Популярные темы

шығыс қазақстан облысы: новости

  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →

Семейдегі «Заря» жағажайы жаңа кейіпке енеді

Arna Press, 21 апреля 2026 в 17:38

Семейдегі
Облыс әкімі Берік Уәли қалаға жұмыс сапары барысында сол жағалауда орналасқан «Заря» жағажайына барып, оның қазіргі жай-күйімен танысты, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Семей қаласында жаз мезгілінде тұрғындар жиі баратын үш негізгі жағажай бар. Олар — «Заря», «Затон» және «Пристань» жағажайлары.

Семейлік грек-рим күрес жүлдегері: «Финалда бар күш-жігерімді жұмсадым»

Arna Press, 27 февраля 2026 в 15:38

Семейлік грек-рим күрес жүлдегері: “Финалда бар күш-жігерімді жұмсадым”
2026 жылдың 21 ақпаны мен 2 наурызы аралығында Астана қаласында грек-рим, әйелдер және еркін күрестен U17 және U20 жас ерекшеліктері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Аrnapress.kz.Аталған жарыста өңіріміздің намысын қорғаған Тайгулина Махаббат әйелдер күресінен 76 келі салмақ дәрежесінде белдесіп, жоғары нәтиже көрсетіп, күміс жүлдеге ие болды.

ШҚО әкімінің бірінші орынбасарына қатысты тергеу басталды

Arna Press, 18 февраля 2026 в 12:48

ШҚО әкімінің бірінші орынбасарына қатысты тергеу басталды
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын растады деп хабарлайды Аrnapress.kz Тенгринюсқа сілтеме жасап.«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды», – деп хабарлады комитет өкілдері.Жақсылық Омарға нақты қандай күдік тағылғаны әзірге нақтыланбады.

Семейде Маңғыстау облысы сыйға тартқан Достық үйінің құрылысын бастады

Arna Press, 13 августа 2025 в 16:58

Семейде Маңғыстау облысы сыйға тартқан Достық үйінің құрылысын бастады
Семейде Абайдың 180 жылдығының мерейтойы аясындағы алғашқы нысанның құрылысы басталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Маңғыстау облысы Семей қаласына Достық үйін салып бермек. Нысанның іргетасын қалау рәсіміне облыс әкімі Берік Уәли, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбаев бастаған делегация қатысты.Жаңа нысан 75 мың тұрғынға арналған «Semey Smart City» шағын ауданында бой көтереді.

Ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы.

Магнолия, 19 мая 2025 в 20:08

Ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы.
Қазақ халқының мәңгілік пір тұтатын адамы, ағартушы ұлы ақыны – Абай. Абай Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, қазіргі Абай ауданында дүниеге келді. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы беделді би, ірі қайраткер, анасы Ұлжан сабырлы, парасатты, сөзге шешен адам болған. Әжесі Зере Абайға терең тәрбие беріп, көптеген халық аңыздарын үйреткен.

Абай облысы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды

Arna Press, 18 марта 2025 в 13:28

Абай облысы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды
Абай облысы әкімінің баспасөз хатшысы болып Азамат Қасым тағайындалды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қасымов Азамат Әбілұлы 1985 жылы Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қаласындағы «Алматы ақшамы» газетінде тілші болып бастаған.2009-2017 жылдары – «Шығыс Ақпарат» ҚМК қарасты Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінде тілші, шолушы, руханият бөлімінің меңгерушісі, бас редактордың орынбасары.2017-2020 жылдары — республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі.2020-2021 жылдары — «Қазақстан» РТРК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы филиалының қазақ редакциясының шеф-редакторы.2021-2022 жылдары — республикалық «Айқын» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі.2022-2024 жылдары — «Хабар агенттігі» АҚ Шығыс Қазақстан және Абай облыстарындағы меншікті тілшісі.2024-2025 жылдары — Абай облысы әкімінің кеңесшісі.Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Өскемен қаласында батырлық танытқан полицейдің құрметіне кадет сыныбы ашылды

Arna Press, 13 марта 2025 в 12:48

Өскемен қаласында батырлық танытқан полицейдің құрметіне кадет сыныбы ашылды
Өскемен қаласындағы №47 орта мектепте «Жас сақшы» жас кадеттер сыныбының салтанатты ашылуы өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ол 7 «В» сыныбынан құралып, қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан полиция капитаны Мұрымбаев Жалелхан Слямханұлының есімімен аталды.Салтанатты іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Манапов Серік Тоқтарханұлы, ІІО ардагерлер кеңесінің өкілдері, қаза тапқан офицердің туыстары, оның жары мен әкесінің жолын жалғастырған және қазіргі уақытта полиция қатарында қызмет ететін ұлы, сондай-ақ оқушылардың ата-аналары мен мектеп ұжымы қатысты.Өз сөзінде полиция полковнигі Серік Тоқтарханұлы жас кадеттерді маңызды мерекемен құттықтап, олардың таңдаған жолының маңыздылығын атап өтті:«Бүгін сіздер Отанға қызмет ету және құқықтық тәртіпті қорғау дәстүрінің бір бөлігіне айналып отырсыздар.

ШҚО-да полиция 5000-нан астам бір реттік есірткі дозасының таратылуына тосқауыл қойды

Arna Press, 12 марта 2025 в 11:48

ШҚО-да полиция 5000-нан астам бір реттік есірткі дозасының таратылуына тосқауыл қойды
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы облыстық прокуратураның үйлестіруімен каннабис тобына жататын есірткі құралдарының ірі жеткізу арнасын ұйымдастырған Өскемен қаласының тұрғыны ұсталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде аталған азаматтың қала аумағында тыйым салынған заттарды сатумен айналысқаны белгілі болды.

Болашақ дәрігерлер «Жайдарман-2024» ойындарының вице-чемпионы атанды

Arna Press, 25 ноября 2024 в 15:59

Болашақ дәрігерлер
Жалынды жастардың басын қосқан республикалық «Жайдарман» әзілқойлар мен тапқырлар сайысының финалы өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.2024 жылғы ойындарының вице-чемпионы Абай облысының «Қыздарский» командасы атанды. Бұл олардың алғашқы жетістіктері емес. Команда осыған дейін 2023 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімі кубогының иегері, Семей қалалық лигасы және Ертіс Номад лигасының чемпионы атанған еді.«Қыздарский» жайдарманшылар тобы Семей медицина университетінде оқитын студенттерден құралды.

Қазақстанның барлық өңірлерінің балалары мен жасөспірімдері вейпингке қарсы

Arna Press, 13 ноября 2024 в 19:38

Қазақстанның барлық өңірлерінің  балалары мен жасөспірімдері вейпингке қарсы
Ағымдағы жылдың 1-25 қазан аралығында ғылыми танымдық www.ziyatker.org сайтында қашықтықтан өткізілген «Вейпсіз жастық шақ» республикалық эссе байқауының қорытындысы шығарылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісіБайқаудың мақсаты-өскелең ұрпақтың вейпингтің денсаулыққа зияндылығы туралы хабардарлығын арттыру.

Абай облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Arna Press, 11 ноября 2024 в 15:48

Абай облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Айбек Самат Абай облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы болып тағайындалды — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Самат Айбек Төлегенұлы 1987 жылы 16 қарашада Семей облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келген.

Қазақстанда күнбағыс майы арзандады

Arna Press, 02 мая 2024 в 12:58

Қазақстанда күнбағыс майы арзандады
Қазақстанда күнбағыс майы арзандады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша, елімізде 194,4 мың тонна өсімдік майы өндірілген, бұл бір жыл бұрынғыдан 13,4 пайызға артық.Өңірлер бойынша ең көп өнім көлемі дәстүрлі түрде Шығыс Қазақстан облысына тиесілі.

Ел өңірлеріндегі Бала құқықтары жөніндегі уәкілдердің телефон нөмірлері жарияланды

Arna Press, 25 марта 2024 в 15:38

Ел өңірлеріндегі Бала құқықтары жөніндегі уәкілдердің телефон нөмірлері жарияланды
Ел өңірлеріндегі Бала құқықтары жөніндегі уәкілдердің телефон нөмірлері жарияланды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бала құқықтары жөніндегі аймақтық уәкілдер балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен басқа да ұйымдардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағымдарды қараумен айналысады.Көмек керек болған жағдайда әрбір аймаққа арналған телефон нөмірлерін пайдалануға немесе Instagram-дағы жекесіне жазуға болады.АстанаАсима Бимендина+7 708 166 94 93 bala.ombudsman.astana.kz АлматыДиана Ерлан+7 771 770 51 11diana.yerlanШымкентЖанетта Жазықбаева+7 701 203 41 84zhazykbayeva_zhannetaАлматы облысыАйгүл Есімбекова+7 701 786 18 49childrens.ombudsmanАқмола облысы Асем Асаинова+7 705 519 36 15asainova_asemАқтөбе облысыНұржәмилә Төлеуова+7 778 505 80 48bala_gorgau_aktobe_Абай облысы Эльзира Жүнісова+7 777 21З 75 00elzira_ zhunusovaАтырау облысыАйжан Сәрсембаева+7 701 352 51 35Жамбыл облысыДәурен Бағжанов+7 747 187 76 47daurenbagjanovШығыс Қазақстан облысыАксана Каленова+7 705 661 41 21aksana_kalenovaКарағанды облысыИрина Киселева+7 701 444 39 74bala_qorgau_uakili_krgБатыс Қазақстан облысыЖанат Нұрмағамбетова+7 701 789 95 48Қызылорда облысы Жапырақ Ұзақбаева+7 702 782 57 17zhapyrak_uzakbaeva_73Қостанай облысыНесібелі Басенова+7 701 778 35 35zhso.kstПавлодар облысыНаталья Покидова+7 775 359 34 60natalyapokidova79Солтүстік Қазақстан облысыСәуле Сұрағанова+7 705 320 60 63suraganovasauleТүркістан облысыДинара Егембердиева+7 702 720 17 00dinaraassilЖетісу облысы Райхан Сисекенова+7 701 938 94 96bala.zhetysu.tdkҰлытау облысы Гүлмира Жаппасова+7 776 976 76 00bala_qorgau_uakili_ulytauМаңғыстау облысы Тілектес Болатбаева+7 701 463 33 09amankos_tlektesСурет: Zakon.kz

Қазақстанның қай өңірінде етті көп жейді

Arna Press, 14 марта 2024 в 12:18

Қазақстанның қай өңірінде етті көп жейді
Бюроның мәліметі бойынша, азық-түлікті сатып алуға жұмсалған шығындардың ең көп үлесі өткен кезеңдердегідей ет және ет өнімдеріне – 17,4%, нан өнімдері мен жарма өнімдеріне – 8%, сүт өнімдеріне – 5,4% келеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл ретте басқарма нан және жарма өнімдерін ең көп тұтынатындар Түркістан облысында – 44,1 кг (жан басына шаққандағы тоқсан), ет және ет өнімдері Жамбыл облысында – 25,8 кг, балық өнімдері облыста жиі кездесетінін атап өтті.

Қазақстанда қандай жолдар уақытша жабық

Arna Press, 15 января 2024 в 11:48

Қазақстанда қандай жолдар уақытша жабық
Қазақстанда жол қозғалысына шектеу енгізілді, ол тоғыз облыстағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 22 учаскесіне қатысты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Абай облысы бойынша – бір учаске1. «Омбы-Майқапшағай» км. 910-1002, уч. Қалбатау ауылы — Көкпекті ауылы. – 92 км.(Қар, боран, көру мүмкіндігі шектеулі, көктайғақ).Шектеу көліктердің барлық түрлеріне қатыстыАқмола облысы – жеті учаске1.

Семейде бір жағажайды бөле алмай отыр

Arna Press, 12 июля 2023 в 18:28

Семейде бір жағажайды бөле алмай отыр
Өткен жылы Ертістің оң жағалауындағы жағажайды өз күшімен жабдықтаған Ержан Амарханов, бүгінде қала әкімдігі аталған демалыс орнын тартып алғысы келетінін айтады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Өткен жылы қала тұрғыны Ертістің жағасына өз қаражатына құм әкеліп, күннен қоғайтын шатыр орнатты.

Қазақстанда үш облыстың шекарасы белгіленді

Arna Press, 11 июля 2023 в 18:28

Қазақстанда үш облыстың шекарасы белгіленді
Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының шекаралары өзгертіліп, Абай облысының шекаралары белгіленді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Атап айтқанда,мына облыстардың шекаралары өзгертілді:Шығыс Қазақстан облысы әкімшілік-аумақтық бірліктерді – Семей және Курчатов қалаларын, Ақсуат ауданы, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті және Үржар облыстарын алып тастай отырып, жалпы ауданы 18536,6 мың га Абай облысына берілді;Жалпы ауданы 11 000 га әкімшілік-аумақтық бірлік – Курчатов қаласын алып тастау арқылы Павлодар облысы.Сонымен бірге, жалпы ауданы 18547,6 мың га болатын Абай ауданының шекарасы әкімшілік-аумақтық бірліктерді қосу арқылы өзгерді.

ШҚО-да 6 мыңнан астам автокөлік заңдастырылды

Arna Press, 10 июля 2023 в 19:28

ШҚО-да 6 мыңнан астам автокөлік заңдастырылды
Шығыс Қазақстан облысы бойынша 6 000-нан астам автокөлік тіркелген, оның 1300-і «автоқұрылғы» ретінде тіркелген, яғни Қазақстанға қосалқы бөлшектер түрімен әкелінген, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.1 шілдеден бастап заңдастырудың белгіленген мерзімдеріне сәйкес өтінімдерді қабылдау тоқтатылды.
  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →
Показано 18 новостей из 18