Arna Press,
12 мая 2026
в 15:08
Семей қаласындағы аулалардың бірінде қоғамдық тәртіпті бұзған ер адамның жеке басы анықталды, деп хабарлайды полиция департаментіне сілтеме жасаған Arnapress.kz Оқиға 10 мамырға қараған түні болған. Полиция мәліметінше, 34 жастағы қала тұрғыны тұрғын үй маңында отшашу атып, тұрғындардың тыныштығын бұзған.
Arna Press,
12 мая 2026
в 13:08
Абай облысында 2015 жылы Ресей Федерациясының аумағында жасалған аса ауыр қылмысқа қатысты тергеу толық аяқталды, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап. Тоғыз жыл бойы жүргізілген ауқымды іздестіру және тергеу жұмыстарының нәтижесінде қылмысқа қатысы бар барлық күдіктілер анықталып, жауапкершілікке тартылды.Тергеу мәліметінше, төрт адам алдын ала сөз байласып, қымбат автокөлікті сатып алу сылтауымен оның иесімен кездескен.
Arna Press,
04 мая 2026
в 12:18
Павлодар облысында криминалдық полиция қызметкерлері заңсыз көші-қонның жасырын арнасын анықтап, оның жолын кесті, деп хабарлайды Arnapress.kz Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. Арнайы операция барысында мемлекеттік шекара арқылы адамдарды заңсыз транзитпен өткізу әрекеті тоқтатылды.Жедел іс-шаралар нәтижесінде көрші мемлекеттің азаматы ұсталды.
Arna Press,
04 мая 2026
в 12:18
Алматы халықаралық әуежайында ірі көлемдегі есірткі тасымалының жолы тоқтатылды, деп хабарлайды Arnapress.kz Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Бангкоктан келген рейсті тексеру барысында шамамен 11 келі гашиш майы тәркіленген.Жедел-іздестіру шаралары кезінде полиция қызметкерлері ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, Бангкок–Алматы бағыты бойынша ұшып келген 20 жастағы шетел азаматын ұстады.
Arna Press,
28 апреля 2026
в 17:58
Семей қаласы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 27 сәуір күні сағат 21:30 шамасында қала орталығында қызметтік тексеру жүргізді, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаменті баспасөзіне сілтеме жасап. Тексеру барысында ВАЗ-21099 маркалы автокөлік тоқтатылып, көлікте заңсыз ауланған 18 келі балық тасымалданғаны анықталды.Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға, ау құралдарын қолдануға және өзге де заңсыз әрекеттерге қатаң тыйым салынады. Құқық қорғау органдары табиғи ресурстарды қорғауды басты міндет ретінде айқындап, азаматтарды заң талаптарын сақтауға шақырады.Абай облысы Полиция департаменті тұрғындарға табиғатқа ұқыпты қарау – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін ескертеді.
Arna Press,
20 апреля 2026
в 13:38
Абай облысының аумағында 16 сәуір мен 30 мамыр аралығында табиғи су ресурстарын қорғау, балық қорын сақтау және экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Нерест» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап. Аталған шара аясында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері рейдтік бақылау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Arna Press,
18 апреля 2026
в 17:48
Павлодар облысында медицина қызметкерлеріне күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.Оқиғаға қатысы бар үш күдікті ұсталды: олардың екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалса, үшіншісі арнайы палатаға жатқызылып, полицияның бақылауына алынды.Оқиға 12 сәуір күні таңертең Екібастұз қалалық ауруханасының травмпунктінде болған.
Arna Press,
03 апреля 2026
в 13:58
Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданындағы Бозша ауылы «Ішімдіксіз ауыл» бастамасына қосылып, өңірде алкоголь өнімдерін сатудан толықтай бас тартқан 26-шы елді мекенге айналды, деп хабарлайды Arnapress.kz polisia.kz сілтеме жасап.Бұл бастама ауыл тұрғындарының бірауыздан қолдауына ие болды. Игі ұсынысты алғаш болып ауыл жастары көтеріп, оны ақсақалдар мен қарияларға жеткізген.
Arna Press,
02 апреля 2026
в 17:48
Семей қаласында Абай облысы полиция департаментінің қызметкерлеріне жаңа қызметтік автокөліктердің кілтін тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімі баспасөзіне сілтеме жасап.Іс-шараға облыс әкімі Берік Уәли мен полиция департаментінің бастығы Эльдар Данияров қатысты.Жергілікті атқарушы органдар тарапынан құқық қорғау саласының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында бөлінген қаражат есебінен полиция қызметіне KIA Cerato, Hyundai Elantra, JAC және Chevrolet Cobalt маркалы 137 жаңа автокөлік берілді.
Arna Press,
01 апреля 2026
в 11:38
Абай облысында заңсыз алкоголь өнімдерін өндірумен айналысқан жасырын цехтың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Arnapress.kz Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ведомство мәліметінше, ҚМА Абай облысы бойынша департаменті облыс прокуратурасының үйлестіруімен және Семей қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп, арнайы операция жүргізген.Тергеу нұсқасына сәйкес, Семей қаласының тұрғыны тиісті лицензиясыз алкоголь өндіруді ұйымдастырған.
Arna Press,
30 марта 2026
в 17:08
Патрульдік полиция қызметкерлері Молдағалиев көшесі бойында күмән тудырған электрвелосипед жүргізушісін тексеру барысында 42 жастағы азаматтан алкоголь иісі сезіліп, оның мінез-құлқынан масаңдық белгілері байқалған, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап.Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша жүргізушінің жеңіл дәрежеде мас күйде болғаны анықталды.
Arna Press,
30 марта 2026
в 13:28
26–28 наурыз аралығында Абай облысында балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ерекше профилактикалық іс-шара — «Демалыс» ұйымдастырылды, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасапМектеп каникулы — әр бала үшін қуанышты, алайда кейде қауіпті кезең.
Arna Press,
18 марта 2026
в 16:18
Семей қаласында полиция қызметкерлері сот шешімін орындамаған борышкерді жедел түрде анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасапҚалалық полиция басқармасына жеке сот орындаушысынан 900 мың теңге көлеміндегі қарызды өтеу туралы сот шешімін орындамаған азаматты іздеуге қатысты қаулы түскен.Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер бір тәулік ішінде 27 жастағы қала тұрғынын анықтады.
Arna Press,
17 марта 2026
в 17:28
Семей қаласында полиция қызметкерлері 35 жастағы тұрғынның мүлкін ұрлады деген күдікпен екі жергілікті азаматты қолға түсірді. 21 және 22 жастағы күдіктілер еркін қолжетімділікті пайдаланып, Toyota Estima маркалы автокөліктің кузовынан кабельді жасырын түрде алып кеткені анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап.Алдын ала мәлімет бойынша, келтірілген материалдық шығын көлемі 500 мың теңгені құрайды.
Arna Press,
17 марта 2026
в 16:18
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Конституциясына және «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған Аrnapress.kz хабарлайды.Жарлықтың мәтіні Ақорда сайтында жарияланды.«2026 жылғы 15 наурыздағы республикалық референдумда Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:1.
Arna Press,
17 марта 2026
в 11:48
Павлодар облысында есірткіге қарсы жүргізілген арнайы операция нәтижесінде ірі көлемдегі тыйым салынған заттар тәркіленді, деп хабарлайды Arnapress.kz Павлодар полиция департаменті баспасөзіне сілтеме жасапОблыс прокуратурасының үйлестіруімен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ақсу қаласында күдіктіні қолға түсірді.Жедел-іздестіру шаралары барысында ер адамның тұрғылықты жеріне тінту жүргізіліп, шамамен 11 келі өсімдік тектес есірткі заты табылған.
Arna Press,
16 марта 2026
в 16:18
Абай облысында жұмысқа орналастыру сылтауымен несие рәсімдеген алаяқтық фактісі анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасапАягөз ауданының 41 жастағы тұрғыны танысына сенім артқаннан кейін күтпеген жерден 499 850 теңге көлемінде қарызға ұшырады.Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2025 жылғы қарашада Жетісу облысының 39 жастағы тұрғыны жұмысқа орналастыруға көмектесемін деп уәде беріп, жәбірленушінің телефоны арқылы оның атына онлайн-несие рәсімдеген.Өз атына несие рәсімделгенін әйел кейін білді.
Arna Press,
04 марта 2026
в 17:29
Таяу Шығыс елдерінен тағы 314 адам елге оралды, деп хабарлайды Аrnapress.kz ҚР КМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасапВедомствоның мәліметінше, SCAT әуекомпаниясы Boeing 767 ұшағымен Алматы — Маскат — Алматы бағыты бойынша DV5361 рейсін орындаған. Нәтижесінде 314 адам Қазақстанға жеткізілген, оның ішінде балалар да бар.«Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдар мен әуекомпанияларының үйлестіруімен жалғасып жатыр», — делінген хабарламада.Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Air Astana әуекомпаниясы Медина мен Жиддадан бірнеше рейс орындап, 640 адамды елге жеткізген болатын.Сондай-ақ Flydubai әуекомпаниясы Дубайдан Астана мен Алматыға екі эвакуациялық рейс орындап, нәтижесінде 306 азамат Қазақстанға оралды.Фото: жасанды интеллект арқылы
Arna Press,
04 марта 2026
в 16:18
Семей қаласында Senat Open турнирінің 1/8 финалы аясында атқарушы күштер мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында шахматтан тартысты сайыс өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz.Аталған жоба 2026 жылдың 7 ақпаны мен 1 сәуірі аралығында ҚР Парламенті санатының бастамасымен және Қазақстан шахмат федерациясы қолдауымен ұйымдастырылып жатқан республикалық турнир.
Arna Press,
23 января 2026
в 16:00
«Абай Жастары» бағдарламасы арқылы 30 үміткер пәтер алуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Arnapress.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Семей қаласында 2022 жылдан бері 35 жасқа дейінгі жастарға арналған «Абай Жастары» өңірлік тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Аталған бастама өңір жастарын әлеуметтік қолдауға және тұрғын үйге қолжетімділікті арттыруға бағытталған.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Семей қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Маржан Мақсутхан мәлімдеді.Оның айтуынша, бағдарламаның басты артықшылықтарының бірі — жастарға арналған жеңілдетілген қаржылық шарттардың ұсынылуы.
Arna Press,
19 августа 2025
в 18:48
Қазақстанда қыркүйектен бастап мобильді аударымдарды тексерудің жаңа ережелері күшіне енеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Биыл үш ай ішінде 1 миллион теңгеден асатын шек енгізіледі. Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтардың қандай жағдайларда жасаған аударымдары кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс ретінде саналатынын түсіндірді.Мобильді аударымдарға қатысты жаңа шек кімдерге әсер етеді?Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәліметінше, егер бір адам 3 ай ішінде өзінің банк шотына әртүрлі адамнан 100-ден астам аударым алса, бұл кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс болып есептеледі.Бұл ретте 100 түрлі тұлғадан түскен соманың мөлшері ең төменгі жалақының (ЕТЖ) 12 еселенген мөлшерінен асуы тиіс.
Arna Press,
18 августа 2025
в 20:28
Абай облысында «Қарызсыз қоғам 2.0» жобасы іске асырылуда, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жиынға облыстық басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдері онлайн қатысты. Бұл бағдарлама қарызын 90 күннен аса уақыт өтей алмай жүрген азаматтарға көмектесуге арналған.
Arna Press,
14 июля 2025
в 20:48
Абай облысында тазалық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында заманауи технологиялар белсенді түрде қолданылуда, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ағымдағы жылдың басынан бастап Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы елді мекендер мен қалалар аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзудың 4974 дерегі тіркелді.Ең көп құқықбұзушылықтар тұрғындар тарапынан тұрмыстық қоқысты, құрылыс қалдықтарын, жиһаз бұйымдарын рұқсат етілмеген жерлерге – көпқабатты үйлердің аулаларына, жол жиегіне, қоқыс алаңдарына тастауға байланысты анықталуда.
Vera.kz,
16 июня 2025
в 00:09
vera.kz хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстандағы толық циклді жалғыз тоқыма фабрикасы миллиардтаған қарызбен және жұмысшыларсыз қалды.Цехтарда иіру және тоқу машиналарының даусы мүлде естілмейді – жым-жырт, ал станоктардың жанында жұмыс жасап жатқан жұмысшылардың орнында – ғимарат ішін мекендеген көгершіндер. Қазіргі таңда Оңтүстіктегі толық циклді жалғыз тоқыма фабрикасы «Azala Textile»-дің көрінісі осындай.БОЛАШАҚ ПЕН АҚИҚАТФабрика 2012 жылы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылды.
Arna Press,
09 июня 2025
в 21:18
Семейде жаңа медициналық-әлеуметтік мекемесінің іргетасы қаланды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы құрылыс басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Абай облысының әкімі Берік Уәли Қазақстан Республикасының Бас прокурорымен бірге 100 орынға арналған психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекеменің құрылыс алаңына барып, іргетасын қалау рәсіміне қатысты.Ғимарат прокуратура органдары мемлекетке қайтарған активтер есебінен бой көтеруде.
Магнолия,
02 июня 2025
в 12:38
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілердің әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларын сақтау туралы семинар өткізді. Семинарда заңнаманың сақталуын бақылау, талап – арыз және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы — Әдеп жөніндегі уәкілетті тұлға С.Ж.Мағзымбекова «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне және Әдеп жөніндегі уәкілдер туралы ережеге сәйкес мемлекеттік қызметшілер мерекелік демалыс күндері қарсаңында Әдеп кодексін сақтауы, мемлекеттік қызметшілер қоғамдық орындарда мас күйінде болу, адамның қадір-қасиетін қорлау, заңнаманы бұзу, айналасындағылардың құқығы мен қауіпсіздігіне қол сұғу сияқты теріс мінез-құлық жағдайларына жол бермеуі, әрбір мемлекеттік қызметші жұмыстан тыс уақытта өзінің іс-әрекеті мен мінез-құлқы үшін жауап беретінін, ал кез-келген жағдайда этикалық қағидаттарды сақтау қоғамның мемлекеттік қызметке деген жоғары сенімінің негізі болып табылатынын есте ұстауы тиіс екендігі туралы атап өтті.
Магнолия,
29 мая 2025
в 15:28
Қазіргі заманда елімізде нашақорлыққа қарсы қылмыс ең күрделі мәселе болып табылады. Нашақорлық — қоғамды толғандыратын ең өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі, ал ең қауіпті қылмыстардың бірі-есірткі заттарын сату. Өйткені қоғамымызда бұл зиянды затқа құмарлық танытушылар саны күн санап көбеюде. Адам денсаулығын құртып, сананы улайтын аталмаш затқа әсіресе жастар мен жас балалардың әуес болуы үлкен алаңдаушылық туғызады. «Есірткі» (наркотик) — сөзі гректің «narkotikos» сөзінен шыққан, яғни «елітетін», «мас ететін» деген мағынаны білдіреді.
Магнолия,
30 апреля 2025
в 18:18
Конституция, Ата Заң – Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы. Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады. Кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұратын Конституция еліміз егемендік алғаннан бергі көптеген құқықтық нормаларды: халықтық егемендік, мемлекет тәуелсіздігі, билікті бөлісу принципі, қазақ тілін мемлекеттік деп тану, президентті мемлекет басшысы деп тану, сот органдарын – Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқаларды қамтыды.
Магнолия,
30 апреля 2025
в 18:18
«Тілсіз ұлт, тілінен айрылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ». Ақын-публицист, ағартушы Мағжан Жұмабаевтың бұл сөзі әрбір қазақтың тілге деген жанашырлығы мен құрметін оятуы керек. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оның қолдану аясын кеңейту мәселелері еліміздің тәуелсіздік алған күнінен бастап көтеріліп келеді. Қазіргі уақытта республикамызда мемлекеттік тіл қолданысының дамуын табысты іске асырудың қүқықтық негіздері қалыптасып, оның дамуы мен нығаюына бағытталған біршама заңдар мен қаулылар қабылданғаны белгілі.
Arna Press,
17 апреля 2025
в 14:58
Абай облысында есірткі қылмыстарының алдын алуға бағытталған жаңа кеңес құрылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Полиция департаментінің бастамасымен ұйымдастырылған алғашқы отырыс осы саладағы жаңа бағыттарды айқындап, қоғамдық күштерді жұмылдыруды мақсат етті.Кеңестің құрамы қоғамда ықпалы бар түрлі саланың өкілдерінен жасақталған.