Популярные темы

Жас каратэшілер халықаралық турнирлерде жүлделі орындарға ие болды

Дата: 06 августа 2024 в 11:38 Категория: Новости спорта


Жас каратэшілер халықаралық турнирлерде жүлделі орындарға ие болды
Стоковые изображения от Depositphotos

29-30 маусым аралығында Астана қаласында Шинкиокушинкай Каратэден «Astana Cup 2024» халықаралық турнирі өтті. Турнирге қатысқан облысымыздың жас спортшылары үздік нәтиже көрсетіп, бір алтын, екі күміс және бір қола жеңіп алды.

Турнирдің алтыны Алинұр Сағатбековке (Семей қаласының №3 мектебі) бұйырды. Іңкәр Секей (Семей қаласының №3 мектебі) және Артем Плотниковқа (Семей қаласының №10 мектебі) күміске қол жеткізсе, қола медальді Айдос Мазанбеков (Семей қаласының №49 мектебі) иеленді.
 
Сондай-ақ, 1-2 шілде күндері Болгарияның Варна қаласында «KWU WORLD CUP – 2024» турнирі өтті. 30-ға жуык мемлекеттің 300-дей спортшысы қатысқан жарыста №27 мектептің оқушысы Нұрдос Тоқтарбек төрт жекпе-жек өткізіп, ІІ орынға ие болды.

Бұдан бөлек, 20-21 шілде Жапония астанасы Токиода өткен каратэ Шинкиокушинкайдан «THE KARATE DREAM FESTIVAL 2024 INTERNATIONAL CHAMPIONSHIP» халықаралық чемпионатында еліміздің намысын қорғаған жерлесіміз, №35 мектеп оқушысы Абзал Слямғалиев +30 кг салмақ дәрежесінде ІІ орынды иеленді. Жапониядағы жарысқа 21 елден 3 мыңнан аса спортшы қатысқанын айта кетуіміз керек. Бұл Абай облысы балаларының Жапонияда өткен Каратэ Шинкиокушинкайдан алған алғашқы жүлдесі.

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости спорта
Поделитесь новостью с друзьями