Популярные темы

өрт сөндіру: новости

Семей қаласының бір бөлігін түтін басып, тұрғындарға қолайсыздық тудырды

Arna Press, 29 декабря 2025 в 16:58

Семей қаласының бір бөлігін түтін басып, тұрғындарға қолайсыздық тудырды
28 желтоқсан күні кешкі сағат 19:00-20:00 аралығында Семей қаласындағы Энергетик шағынауданы мен Қаржаубайұлы көшесі бойын қалың қара түтін басып, өрттің өткір иісі сезілді. Arnapress тілшісі аталған аумақтан өтіп бара жатып, жағдайды көзбен көрген.Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тілшіміз өрт сөндіру қызметіне хабарласты.

Абай облысында әлеуметтік нысандарды жобалау жұмыстары жүріп жатыр

Arna Press, 18 сентября 2025 в 19:48

Абай облысында әлеуметтік нысандарды жобалау жұмыстары жүріп жатыр
Биыл құрылыс басқармасы 79 жобаны әзірлеуде. Оның 33-і меморандум аясында жүзеге асырылуда, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Өңірлік коммуникациялар қызметінеде әлеуметтік нысандарды жобалау бойынша Абай облысы құрлыс басқармасының басшысы Шыңғыс Риахановтың қатысуымен брифинг өтті.Бүгінде облыста денсаулық сақтау бағыты бойынша 21 жоба қолға алынған.

Семейде өрт сөндіру депосы ашылды

Arna Press, 11 сентября 2025 в 18:48

Семейде өрт сөндіру депосы ашылды
Бүгін Семейде жаңа өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов және төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, сала ардагерлері қатысты.Өрт сөндіру депосында 6 арнайы техникаға орын қарастырылған.

Абай облысында тағы бір өрт сөндіру бекеті ашылды

Arna Press, 25 августа 2025 в 12:58

Абай облысында тағы бір өрт сөндіру бекеті ашылды
Бородулиха ауданының Зенковка ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Зенковка ауылында ашылған өрт сөндіру бекеті 2300-ден астам тұрғыны бар жеті елді мекенді өрттен қорғауға мүмкіндік береді.Бородулиха ауданының әкімі Айдар Ибраев ғимаратты тұрғызуға мұрындық болған Поптар отбасына алғыс білдірді.

Алакөлде өрт сөндіру депосы және құтқару станциясының құрылысы басталды

Arna Press, 11 июля 2025 в 18:58

Алакөлде өрт сөндіру депосы және құтқару станциясының құрылысы басталды
Алакөл жағалауында жаңа екі нысанның құрылысы басталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Құтқару станциясының құрылуы Алакөл аймағындағы туристер мен жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жаңа нысан өрт қауіпсіздігі мен құтқару қызметтерін жедел үйлестіруге, қажетті техника мен мамандарды тартуға септігін тигізеді.Екі жобаның құрылысының басталу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов қатысып, бұл бастаманың жағалау инфрақұрылымын дамыту мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам екенін атап өтті.Сурет: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Абай облысында тағы бір өрт сөндіру бекеті ашылды

Arna Press, 09 апреля 2025 в 11:38

Абай облысында тағы бір өрт сөндіру бекеті ашылды
Бесқарағай ауданының Глуховка ауылында жаңа өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ашылу салтанатына өңірге жұмыс сапарымен келген Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр, мемлекеттік органдар мен өрт сөндіру қызметінің өкілдері, жергілікті тұрғындар, қатысты.Министр өз сөзінде елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде осындай инфрақұрылымдардың маңызы зор екенін атап өтті.

Абай облысының ТЖД автопаркі 20-дан астам жаңа техникамен толықты

Arna Press, 07 апреля 2025 в 11:18

Абай облысының ТЖД автопаркі 20-дан астам жаңа техникамен толықты
Семей қаласының орталық алаңында ТЖД-не арнайы техникалардың кілтін тапсыру рәсімі өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жаңа арнайы техникалардың кілті Қасым Қайсенов атындағы №68303 әскери бөлімінің жеке құрамына тапсырылды.Облыс құрылғалы бері өңірге 28 өрт сөндіру техникасы мен 24 инженерлі техника берілген.

Семейде колледж өртенді

Arna Press, 27 ноября 2024 в 14:48

Семейде колледж өртенді
Семей қаласындағы Морозов көшесінде колледждердің бірінде бірінші қабатта өрт шықты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Шақыру орнына жеткеннен кейін өрт сөндірушілер кабинетте жиһаз бен төбенің бөлшектері жанғанын анықтады. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін барлық студенттер мен қызметкерлер өз бетінше далаға шықты.«Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында өрт 15 шаршы метр алаңда сөндірілді.

Қарағанды облысындағы дала өрті сөндірілді

Arna Press, 09 октября 2024 в 16:18

Қарағанды облысындағы дала өрті сөндірілді
ТЖМ өкілдері Қарағанды облысының аумағындағы өрт сөндіріліп, өрттің жалпы ауданы анықталып жатқанын мәлім етті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ведомствоның ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап.«Қатты екпінді жел, таулы жерлер және өрт ошақтарына кірме жолдардың болмауы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатты» Өртті сөндіру жұмыстары жерүсті және әуе көлігімен жүргізілді.Бүгін аэровизуалды барлау жүргізілді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, жаңа өрт ошақтары байқалмайды», — делінген хабарламада.

Қарағанды және Павлодар облыстарының шекара аумағындағы табиғи өрт cөндірілді

Arna Press, 08 октября 2024 в 19:18

Қарағанды және Павлодар облыстарының шекара аумағындағы табиғи өрт cөндірілді
ТЖМ құтқарушылары Қарағанды және Павлодар облыстарының шекара аумағындағы табиғи өртті оқшаулады және сөндірді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстан ТЖМ бөлімшелері Павлодар облысының аумағындағы дала өртін сөндірді. Жағдайдың тұрақталуына байланысты Баянауыл ауданы Желтау ауылының эвакуацияланған 18 тұрғыны үйіне оралды.Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Қарағанды облысының аумағындағы өрт оқшауланды, өрттің ауданы анықталып жатыр. Қатты екпінді жел, рельефті таулы және батпақты жерлер және өрт ошақтарына кірме жолдардың болмауы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатты.«Қазіргі уақытта Қарағанды облысының аумағындағы өрт ошақтары сөндіру жұмыстары жерүсті және әуе көлігімен жүргізу жұмыстары жалғастырылып жатыр. Қарағанды облысының Айыр және Атантай елді мекендері ауданындағы өртті сөндіруге 2 жауынгерлік учаске анықталды. ҚР ТЖМ Командалық орталығы мен облыстардың ТЖД жедел штабтар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр», — делінген хабарламадаҚазіргі уақытта өрт сөндіру жұмыстарына 557 адам мен 88 бірлік техника, 6 ұшқышсыз ұшу аппараты, ҚР ТЖМ және ІІМ ҰҰ 4 әуе кемесі жұмылдырылып жатыр.Өртті сөндіруге Қарағанды, Ақмола, Абай облыстарының, Астана қаласының құтқару топтары, ТЖМ 52859, 68303 әскери бөлімдерінің және жергілікті атқарушы органдар қатысуда.«Әуе кемелері өрт ошақтарына барлығы 87 рет 102-ден астам тонна көлемінде су төкті.

Қарағанды облысында дала өртін сөндірген ТЖМ қызметкері қаза болды

Arna Press, 07 октября 2024 в 13:18

Қарағанды облысында дала өртін сөндірген ТЖМ қызметкері қаза болды
Қарқаралы ауданындағы дала өртін сөндіру барысында өз қызметтік міндетін атқару кезінде аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Хали Хайрат қаза тапты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.6 қазанда Қарағанды облысында Қарқаралы ауданындағы дала өртін сөндіру барысында өз қызметтік міндетін атқару кезінде 24-өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы 1991 жылы туған Хали Хайрат қаза тапты.

Еліміздің төрт облысында өрт сөндірілді: балалар құтқарылды

Arna Press, 13 июня 2024 в 12:08

Еліміздің төрт облысында өрт сөндірілді: балалар құтқарылды
Еліміздің төрт облысында өрт сөндірушілер жалынды жойды. Оқиғалардың бірінде үш бала құтқарылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.ҚР ТЖМ мәліметінше, Ақтау қаласының көппәтерлі тұрғын үйлерінің бірінде 1 ш.м. алаңда тұрмыстық заттардың жануы орын алды. Өрт сөндіру бөлімдері келгенге дейін жергілікті тұрғындар өз күшімен өртті сөндірді.

Атырау облысында жолда шетелдіктер мінген көлік өртенді

Arna Press, 08 июня 2024 в 19:38

Атырау облысында жолда шетелдіктер мінген көлік өртенді
Құтқарушылар Атырау облысындағы тас жолда өртенген автокөлікке көмекке келді. Онда шетелдің үш азамат болған, олар дәрігерлерге тапсырылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасапОқыс оқиға Мақат ауданында болған.Атырау-Ақтөбе республикалық маңыздағы тас жолдың 31 шақырымында жеңіл автокөлік өртенді.«Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері Өзбекстанның үш азаматын өрттен құтқарды.

Абай облысында республикалық оқу-жаттығу өтті

Arna Press, 16 мая 2024 в 20:28

Абай облысында республикалық оқу-жаттығу өтті
Елімізде «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.15-16 мамыр аралығында барлық өңірлерде «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Республикалық штаб Абай облысының «Семей Орманы МОТР» РММ Бородулиха филиалының аумағында орналасты.

Семейде «Бобровка» мен «Мұрат» саяжайында қайта кооператив құрылады

Arna Press, 11 марта 2024 в 20:38

Семейде
Семейдегі «Бобровка» мен «Мұрат» саяжайына қатысты бір-шама шу болғаны белгілі. Сотта іс қозғалып, кейіннен саяжай қаланың Бас жоспарына енді деді. Бүгін қала әкімі тұрғындармен кездесуде, қайта кооператив құрылатынын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Кездесуге келген саяжай тұрғындарының көкейінде бір-неше сұрақ жүрді.

Семейде тағы да сауда үйі өртенді

Arna Press, 19 февраля 2024 в 15:38

Семейде тағы да сауда үйі өртенді
Семей қаласының сауда үйінде өрт шықты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бүгін 13:51 «101» пультіне «Бирюса» сауда үйінде өрт болғандығы туралы хабарлама түсті. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келгенде қатты түтін байқалды.«Барлау буыны дереу құрылып, нысанды зерттеуге кірісті.Барлау барысында аспалы төбенің жанып тұрғаны және қатты түтін бар екендігі анықталды», — делінген хабарламада.Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өртті жоюға жеке құрамның 16 адамы, 4 бірлік техника жұмылдырылды.Өрт 14 сағат 26 минутта оқшауланды. Өрттің алдын ала ауданы 15 ш. м. құрайды.Өрттің себебі анықталуда.Сурет: Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі

Семейде ең үлкен сауда үйіндегі өртті сөндіруге арнайы пойыз тартылды

Arna Press, 06 февраля 2024 в 10:48

Семейде ең үлкен сауда үйіндегі өртті сөндіруге арнайы пойыз тартылды
Белгілі болғандай, өрт туралы хабарлама түңгі 02:29-да түсті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Өрт сөндірушілер келгенде эскалатор ауданындағы бірінші қабатта және 2 қабаттағы бутиктер жанып жатты.Қазіргі уақтта өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.Өрттің себебі мен алдын ала алаңы анықталуда. Қазіргі уақытта өртті жоюға жеке құрамның 349 адамы, 47 техника және 1 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды.Сурет: Абай облысы ТЖД

Абай облысында тағы бір өрт сөндіру бекеті ашылды

Arna Press, 13 ноября 2023 в 19:08

Абай облысында тағы бір өрт сөндіру бекеті ашылды
Бородулиха ауданы Новопокровка ауылында жаңа өрт сөндіру бекетінің ғимараты салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Автокөлік паркін жаңарту қосымша өрт сөндіру бекеттерін құру және шалғай елді мекендерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

СҚО өрт сөндірушісі екі вагонды сүйреді

Arna Press, 25 октября 2023 в 17:08

СҚО өрт сөндірушісі екі вагонды сүйреді
СҚО-да өрт сөндіруші 23 тонналық хоппрды сүйреді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Республика күні қарсаңында СҚО ТЖД өрт сөндіру қызметі өрт сөндірушілердің ерекше физикалық мүмкіндіктерін көрсетуге арналған челленджге бастамашы болды. «28 жастағы өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі, азаматтық қорғау сержанты Парсахан Алдияров сүйреу кабелін вагонға тіркеп, 23 тонналық хоппрді жалғыз сүйреді!» — деп жазылған ведомствоның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Семейлік құтқарушы төтенше жағдай кезінде қалай жұмыс істегендерін айтып берді

Arna Press, 19 октября 2023 в 11:28

Семейлік құтқарушы төтенше жағдай кезінде қалай жұмыс істегендерін айтып берді
Олжас Мұхтаров Абай облысы ТЖД 1-ші Мамандандылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы. Кәсіби мерекенің қарсаңында Arnapress.kz тілшісіне жұмысының қызығы мен ерекшелігі жайлы айтып берді.Олжас Мұхтаров бұл салаға 2015 жылы келді. Әскер қатарында азаматтық борышын өтеп келген жігіт, полиция қызметкері боламын деген арман қуып құжаттарын жинай бастаған.

Абай облысының құтқарушыларына арнайы техниканың кілті табыс етілді

Arna Press, 18 октября 2023 в 16:38

Абай облысының құтқарушыларына арнайы техниканың кілті табыс етілді
ҚР Құтқарушылар күні қарсаңында Абай облысындағы төтенше жағдайлар гарнизонына 19 жаңа автокөліктің кілтін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Техника республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен сатып алынды.Жаңа көліктер адам өмірі мен мүлкін сақтап қалуға қажетті заманауи өрт сөндіру, жедел медициналық, байланыс және навигациялық құралдармен, жоғары тиімді өрт сөндіру жүйелерімен жабдықталған.

Жыл басынан бері Абай облысында 182 орман өрті тіркелді

Arna Press, 29 сентября 2023 в 11:58

Жыл басынан бері Абай облысында 182 орман өрті тіркелді
1 млрд 350 мың теңгеден аса шығын келтірілген. Биыл «Семей орманы» табиғи резерватындағы болған ауқымды өрттен кейін азаматтық қорғаныс пен жергілікті полиция қауіпсіздікті күшейткен, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мамандар 15 мобильдік топ құрып, 360 рет рейд ұйымдастырды.

Жетісудағы балалар лагерінде шизофрениямен ауыратын дәрігер жұмыс істеген

Arna Press, 16 августа 2023 в 14:28

Жетісудағы балалар лагерінде шизофрениямен ауыратын дәрігер жұмыс істеген
Жетісу облысының прокуратурасы 9 балалар лагерінің қызметіне тексеру жүргізді, олардың жағдайы заң талаптарына сәйкес келмеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Сонымен қатар, «Қарлығаш» лагерінде (Көксу ауданы) санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға қайшы, балаларға арналған азық-түлік ветеринариялық-санитарлық сараптама және қауіпсіздік сертификаттарынсыз сатып алынған.«Балаларға арналған күнделікті тамақтану нормалары сақталмаған.

Алматыда көпқабатты тұрғын үй өртеніп, бас сауғалаған адамдар терезеден секірді

Arna Press, 01 августа 2023 в 22:48

Алматыда көпқабатты тұрғын үй өртеніп, бас сауғалаған адамдар терезеден секірді
Видеодан кейбір адамдардың жанып жатқан ғимараттың терезелерінен секіргенін көруге болады. Ал тағы біреулер балаларын лақтыруға мәжбүр, оларды төмендегі топ адам кілемнің көмегімен қағып алуда, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 тамызда сағат 17:10-да Алматы қалалық ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәрежедегі дабыл белгісі бойынша Алатау ауданы, Ақкент ықшам ауданы, 54 үй мекен-жайына аттанды.Оқиға орнына 6 минутта жеткен өрт сөндірушілер 16 қабатты тұрғын үйдің бесінші қабаттағы пәтерлері ашық отқа оранғанын анықтады.

Абай облысында өрт сөндіру техникасы 30%-ға ескірген

Arna Press, 20 июля 2023 в 16:08

Абай облысында өрт сөндіру техникасы 30%-ға ескірген
Бүгін Семей қаласына жұмыс сапарымен ТЖ министрі Сырым Шәріпханов келіп, халықпен кездесу өткізді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Министрдің Семейге сапары халықпен кездесуден басталды. Бір сағатқа созылған баяндамасы жалпы еліміз бойынша атқаралып жатқан жұмыс және өңірдегі жедел жағдай туралы болды.«Облыс бойынша оқиғалардың басым бөлігін тұрмыстық және өндірістік өрттер құрайды, бұл шамамен 90%.

Ақсуатта битум жанып, ауыл қара түтінге оралды

Arna Press, 03 июля 2023 в 17:08

Ақсуатта битум жанып, ауыл қара түтінге оралды
3 шілде күні «101» пультіне Ақсуат ауданы Шыбынды ауылында асфальт зауытында битум жанып жатқаны туралы хабарлама түсті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері дереу жолға шықты.Келгеннен кейін өрт сөндірушілер зауыт аумағында битумды 3 бөшке өртеніп жатқанын анықтады.

Семейлік өрт сөндіруші күнделікті қызметін видеоға түсіріп танылды

Arna Press, 26 июня 2023 в 01:08

Семейлік өрт сөндіруші күнделікті қызметін видеоға түсіріп танылды
Бородулиха ауданында ауқымды өрт кезінде жаңбыр сұрап, дүға жасап отырған өрт сөндірушінің суреті әлеуметтік желіде лезде тараған еді. Arnapress.kz тілшісі сол суретте бейнеленген қызметкерді тауып, сұхбаттасып қайтты.Елдос Нұртазаев азаматтық қорғаныс саласында қызмет еткеніне бір-неше жыл болды. Аудандық өрт сөндіру бөлімінде қызметін бастаған жігіт, бүгінде Семей қаласы №7 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы.

Шемонаихада жанармай құю станциясында жарылыс болды

Arna Press, 22 июня 2023 в 16:58

Шемонаихада жанармай құю станциясында жарылыс болды
22 маусымда Шемонаиха қаласы Украинская көшесіндегі газ баллондарына жанармай құю станциясында болған жарылыс салдарынан өрт шықты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Өрттен 5 бірлік техника жойылды.Сағат 14:44-те өрт оқшауланды. Термиялық күйік алған 2 адам ауруханаға жеткізілді.

ТЖМ: «Абай облысының елді мекендеріне қауіп жоқ»

Arna Press, 12 июня 2023 в 13:08

ТЖМ:
Минералдандырылған жолақтар жасау жұмыстары қолжетімділігі қиын болуына байланысты тоқтатылды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Елді мекендерге қауіп жоқ.Өртті сөндіру жұмыстары басталғалы бері өрт ошақтарына әуеден 777 рет жалпы көлемі 2000 астам тонна су төгілді.Талица ауылына қарай тараған өрт дала аумағына шығып, сөндірілді.
Показано 30 новостей из 34