Tengrinews,
20 ноября 2020
в 14:13
Оралдағы Ханкөл ауылында «жүрген елес» туралы ақпарат әлі қызу талқыланып жатыр. Қазақстандықтар бұл жаңалықты әзілге айналдырған. Желіде елес туралы түрлі мем тарады. Tengrinews.kz тілшісі Ханкөлдегі елеске қатысты тараған әзілдер туралы баяндайды. Қарашаның басында Ханкөл ауылының тұрғындары шашын жалбыратқан қыздан үрейленіп отырғанын айтқан.
Tengrinews,
18 ноября 2020
в 15:13
Біздің мәдениет пен таным, әдет-ғұрпымыз жаман ауру, қатерлі дерт, өзіне қол жұмсау, ұят қылық жасау туралы көп айтуға «жол бермейді». Алайда «жаман айтпай, жақсы жоқ» деген бар. Сондықтан қанша ауыр болса да, суицид туралы жазуға бел будық. АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығы америкалық режиссер және жазушы Лиза Кляйнның қатысуымен психикалық денсаулық пен суицидтің алдын алу тақырыбында онлайн бағдарлама ұйымдастырды.
Tengrinews,
16 ноября 2020
в 12:03
Танымал әнші Димаш Құдайберген ресейлік Muz-TV музыкалық телеарнасының бас директоры Арман Давлетяровқа сұхбат берді. Сұхбат барысында әнші бала күнгі арманы, ең алғашқы табысы және жеке өмірі туралы айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Димаш Құдайберген бала күнінен тек үлкен сахнаға шығуды армандағанын айтады.
Tengrinews,
09 ноября 2020
в 15:33
АҚШ-та президент сайлауы өтті. Оның нәтижесі бойынша Джо Байден АҚШ президенті болып сайланған болатын. Бұл қарашаның басындағы дүние жүзі талқылаған оқиға болды. Желідегілер сайлауға қатысты түрлі әзілдер таратты. Оның ішінде қазақстандықтар да бар. Тengrinews.kz тілшісі АҚШ-тағы президент сайлауына қатысты тараған қызық әзілдерді жинады.
Tengrinews,
04 ноября 2020
в 14:23
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Бақанас ауылында орнатылған Қазақ КСР Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың жаңа ескерткішіне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Алдымен облыс әкімі түсінбестік неден туындағанын айтты.«Жобаға Дінмұхамед Қонаев қоры бастамашылық жасап, демеуші болған.
inaktau.kz,
29 октября 2020
в 11:11
Даурен Аралбаев на одной из стен подъезда 41 «Б» дома в 15 микрорайоне изобразил кереге, домбру, волка и седло, передает инАктау со ссылкой на пресс-службу акима Актау.инАктауИдею художнику предложила жительница указанного дома Гулажар Коянбаевна, которая следила за его творчеством в социальных сетях.
Tengrinews,
27 октября 2020
в 12:33
Польшада Конституциялық сот 22 қазанда абортқа қатысты заңнамаға өзгерістер енгізді. Енді бұл елдің әйелдері тек зорланса, өз денсаулығы мен өміріне қауіп төнсе жүктілікті тоқтата алады. Осыған байланысты тұрғындар бес күннен бері жаппай наразылық шараларын өткізіп жатыр. Tengrinews.kz тілшісі Польшадағы жағдайды баяндайды.Бұған дейін Польшада жатырдағы баланың денсаулығында кінәрат болып, емі жоқ, өміріне қауіпті ауруы болса, әйелге түсік жасатуға рұқсат беретін.
Tengrinews,
19 октября 2020
в 13:13
Коронавирус инфекциясы ауа-тамшы жолдар арқылы тарайтыны белгілі. Алайда соңғы кездері COVID-19 азық-түлік өнімдерінің қаптамалары мен күнделікті қолданатын заттардың бетінде анықтала бастаған. Коронавирус адам ағзасынан бөлек қай жерлерде және қанша уақытқа дейін өмір сүруі мүмкін? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.
Akorda.kz (KZ),
15 октября 2020
в 14:16
Қазақстан Президенті алдымен мәдени-спорт кешеніндегі көрмені тамашалады. Мемлекет басшысына Абайдың сирек кездесетін кітаптары, «Абай әлемі» сериясы бойынша шыққан кітаптар мен филология ғылымдарының докторы, профессор, абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлының ақын шығармашылығына арналған көптомдығы ұсынылды.Сондай-ақ көрмеге Шығыс Қазақстан өнер мұражайы мен Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайының қорларындағы 18 сурет қойылды. Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы Дала алтыны» археологиялық көрмесін аралап көргеннен кейін абайтанушы ғалымдармен кездесті.Президент ұлт зиялыларымен қасиетті топырақта, тарихи маңызы зор Семейдің төрінде жүздесіп отырғанына қуанышты екенін жеткізіп, Абайдың 175 жылдық мерейтойы әлемдік пандемияға тап келсе де, ұлы баба рухы алдындағы перзенттік парызымызды адал атқаруға күш салғанымызды атап өтті.
Tengrinews,
09 октября 2020
в 11:03
Кеше, 7 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық шенеуніктерге сыйлық беруге тыйым салынатын заңға қол қойды. Заңда мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшесіне сыйға тартушының пайдасына жасаған әрекеттері үшін сыйлықтарға, материалдық сыйақыға және қызмет көрсетуге толық тыйым салынған.