SportInfo,
10 июня 2026
в 11:46
«Касперский зертханасы» FIFA 2026 Футбол әлемі чемпионатының қарсаңында онлайн-алаяқтықтың жаңа толқыны туралы ескертеді. Зиянкестер жалған сайттар жасап, алдамшы хаттар таратуда — бұл үшін олар турнир төңірегіндегі ахуалды пайдаланып, әр елден ынталы болашақтарды аулауға тырысады. Kaspersky GReAT сарапшыларының зерттеуі көрсеткендей, тіпті чемпионат өтетін елдердің бірінде тегін Wi-Fi желісіне қосылудың өзі жеке деректерді жоғалтуға әкелуі мүмкін.
Arna Press,
29 мая 2026
в 13:28
Абай облысында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін 65 нысанның құрылысы толық аяқталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов Аягөз ауданы тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.Жалпы еліміз бойынша 813 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілсе, оның 655-і ұлттық жоба аясында жүзеге асырылған.
Arna Press,
22 мая 2026
в 12:48
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданының Ұштаған ауылында дүниеге келген садақшы Рима Қайырғалиқызымен Arnapress.kz тілшісі сұхбаттасып, бұл спортқа қалай келгенін, өмір жолымен танысты.Ол бүгінде қазақ қыздарының қайсарлығы мен табандылығын дәлелдеп жүрген жас спортшылардың бірі. Табиғатпен біте қайнасқан ауыл өмірі, ұлттық рух пен қарапайым тәрбие оның мінезін ерте қалыптастырды. Әбіш Кекілбайұлы білім алған мектептен түлеп ұшқан Рима кейін Ш.Есенов атындағы университетте білім алып, өз жолын спортпен байланыстырған.
Arna Press,
20 мая 2026
в 17:48
Сот мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 28 сәуірге қараған түні болған. Жеке күзет ұйымы күзететін, қауіпті өндірістік нысан саналатын алтын өндіруші кәсіпорын аумағына 20 азамат заңсыз кірген, деп хабарлайды Arnapress.kz Жамбыл облысы соттарының ресми Telegram арнасында сілтеме жасап. Іс Мойынқұм аудандық сотында қаралып, барлық құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындаған.
Arna Press,
19 мая 2026
в 18:58
Семейдегі Қарағайлы шағын ауданында жаңа тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Бүгін облыс әкімі Берік Уәли қаладағы құрылыс нысандарын аралау барысында аталған ықшам ауданда салынып жатқан көпқабатты үйлердің жұмысымен танысты.Қазіргі таңда мұнда 13 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Arna Press,
08 мая 2026
в 11:28
7 мамыр күні кешкі сағат 20:30 шамасында Өскемен қаласындағы Карбышев көшесінде орналасқан аспалы жаяу жүргіншілер көпірінде төтенше жағдай болды, деп хабарлайды Arnapress.kz әкімдікке сілтеме жасап. Оқиға кезінде көпір үстінде сегіз адам, оның ішінде төрт жасөспірім болған. Оқиға орнына жедел түрде құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметі жеткен.
Arna Press,
28 апреля 2026
в 17:58
Абай облысының әкімі Берік Уәли Бородулиха ауданына жұмыс сапары барысында Белағаш ауылында салынып жатқан 100 орындық ауылдық клубтың құрылысымен танысты, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Нысан құрылысы 2023 жылы басталған. Қазіргі таңда жұмыстардың 90 пайызы аяқталған.
Arna Press,
18 апреля 2026
в 17:48
Бүгін Семей қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің іргетасын қалау рәсімі өтті, деп хабарлады Arnapress.kz Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Салтанатты шараға Абай облысының әкімі Берік Уәли мен «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов қатысты.Аймақ басшысы өз сөзінде бұл жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Абайға құрмет» акциясы аясында қолға алынғанын атап өтті.
Arna Press,
18 апреля 2026
в 17:48
Семей қаласының сол жағалауындағы Степной кентінде үшінші жылу электр орталығының (ЖЭО-3) құрылысы басталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жобамен танысу мақсатында Абай облысына «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов жұмыс сапарымен келіп, облыс әкімі Берік Уәлимен бірге құрылыс алаңын аралады.Жаңа нысанның құрылысы бойынша 2025 жылдың қазан айында ҚР Энергетика министрлігі мен «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес ұйымы — «Семей Энерго» ЖШС арасында келісімшарт жасалған. Қазіргі таңда жобаның алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп, EPC-келісімшарт негізінде жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда.Жобаның қуаты 405 МВт электр энергиясын және 1000 Гкал/сағ жылу энергиясын өндіруге есептелген.
Arna Press,
18 апреля 2026
в 17:48
Абай облысының әкімі Берік Уәлинің тапсырмасына сәйкес, Семей қаласының әкімі Әділет Қожамжаров сол жағалауда орналасқан бірқатар сауда нысандарын аралады, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап. Атап айтқанда, қала басшысы «Жаңа базар», «Океан», «Мереке» және «Южный» сауда үйлерінде болып, кәсіпкерлермен және нысан жетекшілерімен кездесу өткізді.Кездесу барысында аталған сауда орындарының санитарлық талаптарға толық сәйкес келмейтіні анықталды.
Arna Press,
18 апреля 2026
в 17:48
14 сәуір күні Семей қаласындағы Мичурина 177 мекенжайында орналасқан Tassay моншасында өрт шыққан еді. Оқиға орнына Arnapress.kz тілшісі барып, нысанды көріп қайтты.Ағаштан салынған монша ғимараты түгелге жуық өртеніп, үстіңгі қабатқа шығу мүмкін болмай қалған. Құлаған ағаш құрылымдар мен қап-қара күйе нысан ішін толық басқан. Ішкі бөлмелерде адамдардың киімдері мен азық-түлік қалдықтары да байқалады.Монша әкімшілігінің мәліметі бойынша, өрттің шығуына моншадағы жылыту қазандығының шамадан тыс қызуы себеп болуы мүмкін.«14 сәуір 23:30-да моншаның котёлі қатты қызу себебінен өрт пайда болған.
Arna Press,
31 марта 2026
в 15:38
Қазақстанда жеке емшара кабинеттеріне жүргізілген тексеру жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасаған Arnapress.kz хабарлады.Ведомство мәліметінше, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті жүргізген мониторинг барысында ел бойынша 1900 жеке емшара кабинеті тексерілген.
Arna Press,
26 марта 2026
в 13:18
Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» мекемесі Қарағанды облысындағы Самарқанд су қоймасында, Ақтөбе облысындағы Қарғалы су қоймасында және Абай облысындағы Қаракөл су қоймасында шағын су электр станцияларын (СЭС) салу бойынша жобалау-сметалық құжат әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап. Қазіргі уақытта үш жоба да мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр.
EKaraganda.kz,
23 марта 2026
в 14:16
Бұл өңірде Наурыз дәстүрлі элементтердің жай ғана жиынтығы ретінде емес, өткен мен болашақ бір-біріне қарсы қойылмай, керісінше өзара сабақтасып, бірін-бірі толықтыратын тұтас мағыналық жүйе ретінде көрініс тапты. Осы тұрғыдан алғанда, Наурыз – жеке адам үшін де, отбасы үшін де, тұтас қоғам үшін де жаңару кезеңі.
Arna Press,
20 марта 2026
в 18:48
Абай облысының Курчатов қаласында салынып жатқан ғимараттың қабырғасы құлап, қайғылы жағдай орын алды. Алдын ала мәлімет бойынша, нысан заңсыз тұрғызылған әрі тиісті құжаттары болмаған, деп хабарлайды Arnapress.kz.Оқиға салдарынан екі адамның қаза табуына байланысты құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Arna Press,
20 марта 2026
в 15:28
Семей қаласында салынып жатқан жаңа көпір құрылысы барысында анықталған жарықшақтар мен бірқатар құқық бұзушылықтар бойынша ресми түсініктеме берілді, деп хабарлайды Arnapress.kzБұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Абай облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ басшысы Сайлауғалы Байназаров тілшілердің сұрақтарына жауап беру барысында айтты.«Қараша айында біз мониторгинг жүргізген болатынбыз.
Arna Press,
26 февраля 2026
в 18:08
Бейбітшілік аралында («Өлімнен де күшті» монументінің жанында) «Абайға құрмет» акциясы аясында Солтүстік Қазақстан облысы өңірімізге тарту еткен Рәміздер алаңының капсуласын салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz.Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли қатысып, аталған жобаның маңызына тоқталды.
Arna Press,
25 февраля 2026
в 13:08
Семей қаласы тұрғындарынан, әсіресе жылыту маусымында, аулада және көшеде ыс пен күйенің көбейіп, кейде таза ауада тыныстаудың қиындайтыны туралы шағымдар жиі түседі. Осы мәселеге қатысты Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Раджан Сейтқанов жауап берді деп хабарлайды Arnapress.kz«Өздеріңізге белгілі, қаламыздағы қазандықтарды аралап шықтық.
SportInfo,
13 февраля 2026
в 18:26
Үндістан астанасы Делиде өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатының шешуші жарыс күні Қазақстан қоржынына алтын және күміс жүлделер түсті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Спортты дамыту дирекциясы сілтеме жасап хабарлайды. Кіші калибрлі винтовкамен 50 метрден жатып оқ атуда Ұлттық құрама спортшысы Елизавета Безрукова алтыннан алқа тақты.
Arna Press,
23 января 2026
в 16:38
Абай облысының медициналық ұйымдары биыл қыркүйек айына дейін 100 жаңа санитарлық автокөліктермен қамтамасыз етіледі. Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы жедел медициналық жәрдем станциясына алғашқы 10 автокөліктің кілтін табыстады деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жалпы техникалардың тозу деңгейі 90%-дан асқандықтан, облыстық бюджет пен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» арқылы Hyundai, JAC және «Газель» маркалы 100 көлік лизинг арқылы сатып алынды.
SportInfo,
19 декабря 2025
в 10:46
Петропавлда күрделі жөндеуден кейін теннис орталығы ашылды. Енді нысан халықаралық талаптарға толық сай келеді. Оның ашылу рәсіміне Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев пен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚТФ баспасөз қызметі сілтеме жасап хабарлайды.
SportInfo,
09 октября 2025
в 11:36
Бүгін Әзірбайжанда III ТМД елдері ойындары мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Жеті қалада қатар өткен кешенді жарыста Қазақстан құрамасының спортшылары 10 алтын, 24 күміс, 48 қола (барлығы 82) медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 5-орыннан көрінді.
Arna Press,
04 октября 2025
в 15:48
Аягөзде 10 төсектік реанимация бөлімшесі салынды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Аудандық аурухана 1976 жылы пайдалануға берілген. Медициналық нысан 220 төсек-орындық стационарымен және ауданға қарасты емдеу мекемелерімен халыққа қызмет көрсетіп отыр.
Arna Press,
11 сентября 2025
в 18:48
Бүгін Семейде жаңа өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов және төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, сала ардагерлері қатысты.Өрт сөндіру депосында 6 арнайы техникаға орын қарастырылған.
Arna Press,
13 августа 2025
в 16:58
Семейде Абайдың 180 жылдығының мерейтойы аясындағы алғашқы нысанның құрылысы басталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Маңғыстау облысы Семей қаласына Достық үйін салып бермек. Нысанның іргетасын қалау рәсіміне облыс әкімі Берік Уәли, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбаев бастаған делегация қатысты.Жаңа нысан 75 мың тұрғынға арналған «Semey Smart City» шағын ауданында бой көтереді.
Arna Press,
11 июля 2025
в 19:58
Облыс әкімі Берік Уәли Курчатов қаласындағы бірнеше нысанды аралап, құрылыс және қалпына келтіру жұмыстарын көрді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Аймақ басшысы әуелі Школьная көшесі, 2 мекенжайында орналасқан, қайта қалпына келтіріліп жатқан көпқабатты тұрғын үйге барды.
Arna Press,
11 июля 2025
в 18:58
Алакөл жағалауында жаңа екі нысанның құрылысы басталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Құтқару станциясының құрылуы Алакөл аймағындағы туристер мен жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жаңа нысан өрт қауіпсіздігі мен құтқару қызметтерін жедел үйлестіруге, қажетті техника мен мамандарды тартуға септігін тигізеді.Екі жобаның құрылысының басталу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов қатысып, бұл бастаманың жағалау инфрақұрылымын дамыту мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам екенін атап өтті.Сурет: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі
Arna Press,
13 июня 2025
в 12:28
Абай облысының әкімі Берік Уәли жұмыс сапарымен Бесқарағай ауданына барып, туризм және ауыл шаруашылығы саласында жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалармен танысты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Аймақ басшысы әуелі Глуховка ауылдық округі аумағындағы «Маклапов » жеке кәсіпкерлігінде болды.
Arna Press,
09 июня 2025
в 21:18
Семейде жаңа медициналық-әлеуметтік мекемесінің іргетасы қаланды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы құрылыс басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Абай облысының әкімі Берік Уәли Қазақстан Республикасының Бас прокурорымен бірге 100 орынға арналған психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекеменің құрылыс алаңына барып, іргетасын қалау рәсіміне қатысты.Ғимарат прокуратура органдары мемлекетке қайтарған активтер есебінен бой көтеруде.
Arna Press,
29 мая 2025
в 14:38
Семейде мүгедектігі бар жандарға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының құрылысы жүргізілуде, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұл – өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған маңызды жобалардың бірі. Жаңа мекеме 100 адамға арналған және үш қабатты заманауи ғимарат ретінде бой көтермек.Қазіргі таңда қосымша корпустың қабырғалары қалануда. Құрылысты «Капитал Stroy Kz» ЖШС жүргізуде. Ғимараттың жалпы аумағы – 6,6 мың шаршы метр.