Популярные темы

қмдб: новости

  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →

Бас мүфти айт мерекесін ұлттық дәстүрмен өткізуді ұсынды

Arna Press, 19 мая 2026 в 13:28

Бас мүфти айт мерекесін ұлттық дәстүрмен өткізуді ұсынды
Құрбан айт мерекесін ұлттық дәстүрмен ұштастыра атап өтуге шақырған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордада өткен баспасөз мәслихатында барша жамағатқа үндеу жасады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бас мүфти өз сөзінде жыл басында дін қызметкерлеріне жолданған Бағдарлық баяндамада Құрбан айт пен Ораза айтты қоғамдық деңгейде, дәстүрімізге сай атап өтудің маңыздылығы айтылғанын жеткізді.Оның айтуынша, айт күндері еліміз бойынша «Құрбан айт — ұлық мереке» тақырыбында кең көлемді іс-шаралар ұйымдастырылады.

ҚМДБ мас күйінде көлік жүргізіп ұсталған Қостанай облысының имамына қатысты мәлімдеме жасады

Arna Press, 25 июля 2024 в 15:08

ҚМДБ мас күйінде көлік жүргізіп ұсталған Қостанай облысының имамына қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) бүгін, 2024 жылғы 25 шілдеде мас күйінде көлік жүргізіп отырғанда ұсталған Қостанай облысының бас имамы Бақытбек Тәжімбетке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Әлеуметтік желілерде Қостанай облысының имамы Бахытбек Тәжімбеттің 2024 жылдың 23 шілдесінде Ақмола облысының Бурабай кентінде автокөлігін масаң күйде жүргізіп, жол ережесін бұзғаны туралы ақпарат тарады.Діни басқарманың қызмет жүйесінде заң нормаларын және дін қызметкері этикасын өрескел бұзатын жеке тұлғалардың діни салада жұмыс істеуіне моральдық тұрғыдан құқығы жоқ. ҚМДБ дін қызметкеріне лайықсыз әрекет жасаған Бахытбек Тәжімбетті Қостанай облысының бас имамы қызметінен босатты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы болған оқиғаны үлкен өкінішпен қабылдап, еліміздегі мұсылман жамағатынан кешірім сұрайды.

ҚМДБ: Биыл пітір мөлшері 640 теңге болып белгіленді

Arna Press, 05 марта 2024 в 21:58

ҚМДБ: Биыл пітір мөлшері 640 теңге болып белгіленді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде биылғы пітір садақасының мөлшері 640 теңге болып белгіленді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды.
  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →
Показано 3 новости из 3