген ғимарат қирап, өртеніп кетті. Лаңкестер ғимараттарға кіріп, атыс шығарған. Оның ішінде, кейбір ғимаратта адамдар болған. Tengrinews.kz тілшісі тәртіпсіздіктер кезінде болған жантүршігерлік оқиғаларға шолу жасады. Алматыдағы кардиологиялық орталыққа жасалған шабуыл 5 қаңтарда тәртіпсіздіктер кезінде қарулы топ қалалық кардиология орталығын басып алған.

«Мұндай жетім күйді ешқашан кешпеппін» — тәртіпсіздік кезінде Түркиядан қайта алмаған қазақстандық журналист 13 января 2022, 11:50

Tengrinews, 13 января 2022 в 12:03

Динар Керім — Egemen Qazaqstan газетінің Интернет бөлімінің басшысы. Ол Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Түркиядан елге қайта алмай қалды. Күні кеше елге оралды. Төрт күндей Түркиядағы әуежай мен үйдің арасында жүрген. Оның айтуынша, елде көмек қолын созғандар да аз болмаған. «Түркияға аяқасты барғым келді. Ұшуға 2-3 күн қалғанда билет алдым. Ішкі түйсігім сол жаққа асығып тұрды.

Медициналық туризм дегеніміз не? Неміс профессорымен үлкен сұхбат 31 декабря 2021, 09:40

Tengrinews, 31 декабря 2021 в 09:43

Медициналық туризм дегеніміз не? Неміс профессорымен үлкен сұхбат
                31 декабря 2021, 09:40
Кейінгі 10 жылда қарыштап дамыған ғылым мен технология дәстүрлі медицинаны түрлендіріп, оның мүмкіндігін кеңейтті. Бүгінде шетелде турист болып қана қоймай, ем алу мен демалысты біріктіруді жөн көретін пациенттердің саны артты. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі Германияның танымал дәрігері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Анна Вегенмен сұхбаттасып, медициналық туризмнің мүмкіндігі жайында сұрады. Қазақстанмен не байланыстырады?

«Қазір омыртқа қытырлатқанның бәрі өзін дәрігер санап жүр». Корей дәрігері мануалды терапияның қаупін айтты 27 декабря 2021, 10:13

Tengrinews, 27 декабря 2021 в 10:23

Кейінгі жылдары мануалды терапия мен нүктелі массажға сұраныс артты. АҚШ-та және Бельгия мен Францияда мануалды терапия жолдарын үйрететін арнайы мектептер де көптеп ашылып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Кореяның ең үлкен көпсалалы медициналық орталығының директоры Ле Чан Гынмен сұхбаттасып, мануалды терапияның пайдасы мен зияны жайында сұрады.

Студент из Жезказгана победил в поэтической дуэли

EKaraganda.kz, 23 декабря 2021 в 19:05

Студент из Жезказгана победил в поэтической дуэли
Всего в конкурсе участвовало 20 молодых поэтов. Они на суд жюри представили по три произведения, одно из них на тему 30-летия Независимости страны, а затем в офлайн-формате прочли своё стихотворение. Первое место занял студент 4-го курса музыкального колледжа города Жезказгана Мади Олжабай. Второй стала учащаяся 2-го курса Карагандинского университета Казпотребсоюза Жанерке Кадербек.

Олимпиада, антирекорд. 2021 жыл Қазақстан спорты үшін қалай өтті? 23 декабря 2021, 14:52

Tengrinews, 23 декабря 2021 в 15:03

Олимпиада, антирекорд. 2021 жыл Қазақстан спорты үшін қалай өтті?
                23 декабря 2021, 14:52
2021 жылы қазақстандық спортшылар түрлі дүбірлі додаға қатысты. Қуаныш та, өкініш те болды. Tengrinews.kz тілшісі 2021 жылы Қазақстан спортындағы маңызды оқиғаларға тоқталды. «Алтынсыз» Олимпиада Негізі биылғы Токио Олимпиадасының өзі даумен басталды. Себебі қазақстандық телеарналар Олимпиада трансляциясының құқығын дер кезінде сатып ала алмай, жанкүйерлер Елдос Сметов пен Зүлфия Чиншанло медаль алған жарысты көре алмаған еді.

«Әзірше коронавирус бізден екі адым алда тұр» — неміс вирусологымен сұхбат 15 декабря 2021, 09:56

Tengrinews, 15 декабря 2021 в 10:03

Коронавирус инфекциясына қарсы екпелер омикрон штамының алдында дәрменсіз бе? Осы мәселе бойынша Tengrinews.kz тілшісі Берингер Ингельхайм халықаралық фармацевтика компаниясының ғаламдық ғылыми зерттеулер бөлімінің бастығы Дорейд Кастратимен сұхбаттасып, омикронға қарсы екпелер жайында сұрады. Антиденені азайтады Неміс вирусологы омикрон штамының адам ағзасындағы антидене мөлшерін едәуір азайтатынын айтады.

«Дәрігерлер оның үш ай ғана уақыты қалды деді» 13 декабря 2021, 14:50

Tengrinews, 13 декабря 2021 в 14:53

Алматылық 23 жастағы Диана Райқұлова қазір ауыр дертпен күресіп жатыр. Жүрегі мен өкпесін ауыстыру қажет. Ал оған қомақты қаражат керек. Tengrinews.kz тілшісі Диананың анасы Мая Төлегеновамен сөйлесіп, қызының жағдайын білді. Диана қарапайым отбасынан шыққан. Анасы дүкенде көмекші болып жұмыс істейді.

Міндетті вакцинация мен шектеу шаралары Конституцияға қарсы ма? 08 декабря 2021, 14:45

Tengrinews, 08 декабря 2021 в 14:53

Міндетті вакцинация мен шектеу шаралары Конституцияға қарсы ма?
                08 декабря 2021, 14:45
Қазақстандағы міндетті вакцинация мен коронавирус инфекциясына қарсы қолданылған санитариялық шаралар мен шектеулер туралы Конституцияда не делінген? Бұл туралы заңгер Бағдат Амандосұлы Tengrinews.kz тілшісімен сұхбаттасып, мән-жайды түсіндірді. Міндетті вакцинация ҚР Конституциясына қарсы келмей ме?

«Атасын қазақша сөйлетті». Жүрсін Ерман ДДСҰ басшысымен қалай құдандасқанын айтты 06 декабря 2021, 13:34

Tengrinews, 06 декабря 2021 в 13:43

Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман Tengrinews.kz тілшісіне Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен қалай құдандасқаны туралы айтып берді. Бұған дейін ұйым басшысы қазақ ақынын құттықтағанын жазған едік. Ақын ДДСҰ басшысымен құда екенін растады.

Қазақтар бала көтере алмай жүрген келіншекке қандай ырым жасаған? 23 ноября 2021, 13:45

Tengrinews, 23 ноября 2021 в 13:53

Қазақтар бала көтере алмай жүрген келіншекке қандай ырым жасаған?
                23 ноября 2021, 13:45
Қазақта ұлтабар деген ырым бар. Жаңа түскен келінге немесе көптен балалы бола алмай жүрген келіншекке малдың белгілі бір мүшесін жегізеді. Таяуда Желіде сол дәстүрге ұқсас видео тарады. Этнограф Болат Бопайұлы Tengrinews.kz тілшісіне осы ырым туралы айтып берді. Маманның айтуынша, қазақтың ежелгі дәстүрінде, табақ тарту салтында да «Келін табақ» деген жоралғы бар.

Қазақ баланы неге қырқынан шығарады? 18 ноября 2021, 10:39

Tengrinews, 18 ноября 2021 в 10:43

Қазақ баланы неге қырқынан шығарады?
                18 ноября 2021, 10:39
Қазақ баланы неге қырқынан шығарады? Бұл дәстүр қайдан шыққан? Этнограф Болат Бопайұлы Tengrinews.kz тілшісіне қазақтың бүгінге дейін жалғасын тапқан дәстүрі туралы айтып берді. Маманның айтуынша, қазақтың баланы қырқынан шығару дәстүрі өте ерте замандардан бастау алады. «Жаңа туған сәбиді 40 күн толғанда ауыл аналары жиналып, бір ақсарбас еркек тоқтыны тойға арнап шалып, мол дастархан жаяды. Ұл баланы 40 не 41 күнге, ал қыз баланы 37 не 39 күн толғанда «қырқынан шығару» ырымын өткізеді. Қыз бала ұл балаға қарағанда тез ширайды. Ұл бала баяу ширайды. Қыз бала 9 жасында, ұл бала 12 жасында балиғатқа толатыны содан», — дейді ол.

Пандемия кедей елдерге соққы болды. ДДСҰ мәлімдемелеріне шолу 17 ноября 2021, 16:54

Tengrinews, 17 ноября 2021 в 17:03

Пандемия кедей елдерге соққы болды. ДДСҰ мәлімдемелеріне шолу
                17 ноября 2021, 16:54
Коронавируспен дүниежүзі күресіп жатыр. Күн сайын оған қарсы әлемде вакцинация мәселесі көтеріледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да ескерту, сын, кеңесін айтып, ғалымдар жүргізген зерттеуінің нәтижесін бөлісіп жүр. Tengrinews.kz тілшісі пандемияның аяқталуы, ревакцинация мен оның проблемаларына қатысты айтылған мәлімдемелерге шолу жасады.

«Тістерін балғамен қаққан». Дюплесси жетімі жантүршігерлік оқиғасын әңгімеледі 17 ноября 2021, 15:04

Tengrinews, 17 ноября 2021 в 15:13

«Шешем туберкулезбен ауырды. Емге келетін жағдайда емес еді. Ал әкем қарызға белшесінен батып, үй бетін көрмеді. Оның үстіне, ол хат танымайтын, ешқашан тұрақты жұмысы болған емес. Отбасымызда бала көп болып, ата-анамыз кейде қаржылай қысылатын, бірақ ешқашан қараусыз қалған емеспіз. Сол шақтары үйімізге провинциядағы католиктер келіп, жағдайымыздың тұрақсыздығын пайдаланып, мені және әпкемді жетімдер үйіне алып кетті.

Шенеуніктер журналистердің сұрағынан қалай қашқақтайды? 17 ноября 2021, 10:36

Tengrinews, 17 ноября 2021 в 10:43

Шенеуніктер журналистердің сұрағынан қалай қашқақтайды?
                17 ноября 2021, 10:36
Шенеуніктердің брифинг кезінде айтқан әрбір сөзі қоғам арасында қызу талқыланып, кейде мемге айналып кетіп жатады. Бірі қандай да бір шенеуніктің қазақша сөйлегенін түсінбесе, енді бірі мемлекеттік қызметкердің керісінше орысша сөйлегенін түсінбей жатады. Tengrinews.kz тілшісі бұл жолы шенеуніктердің брифинг пен түрлі кездесу кезінде аңдамай айтқан сөздеріне шолу жасады.

«УЕФА-да нең бар еді?» Қазақстан жанкүйерлері ұмытқысы келетін бес матч 15 ноября 2021, 14:29

Tengrinews, 15 ноября 2021 в 14:43

Футболдан Қазақстан құрамасының жанкүйерлері сенбіде Парижде өткен ойынды тезірек ұмытқысы келетін болар. Құрамамыз әлем чемпионы Франциядан жауапсыз сегіз гол жіберді. Бұл — Қазақстан құрамасының тарихындағы ең ірі жеңіліс. Tengrinews.kz тілшісі жанкүйерлер есіне түсіргісі келмейтін ірі жеңілістер туралы баяндайды.

«Екі әлем мен үшін таласты» — сирек кездесетін дертпен 10 жыл күрескен жас қаламгер 15 ноября 2021, 11:47

Tengrinews, 15 ноября 2021 в 11:53

Алматылық Жәмиля Бахтиярқызы — жас қаламгер, журналист. Оның 21 жыл өмірінің 10 жылы аурумен күресумен өткен. Жақында ол «Бәйшешек» атты тырнақалды алғашқы кітабын жарыққа шығарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 10 жасына дейін уайым-қайғысы жоқ, еркелеп өскен қыз аяқ асты ауыр сырқаттанып қалған.

«Кез келген есікті ашсам, Берікті жоғалтып алатындай қорқыныш болды» — Қарлығаш Исламқызы отбасындағы қиын кезең туралы 13 ноября 2021, 17:00

Tengrinews, 13 ноября 2021 в 17:13

Белгілі актер, әзілкеш, көрерменге «Күлпәш» ролімен танылған Берік Тұрсынбековтің жары, актриса Қарлығаш Исламқызы «Жетінші арнадағы» «Жұлдыздың жары» жобасының қонағы болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол Жұлдыз Абдукаримоваға берген сұхбатында балалық шағы, отбасындағы қиын кезең, енесімен арадағы келеңсіздіктер болған кездер туралы әңгімеледі.

Қазақстанда пандемиядан кейін қандай мамандықтар жойылады? 12 ноября 2021, 11:23

Tengrinews, 12 ноября 2021 в 11:33

Қазақстанда пандемиядан кейін қандай мамандықтар жойылады?
                12 ноября 2021, 11:23
Қазақстанда пандемия кезеңіндегі еңбек нарығында көптеген мамандық пайда болды. Сонымен қатар, біршама саланың қажеттілігі жоғалып, өзектілігін жойды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне HeadHunter онлайн-рекрутмент компаниясының бас директоры Оксана Бричевская айтып берді. Бүкіләлемдік экономикалық форум (WEF) келесі жылы 75 миллион адам ақпараттық технологиялар мен инновацияның дамуынан жұмыссыз қалады деп болжап отыр.

«Эмоциясын жасырған адам ауруға шалдығады». Психологпен сұхбат 10 ноября 2021, 15:48

Tengrinews, 10 ноября 2021 в 15:53

Эмоциялық интеллект — адамның өзін және өзгенің эмоциясын дұрыс басқару қабілеті. Адамның жетістікке жетуі де көп жағдайда эмоциялық интелектке байланысты. Себебі айналаңмен қарым-қатынас орнату, жақсы араласып, сыйласа білу маңызды. Бұл туралы Insta-Live эфирінде Tengrinews.kz тілшісіне психолог, эмоциялық интеллект сарапшысы Ермек Нұрымов айтып берді.

Ревакцинация: қазақстандықтарға маңызды 10 сұрақтың жауабы 10 ноября 2021, 13:58

Tengrinews, 10 ноября 2021 в 14:03

Ревакцинация: қазақстандықтарға маңызды 10 сұрақтың жауабы
                10 ноября 2021, 13:58
Қазақстанда ревакцинацияға қызу дайындық жүріп жатыр. Үшінші рет вакцина салдыру не үшін қажет? Алдымен кімдерге салынады? Tengrinews.kz тілшісі ревакцинацияға қатысты маңызды 10 сұрақтың жауабын дайындады. 1. Ревакцинация не үшін қажет? Адам екпе салдырғаннан кейін оның ағзасында коронавирусқа қарсы антидене пайда болады.

Жаңа әлем чемпионы шығуы мүмкін. Қазақстандық боксшылардың алдағы ТОП-5 жекпе-жегі 09 ноября 2021, 19:06

Tengrinews, 09 ноября 2021 в 19:13

Жаңа әлем чемпионы шығуы мүмкін. Қазақстандық боксшылардың алдағы ТОП-5 жекпе-жегі
                09 ноября 2021, 19:06
Жаңа жылға дейін қазақстандық бокс жанкүйерін қызық жекпе-жектер күтіп тұр. Геннадий Головкин рингке оралады, ал Данияр Елеусінов әлем чемпионы титулына таласады. Tengrinews.kz тілшісі жыл соңына дейін қазақстандық боксшылар өткізетін үздік бес жекпе-жек туралы әңгімелейді. Кособуцкий WBC титулын сарапқа салады Аса ауыр салмақтағы қазақстандық Жан Кособуцкий (16-0, 15 КО) рингке 20 қарашада оралады.

«Лаулаған отты бағындырамыз»: 20 жыл бойы еңбектеніп жүрген балқытушы өз жұмысы жайлы ағынан жарылды

EKaraganda.kz, 08 ноября 2021 в 14:05

«Лаулаған отты бағындырамыз»: 20 жыл бойы еңбектеніп жүрген балқытушы өз жұмысы жайлы ағынан жарылды
Қайрат Егімбаев – Балқаш мыс қорыту зауытының аға балқытушысы. Ол 2001 жылы механика мамандығы бойынша техникумды тәмамдағаннан кейін бірден өндіріске келіп, балқытушы қызметіне бет бұрады.«Алғашқы күні зауытқа жаңа келгенімде арнайы жұмыс киімін беріп, цехқа апарды. Цех жұмысымен таныстырып, мұнда жұмыстың қалай жүргізілетінін түсіндіріп берген бригадир Қанат Жақыпов: «Жұмыс оңай емес, ерік-жігерді, батылдықты, талапты, табандылықты қажет етеді» деп бірден ескертті.

Қазақстан әлем чемпионатындағы жеке рекордын қайталай ала ма? 05 ноября 2021, 16:32

Tengrinews, 05 ноября 2021 в 16:43

Қазақстан әлем чемпионатындағы жеке рекордын қайталай ала ма?
                05 ноября 2021, 16:32
Бүгін бокстан әлем чемпионатының финалы басталады. Ел намысын төрт спортшы қорғап жатыр. Бүгін екі, ертең екі боксшымыз алтын медаль үшін жекпе-жекке шығады. Tengrinews.kz тілшісі қазақстандық боксшылардың қарсыластары туралы мәлімет жинап, олардың финалдағы мүмкіндігін бағалап көрді. Теміртас Жүсіпов — Вуттичай Юрачай Әлем чемпионатының финалы — 48 келіде өнер көрсетіп жатқан Теміртас Жүсіповтің карьерасындағы ең үздік жетістігі.

Адам танымастай өзгерген Зухра Хакиева отаға қанша жұмсағанын айтты 04 ноября 2021, 13:58

Tengrinews, 04 ноября 2021 в 14:03

Адам танымастай өзгерген Зухра Хакиева отаға қанша жұмсағанын айтты
                04 ноября 2021, 13:58
Кейінгі жылдары Қазақстанда пластикалық ота жасатып, сырт-келбетін өзгертетіндер бар. Зухра Хакиева 8 рет пышаққа түсіп, адам танымастай өзгерген. Ол Tengrinews.kz тілшісіне отадан кейінгі өмірін айтып берді. Зухра — Алматы қаласының тумасы, жасы 32-де. 5 жасар ұлы бар, ажырасқан. Қазір ол Қазақстандағы танымал телешоуға қатысып, болашақ жарын іздеп жүр.

Бокстан ӘЧ: Қазақстан қанша алтын медаль алады? 03 ноября 2021, 14:05

Tengrinews, 03 ноября 2021 в 14:13

Бокстан ӘЧ: Қазақстан қанша алтын медаль алады?
                03 ноября 2021, 14:05
Ертең бокстан әлем чемпионатының жартылай финалы өтеді. Ел намысын бес боксшы қорғап жатыр. Қоржында кем дегенде қола медаль бар. Tengrinews.kz тілшісі кімдерден алтын медаль күтуге болатынын сараптап көрді. Теміртас Жүсіпов 48 келіге дейінгі салмақта Жүсіпов беларусьтік Евгений Кармильчукпен жұдырықтасады.

«Денсаулықпен ойнауға болмайтынын түсіндім» — онкологияны жеңген келіншек 02 ноября 2021, 12:00

Tengrinews, 02 ноября 2021 в 12:13

Наталья Пан — онкологияны жеңе алған жандардың бірі. Оның оқиғасы біреуге мотивация, біреуге үлкен дабыл, себебі денсаулықты қазірден бастап күту керек. Келіншек жаман аурумен бес жыл күрескен. Қатерлі ісік бірінші сатыда анықталғанымен, алған емінен жөнді нәтиже болмаған соң ауруы ушығып, үшінші сатыға дейін барған.

«Мұндайды кинодан ғана көруші едік» — Пенжімде ауыл тұрғындары не дейді? 29 октября 2021, 14:23

Tengrinews, 29 октября 2021 в 14:33

28 қазанға қараған түні Алматы облысы Панфилов ауданы Пенжім аулында мектеп оқушылары арасында жанжал туды: балалар сөзге келіспей, жаға жыртысқан. Салдарынан бір бала басынан жарақат алып, ауруханаға түскен. Тағы бір адам қақтығыс кезінде зардап шеккен. Әлеуметтік желіде ұлтаралық қақтығыс басталды деген ақпарат тарап, ауыл тұрғындары қақтығысып қалды.
Показано 30 новостей из 132