Arna Press,
сегодня
в 10:58
Жазғы демалыс маусымында қазақстандықтар арасында көл жағалауы, теңіз курорттары мен туристік қалаларға сұраныс дәстүрлі түрде артады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚТЖ сілтеме жасап. Биыл да жолаушылар ең көп таңдаған бағыттардың қатарында Алакөл, Балқаш, Каспий теңізі жағалауы, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан және Бурабай бар.Ең танымал бағыттардың көшін Алакөл бастап тұр.
Arna Press,
01 апреля 2026
в 12:38
Жолаушылар пойызда немесе теміржол вокзалдарында жеке заттарын жиі ұмытып кетеді. Осыған байланысты Қазақстан темір жолы компаниясының баспасөз қызметі әрекет ету тәртібін еске салды, деп хабарлайды Arnapress.kzЖолаушылар тасымалы АҚ мәліметінше, мұндай жағдайда ең алдымен сабыр сақтап, нақты қадамдар жасау қажет:Егер пойыз әлі станцияда тұрса және жөнелтуге дейін 10–40 минут уақыт болса, жолаушы вагон жолсеріктеріне жүгініп, затын қайтарып ала алады.Ал пойыз жүріп кеткен жағдайда, жолаушылар арнайы байланыс арналары арқылы көмек сұрай алады.
Arna Press,
11 марта 2026
в 14:28
Семей қаласында автокөлік пен теміржол локомотивінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді деп хабарлайды Аrnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасапАбай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 11 наурыз күні шамамен сағат 03:00-де болған. Алдын ала дерекке сәйкес, 24 жастағы Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі Қаржаубайұлы көшесімен келе жатып, реттелмейтін теміржол өткелінен өтер кезде маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбей, өтіп бара жатқан локомотивпен соқтығысқан.Соқтығыс салдарынан локомотив жеңіл көлікті біраз қашықтыққа дейін сүйреп кеткен.Көліктің ішінде 19 жастағы жолаушы қыз болған.
Arna Press,
22 сентября 2025
в 19:28
Абай облысында қыркүйек айының 15-30 аралығында «Қауіпсіз жол» атты жедел-профилактикалық іс-шара өтіп жатыр, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Іс-шараның мақсаты – жол қозғалысы қатысушылары арасында тәртіпті нығайту, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жолда қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Arna Press,
14 марта 2025
в 15:28
Қазақстандықтар такси шақыру бойынша рекордты жаңартты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстанда 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында такси қызметтеріне сұраныс рекорд көрсеткішке жетті. Бұл кезеңде такси арқылы 20,6 миллион жолаушы қатынаған, бұл былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4 есе көп.Қаңтар және ақпан ерекше табысты болған, әр айда шамамен 10 миллион жолаушы тасымалданған.
Arna Press,
05 февраля 2025
в 10:58
ҚР Көлік министрлігі Ақтауда апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Embraer-190 ұшағына қатысты тергеудің алдын ала есебін жариялады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Есептегі мәлімет бойынша, Грозный әуежайына екі рет қона алмағаннан кейін экипаж Бакуге оралуды ұйғарған.
Arna Press,
24 января 2025
в 12:48
«ҚазАвтоЖол» мамандары жолда қалған 50-ге жуық көлікті құтқарды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ұйымның Абай облысындағы филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Боран саларынан облыстағы кейбір жолдар жабылды. Осы күндері жол саласының мамандары күшейтілген режимде күні-түні кезекшілік атқарып жатыр.Қар құрсауында қалған, жолдан шығып кеткен 50 ге жуық көлікті құтқарған.
Arna Press,
29 декабря 2024
в 17:18
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі 2024 жылы 29 желтоқсанда Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған Boeing 737 ұшағына қатысты жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Оңтүстік Корея билігі жариялаған алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ бортында Қазақстан азаматтары болмаған», — деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.Ұшақ бортында 181 адам болған.
Arna Press,
11 ноября 2024
в 15:48
Абай облысының полицейлері аязда жолда қалған Моңғолия жолаушыларына көмекке келді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қатты боран «Алматы – Өскемен» тас жолын жауып, Моңғолиядан Алматыға бағыт алған автобусты Аягөз қаласында аялдауға мәжбүр етті.Автобустың ішінде 23 жолаушы – 19 моңғолиялық және 4 қазақстандық, оның ішінде бір жасөспірім болды.«Қала полицейлері адамдарға «Спорт мектебінде» орналасқан жылыту пунктінде жайлы орын ұсынды, бірақ жолаушылар жолда уақытша үйге айналған автобуста қалуды жөн көрді» — делінген хабарламада.Аязда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында автобус жанында тәртіпті қадағалап, көмек көрсетуге дайын полиция бекеті орнатылды. Қиын метеорологиялық жағдайда құқық қорғау қызметкерлері жағдайға жедел әрекет етіп, адамдарға сенімділік пен қауіпсіздік сезімін ұялатты.Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі
Arna Press,
03 октября 2024
в 18:28
Бүгін сағат 08:10-да Семей-Павлодар тасжолы мен Қарағайлы ықшамауданының қиылысында мопед пен автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Алдын ала мәліметтер бойынша, 17 жастағы жүргізуші басқарған мопед алдында қозғалып бара жатқан «ВАЗ-2115» маркалы автокөлікке соқтығысқан. Қақтығыстың нәтижесінде мопед өртеніп кетті.
Arna Press,
24 января 2024
в 18:38
Көкшетауда такси жүргізушісі мас күйде жолаушыларды тасымалдаған, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.24 қаңтарда полиция патрульінің назарын Chevrolet Cobalt автокөлігі аударды, оның жүргізушісі танымал такси қосымшасының сәйкестендіру жапсырмаларына қарамастан, жолда «дрифт» жасап, қозғалыстың басқа қатысушыларының өміріне қауіп төндірді. Құжаттарды тексеру үшін полиция қызметкерлері бұл автокөлікті Уәлиханов көшесінде тоқтатты. Іс жүргізу барысында жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын ер адам мас күйде көлік жүргізгені анықталды, оны кейіннен медициналық сараптама растады.
Крыша,
10 января 2024
в 15:17
Алматыда 13 мыңнан аса лифт тіркелген. Оның 200-ге жуығының жұмыс істеп тұрғанына 25 жылдан асып кеткен. Krisha. kz жаңа лифт қанша тұратынын, оны бөліп төлеу арқылы рәсімдесе тұрғындар қанша жыл ақша төлейтінін анықтады.Жолаушы таситын жеделсаты — қымбат дүние. Оның құны өндіруші мен техникалық сипаттамасына байланысты бірнеше миллион теңгеге жетуі мүмкін.
Arna Press,
15 декабря 2023
в 20:18
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Абай облысының әкімдігі «Семей – Шар», «Ақтоғай – Аягөз» жаңа теміржол бағытын іске қосты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Семей-Шар» бағытында бір жолаушы үшін жол жүру құны 557 теңге, ал «Ақтоғай — Аягөз» бағытына 650 теңгені құрайды.
Arna Press,
05 декабря 2023
в 12:18
Bek Air әуекомпаниясының Fokker 100 ұшағының апатқа ұшырауына қатысты соталды тергеу әлі аяқталған жоқ, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Бүгінде ұшақ апатына қатысты тергеуді Ішкі істер министрлігінің Көліктегі департаменті жүргізіп жатыр.«Қазіргі уақытта Африкадағы: Сомали, Джибути, Эфиопия және Конго елдеріндегі шет мемлекеттерге құқықтық көмек көрсету туралы халықаралық тапсырмаларға жауап күтіліп отыр.
Arna Press,
01 августа 2023
в 11:38
Шілде айында Ақтөбе өңірінде 33 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 11 адам қаза тауып, 49 адам түрлі жарақат алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Апаттардың негізгі себептері – жүргізушілердің жылдамдықты асыруы, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы, жүру бөлігінде қауіпсіз қашықтықты сақтамау, қарсы бағыттағы жолаққа шығу.27 шілде сағат 14:30-да Toyota Ipsum автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласынан Ырғыз ауылына қарай келе жатып, Самара – Шымкент автожолының 994-километрінде көліктің аударылуына жол берген.
Arna Press,
05 июня 2023
в 14:28
Түркиялық әуетасымалдаушы Mavi Gök Aviation Астанадан Антальяға жаңа рейсін ашты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап. «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, алғашқы рейс 4 маусымда Boeing 737-800 ұшағында орындалды және ол 5,5 сағатқа созылды.«Ұшақты дәстүр бойынша «су аркасымен» қарсы алды.