Популярные темы

21 шілде: новости

  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →

Семейде кей көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Arna Press, 20 августа 2026 в 12:18

Семейде кей көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектеледі
Семей қаласындағы Мичурин және Морозов көшелерінің қиылысындағы теміржол өткелінің бетон төсемін ауыстыру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты аталған учаскеде автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі: 2026 жылғы 20 шілде сағат 22:00-ден 21 шілде сағат 06:00-ге дейін және 2026 жылғы 21 шілде сағат 22:00-ден 22 шілде сағат 06:00-ге дейін, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап. Қала әкімдігі тұрғындар мен қонақтарынан қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерді ескерулерін сұрайды.Фото: ЖИ

Жас каратэшілер халықаралық турнирлерде жүлделі орындарға ие болды

Arna Press, 06 августа 2024 в 11:38

Жас каратэшілер халықаралық турнирлерде жүлделі орындарға ие болды
29-30 маусым аралығында Астана қаласында Шинкиокушинкай Каратэден «Astana Cup 2024» халықаралық турнирі өтті. Турнирге қатысқан облысымыздың жас спортшылары үздік нәтиже көрсетіп, бір алтын, екі күміс және бір қола жеңіп алды. Турнирдің алтыны Алинұр Сағатбековке (Семей қаласының №3 мектебі) бұйырды. Іңкәр Секей (Семей қаласының №3 мектебі) және Артем Плотниковқа (Семей қаласының №10 мектебі) күміске қол жеткізсе, қола медальді Айдос Мазанбеков (Семей қаласының №49 мектебі) иеленді.

Үйлену маусымы: осы жазда мереке үшін қандай күндерді таңдамаған абзал

Arna Press, 18 июня 2024 в 20:08

Үйлену маусымы: осы жазда мереке үшін қандай күндерді таңдамаған абзал
Жаз келді, демек той маусымы да басталды. Қазақстандық нумеролог Айсұлу Ахтимова мереке үшін қай күндерді таңдамаған дұрыс екенін айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Маманның айтуынша, Меркурийдің ретроградтық кезеңдеріне үйлену тойын жоспарламаңыз. Күн жүйесіндегі ең кішкентай планетаның еркелігі кезінде абай болу керек.Айсұлу Ахимова кеңес бергендей, ең алдымен, 2024 жыл кібісе жыл екенін ескеру керек.
  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →
Показано 3 новости из 3