Arna Press,
15 января 2025
в 12:28
Облыста жыл басынан бері полиция қызметкерлері 1681 жол қозғалысы ережесін бұзу фактісін анықтады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оның ішінде 23 жағдай көлікті мас күйде басқарумен байланысты (ҚР ӘҚБтК 608-бабы). Соңғы құқық бұзушылық Абай ауданында тіркелді.
Arna Press,
05 декабря 2024
в 13:38
Бұл туралы соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.Семей қалалық соты жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін жолдағы шұңқырдан зардап шеккен көлік иесіне келтірілген зиянды өтеуге міндеттеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Оқиға жолда пайда болған шұңқырға соқтығысу салдарынан орын алған.
Arna Press,
23 июля 2024
в 16:48
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ұлттық мұнай-газ компаниясы мұнай өнімдерін сатуды шектеу бөлігінде өзінің үстем жағдайын теріс пайдаланғаны үшін 500 миллион теңгеден астам айыппұл салды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) прокуратура органдарымен бірлесіп «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (бұдан әрі – Акционерлік қоғам) қатысты 2023 жылдың өткен кезеңінде монополияға қарсы заңнаманың сақталуына тексеру жүргізді.Тексеру қорытындысы бойынша Акционерлік қоғамның іс-әрекеттерінде мұнай өнімдерін өткізуді шектеу бөлігінде өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану фактілері анықталды.Осылайша, Акционерлік қоғам 2023 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында мұнай өнімдерін сатуға берілген өтінімдерді елемеді, ал кейбір жағдайларда мұнай өнімдерін өткізу мүмкіндігі бар болған жағдайда жеке сатып алушылармен мұнай өнімдерінің көлемін қысқарту жолымен кемсітушілік жағдайлар жасады.Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Департамент ҚР ӘҚБтК 159-бабының 3-1-бөлігі бойынша Акционерлік қоғамға қатысты әкімшілік іс қозғады.Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 27 маусымдағы қаулысымен қоғам 539,4 млн теңге сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Бүгінгі күні айыппұл толық көлемде төленді.Сурет: Zakon.kz
Arna Press,
29 января 2024
в 19:48
Тұрғындардың көптеген шағымдары бойынша прокуратура облыс әкімдігімен және уәкілетті органдармен бірлесіп, «Семей.Мурат.Доверие» және ПКСЛ «Бобровка» саяжай кооперативтерінің қызметін тексерді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Тексеру барысында соңғысының тиісті тіркеусіз және рұқсатсыз монополиялық қызметті жүзеге асырғаны, электр энергиясына жоғарылатылған тарифтер белгілегені, электр желілерін жалға алғаны үшін негізсіз төлем алғаны және т.б. құқық бұзушылықтар анықталды.«Осылайша, кооперативтер электр энергиясын өндіруші болып табылмайтындықтан, энергия өндіруші компаниядан 1 кВт-қа 14,202 теңге сатып алып, оны жоғарылатылған тариф бойынша (1 кВт үшін 18 теңге, яғни 4 теңгеге қымбат) 8,5 мыңнан астам тұрғындарына сатты.
Arna Press,
11 ноября 2023
в 18:38
Абай облысында ОЛХ.kz интернет-дүкенінде діни заттарды сатқан азаматтар жауапкершілікке тартылған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Облыстық Қоғамдық даму басқармасы Дін істері бөлімі мамандарының айтуы бойынша «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР заңы осы бағыттағы әдебиет пен атрибутиканы сатуға қатысты бірқатар нормаларды көздейді.