Arna Press,
21 мая 2026
в 15:48
Мәжіліс депутаттары әскери қызметшілердің құқықтық жағдайын жетілдіруге бағытталған бірқатар заңнамалық түзетулерді қолдады. Жаңа өзгерістер қорғаныс және әскери қызмет саласындағы әлеуметтік кепілдіктерді кеңейтуді көздейді, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Парламентінің Мәжілісіне сілтеме жасап. Атап айтқанда, төтенше жағдайларды жоюға, терроризмге қарсы операцияларға және төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге тартылатын Қарулы Күштер мен Шекара қызметі әскери қызметшілеріне үш есе мөлшерде ақшалай төлем белгілеу ұсынылды.
Arna Press,
28 января 2026
в 15:48
Қорғаныс министрлігі жыл басынан бері Қарулы Күштер қатарында орын алған әскери қызметшілердің қазасына байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Arnapress.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Министрлік басшылығы қаза болған әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, бұл жағдайлардың аса ауыр екенін атап өтті.
Магнолия,
31 января 2024
в 12:08
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТУРАЛЫ ҚР ЗАҢЫМЕН КӨЗДЕЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МӘРТЕБЕСІ. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi — қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру — Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы. Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар: Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға; Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға; қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi. (4-бап) Орыс тiлiн қолдану.